Дәріс 23. Саяси режим
Дәріс жоспары:
1. Саяси режимнің түсінігі, белгілері, ғылыми анықтамалары.
2. Саяси режимнің түрлері, олардың сипаттамалары:
демократиялық,
автариторлы, тоталитарлы.
1. Саяси режимнің түсінігі, белгілері, ғылыми анықтамалары.
Саяси жүйе қоғам, мемлекет және тұлға арасындағы байланысты жүзеге
асырады. Осы байланыстың әлеуметтік өмірдің басты субъектілерінің арасында
қалай және қандай тәсілдердің, құралдардың, күштердің көмегімен қандай
ұйымдасқан формада жүзеге асатыны - өте маңызды мәселе.
Бұл жағдай
қоғамды, мемлекетті, тұлғаны өзара әрекеттесуші субъектілердің жүйесі
ретінде көрсетеді. Мұндағы субъектілер дербес элементтер және олардың
арасындағы өзара әрекеттесудің өзіндік тәсілі «саяси режим» ұғымымен
белгіленеді.
Саяси әлеуметтану ғылымда саяси режим түсінігін қоғамдағы саяси өмірдің
сипатын,
еркіндік деңгейіне, билік органдарына құқықтық негіздегі қарым-
қатынасына байланысты анықтайды. Осы түсінік турғысында анықтама беруде
талас-тартыстар саяси талдауды басқа категорияларымен салыстырғанда аз
емес. Бірак көпшілік зерттеушілер саяси режимді саяси жүйе құрылымының
өзара
әрекеттестіктегі реттілігімен, саяси билік пен мақсаттарды жүзеге
асыруымен байланыстарады.
Қазіргі зерттеушілердің көбісі саяси режимді саяси жүйе құрылымының
өзара әрекеттестіктегі реттілігімен, саяси билік пен мақсаттардың жүзеге
асыруымен байланыстыруға тырысады.
Саяси режим - саяси билік арқылы орталықтан басқарылатын қоғамның
тыныс-тіршілігін
қамтамасыз ететін, біртұтас организм ретіндегі күрделі
құрылым. Отандық және шетелдік құқықтық және саяси әдебиетерде
саяси
режим түсінігіне байланысты әр түрлі көзқарастар айтылып жүр. Олардың
қатарына саяси режимді Қазақстанда зерттеген заңгерлер С.Н. Сәбікенов, С.
Зиманов,
Сапарғалиев, А.С. Ибраева, С. Табанов, Г. Сапаргалиев, Баймаханов
М.Т., Д.А. Булгакова. Ал шет елдік ғалым заңгерлер А.В. Малько, М.Н.
Марченко, Б.А. Страшун, С.С. Алексеев, В.Н.
Хропанюк және саясаткерлер
американдық ғалым Д. Истонды, американдық саясаттанушы Г. Алмондты, Т.
Парсонстың теориясын, К. Доичтың теориясын (кибернетикалық теория),
Ресейлік саясатанушылар М.Г. Анохинның, Ф.М. Бурлацкийдің, Р.А.
Матреевтың және басқалардың теорияларын жатқызуға болады.
Саяси режимнің функционалды мазмұны маңызды сұрақтарға жауап береді,
яғни қоғам саяси жүйесінің қызметтерінде ерекше орын алатын. Оны анықтауда
келесі сұрақтар туындайды:
- билікте қандай саяси күштер болады және
олар қандай механизммен
билікті жүзеге асырады;
- саяси билік қалай шынайы түрде таратылады және оның жүзеге асуын кім
бақылайды;
- қоғамда тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарына қандай жағдайда
кепілдіктер беріледі;
- қоғамда саяси оппозицияның өмір сүруіне жол беріле ме жоқ па;
- саяси билікке қол жеткізуді жүзеге асыруда қандай әдістер, тәсілдер және
құралдар қажет.
Саяси режимнің сапалық сипаттамаларын мынадан анықтауға болады: адам
құқықтары мен бостандықтарының өлшемі, мемлекеттік биліктің жүзеге асу
әдістері, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынас сипаты, саяси
шешімдерді қабылдауда қоғамның ықпал жасау мүмкіндіктерінің барлығы
немесе жоқтығы, саяси институттардың қалыптасу жолдары.
Сонымен, саяси режим деп саяси жүйедегі қолданатын саяси биліктің
жүзеге асу әдіс-тәсілдерінің жийынтығы ретінде анықтауға болады.
Нақты бір елдегі өмір сүріп отырған саяси режим түрі субъективті және
объективті жағдайларға сондай-ақ басқа да көптеген факторларға байланысты.
Сондықтан да саяси режимнің классификациясы өмірде көп кездеседі. Кең
тараған саяси әдебиеттерде классификация
- ол қоғамда демократиялық
принциптердің бірқалыпты дамуы деп көрсетіледі. Осы классификация
бойынша саяси режимнің түрі келесі көрсеткіштермен анықталады:
- саяси-қоғамдық процестердің интенсивтілігі және даму деңгейі;
- басқарушы элитаның құрылымы және оның қалыптасу механизмі;
- қоғамдағы адам құқықтары мен бостандықтарының жағдайы;
- бюрократиямен қатынас жағдайы;
- қоғамда басқарушылық лигитимді түрде болу деңгейі;
- қоғамдағы саяси санаға қозғау салатын қоғамдық-саяси дәстүрлерді
әрқилылылығы.
Осы айтылғандармен байланыстырып саяси режимнің негізгі үш түрін
ажыратады: тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық.
Достарыңызбен бөлісу: