Құдайылық идея ретінде қарастырып, «билік Құдайдан» деген тезиске сүйенеді.
Теократиялық теория шынайы дәлелдерге иеленді: алғашқы мемлекеттер діни
формаларға иеленді, құдайылық құқық мемлекеттік билікке мәртебе берсе, ал
оның шешімдеріне міндеттілікті жүктейді.
Патриархтық концепция
мемлекетті үлкен отбасы ретінде тұжырымдайды,
онда монархтың және қол астындағыларының қарым қатынастары отбасыдағы
әке мен отбасы мүшелерінің қарым қатынастарымен баламаланады. Мемлекет
тайпалардың руларға, рулардың қауымдастықтарға, кейін мемлекетке бірігуі
нәтижесінде пайда болады. Монарх өз қол астындағыларына күтім көрсету
керек, ал екіншілері билеушіге бағынуы керек. Патриархалдық теория
мемлекеті бір әкелік биліктің астына кіші жанұялардың еркін жиналуын, кіші
рулардың үлкен руларға қосылуын білдіреді. Осының негізінен оны үлкен
жанұя деп қарастырады (Р. Филмер).
XVII-XVIII ғасырларда мемлекет пайда болуының
келісімдік теориясы
пайда болады. Мемлекетті қоғамдық келісім ретінде
түсіне бастады, оған
сәйкес адамдар өзінің шынайы құқықтарын, еркіндіктерін сенімді түрде
қамтамасыз ету мақсатында мемлекетті құруға келісім береді.
Келісім концепциясы мемлекеттің пайда болуын былай дейді: ол
басқарушы мен бағынушының тәртіп және қоғам өмірінің ұйымдастыру
мақсаты мен келісім арқылы пайда болған (Т. Гоббс, Б. Спиноза, Дж. Локк т.б.).
Француз ойшылы Д. Дидроның (1713-1784) ойынша, «адамдар келісіні тез
түсінген болатын: егер олар өздерінің еркіндіктерін, тәуелсіздіктерін
қолдануды жалғастырып, өздерінің сезімдеріне берілсе, онда адамның бөлек
тұрғанына қарағанда, қоғамдағы бөлек адамның қалпы бақытсыздыққа
айналады; олар әрбір адамның өзінің шынайы тәуелсіздігінің бір бөлігімен
бөлісуі және қоғамның еркін білдіретін, сонымен қатар барлық еркіндіктердің
қосылуының орталығы мен жалпы пунктысы болатын еркіндікке бағынуы
керек екенін түсінді. Мемлекеттердің пайда болуы осылай».
Достарыңызбен бөлісу: