практикалық іс-әрекетін анықтауға негіз болады. Олар партияның
бағдарламалары мен жарғыларында айқындалады.
Саяси жүйеде партиялар үлкен әлеуметтік жіктердің (топтардың,
таптардын, бірлестіктердің) мүддесін көздейді. Партиялардың өмір сүруінің өзі
сол жіктеудің арасында дау-жанжалдардың тууы мен оларды шешу
қажеттігінен шығады.
Поляктың белгілі саясаттанушысы А. Боднардың көрсеткеніндей, қазіргі
қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтерді атқарады:
а) қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау, тұжырымдау және
негіздеу;
ә) олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;
б) саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;
в) саяси жүйелерді, оның жалпы принциптерін, элементтерін,
кұрылымдарын қалыптастыруға қатысу және т. б.;
г) мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және оның жұмысының
бағдарламасын жасау;
д) мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;
е) қоғамдық пікірді калыптастыру;
ж) жалпы қоғамды, яки оның белгілі бір бөлігін (топты, тапты, жікті) саяси
тәрбиелеу;
и) мемлекеттің, кәсіподақтарының, қоғамдық ұйымдардың аппараты үшін
кадрлар даярлау мен ұсыну және т. т.
Достарыңызбен бөлісу: