Бекбосынова Бахыт Нурмахановна 2022 -2023 оқу жылы «Физика пәнінен ббжм -ға дайындық есептер шығару» бағдарламасы



бет2/4
Дата18.11.2022
өлшемі36,13 Kb.
#51162
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
ББЖМ 2022 Бекбосынова Б.Н.

Бағдарламаның идеясы:
Ұсынылып отырған тақырыптар 9- сынып оқушыларының
стандарт бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қайталап, нығайтуларына көмектеседі, сонымен қатар оқушылардың өздік жұмысына нұсқаулық көрсетуді қамтиды. Теориялық материалдар негізгі анықтамалар және формулаларға сүйеніп берілді. Тақырыптар сатылы түрде құрылды. Физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын, заңдардың практикалық қолданыстарын түсініп, игере білуіне көмектеседі.


Бағдаламаның мазмұны мен құрылымы
«9» класс
(Барлығы 36 сағат, аптасына 1 сағат)


  1. Кинематика негіздері (5 сағат). Механикалық қозғалыс. Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру. Дененiң еркiн түсуi, еркiн түсу үдеуi. Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар. Центрге тартқыш үдеу.

  2. Астрономия негіздері (3 сағат). Аспан сферасы, аспан координаталарының жүйесі. Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалыс заңдары.

  3. Динамика негіздері (6 сағат). Ньютонның бiрiншi заңы, инерциялық санақ жүйелерi. Механикадағы күштер. Ньютонның екiншi заңы, масса. Ньютонның үшінші заңы. Бүкiләлемдiк тартылыс заңы. Дененің салмағы, салмақсыздық.

  4. Сақталу заңдары (4 сағат). Дене импульсі және күш импульсі. Импульстің сақталу заңы. Механикалық жұмыс және энергия. Энергияның сақталу және айналу заңы.

  5. Тербелістер және толқындар (4 сағат). Тербелмелі қозғалыстың теңдеуі. Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері. Еркін және еріксіз тербелістер, резонанс. Дыбыс, дыбыстың сипаттамалары, акустикалық резонанс, жаңғырық. Электромагниттік толқындар.

  6. Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар (6 сағат). Жылулық сәуле шығару. Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы. Фотоэффект құбылысы. Рентген сәулелері. Радиоактивтілік. Резерфорд тәжірибесі, атомның құрамы.

  7. Атом ядросы (6 сағат). Ядролық өзара әрекеттесу, ядролық күштер. Массалар ақауы, атом ядросының байланыс энергиясы. Ядролық реакциялар. Радиоактивті ыдырау заңы. Ауыр ядролардың бөлінуі, тізбекті ядролық реакция. Ядролық реакторлар. Термоядролық реакциялар. Радиоизотоптар, радиациядан қорғану.



  8. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет