қимылдау, әсіресе, Ұлыбритания, Германия, Скандинавия елдеріне тән. Бүл
елдерде жұмысшы табының арасында социал-демократтардың ықпалы жоғары.
Олар кәсіподақтарға идеологиялық және саяси жағынан әсер етеді.
Кәсіподақтар қамқоршы партияны күшейте түсуге және олардың үкімет
басында ұзағырақ болуына мүмкіндік жасауға тырысады. Бұл үшін олар жүмыс
берушілермен ымыраға келіп, еңбек нарқында тыныштықты сақтауға күш
салады. Мұндайды "жауапты" кәсіпорын дейді.
Үкіметке қарсы күрес жүргізуші партиялармен одақтасқан кәсіподақтар
болады. Олар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатына тікелей әсер
етпейді. Мемлекет тарапынан оларға да ешқандай көмек болмайды, мұндай
кәсіподақтарды "жауапсыз" кәсіподақтар дейді. Біздің республикамызда
кәсіподақтар мемлекеттік және қоғамдық істерді шешуге араласады.
Еңбекшілердің еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсарту, олардың
материалдық және мәдени дәрежесін арттыруға басты көңіл бөледі. Олар еңбек
және демалыс жағдайларын жүйеге келтіретін заңдар мен қаулыларды,
ұжымдық шарттарды жасауға тікелей қатысады, әлеуметтік қамсыздандыру ісін
басқарады, еңбек сақтау мен техника қауіпсіздігінің ережелері сақталуын
қадағалайды. Шаруашылық басшыларын тағайындау мен босату мәселелері
кәсіподақтармен келісіліп шешіледі.
Кәсіподақтар өз міндеттерін үш түрлі жолмен шешеді:
1) Жұмысшылардың экономикалық, әлеуметтік тұрмыс жағдайын түзетуге
арналған өкімет тарапынан жекелеген жеңілдіктердің болуы;
2) Үздіксіз ереуілге шығып, өкіметке күшпен қысым жасау;
3) Кәсіподақтардың өз көзқарасын өкіметтің саясатымен сәйкестендіріп,
мемлекет, кәсіпкерлердің өкілдерімен бірлесе отырып, өзара тиімді шешім
іздестіру.
Аталған үш жолдың ішінде қазіргі кезде пайдалысы үшінші жол деп жүр.
Мұны, әсіресе, үкімет басында социал-демократтар отырған елдерде кеңінен
қолданылады.
Қоғамдық
бірлестіктердің
көпшілігі
саяси
өмірде
белсенділік
танытқанымен, тікелей саясатқа араласа қоймайды. Шет елдерде, солардың
ішінде белдісіне қысымшы топтар жатады. Іс жүзінде олар парламент пен
үкіметке кеңес беру және оларды арнаулы нормативтік қызмет мәселелері
бойынша тиісті ақпараттармен қамтамасыз ету үшін құрылады. Қысымшы
топтар өз аттарынан сайлауға қатынаспайды. Олар мемлекеттік органдарға
идеологиялық ықпал жасаудан бастап, сатып алуға дейінгі қысым көрсетудің
алуан түрлерін пайдаланады. АҚШ-та бұларды лоббистік ұйымдар, мүдделі
топтар деп атайды. Ұлыбританияда оларды парламент агенттері дейді. Олар
көбінесе мүдделерінің ортақтығы негізінде және бұл топ пен билік
органдарының арасында болғанда пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: