Бекен исабаев



бет5/8
Дата04.07.2022
өлшемі0,85 Mb.
#37470
1   2   3   4   5   6   7   8
Ойда бардан толғанып.
Кірсе ішіне оқи бер,
Бозбалалар қолға алы, - дегенімде қызып кетіп: Мұны оқыса кім танып,
Жүрегіне от жанып,
Сөзді ұғарлык жан тапса,
Айтса жарар ән салып.
Өлен жиған тырбанып,
Ән үйренген ырғалып.
Сорлы Көкбай қор болды-ау,
Осыншаданқұр қалып, - деп жіберіп еді деді.
Кемелбай:- «Көке, өзіңізге арнаған өлеңін қандай жағдайда айтыпеді Абай, айтпайсыз ба? — деді.
Көкбай: - Е, оның не жасыратыны бар, ел-жұртқа жайылған өлең ғой...
...1924 жылдан бастап Абайдың өмірбаянын жазу- шыларға жөне барлық толық жинағын кұрастыруға Көкбай зор көмек көрсетіп еді. Абайдан қалған мұраның қазақ оқушыларына толық жинақ боп құралып шығуына еңбек сіңірген кісінің бірі - Көкбай жөне «менің Абай романымдағы ірі оқиғалардьң 80 процентін Көкбай Жанатаевтан алдым. Сол үшін де Көкбай Жанатаев казақ әдебиетінің тарихында орын алуға лайықты» - дейді Мұқаң. Мұқаң 1924 жылы Абай өмірбаянын жазған, әрі Абай өлеңдерінің жинағын шығарған. Мұқаңның «Көкбай ақсақалдың айтқандарынан» дейтін Абайдың өмірбаяндық материалдары жаңағы айтқанын айғақ бо- латындай.
Абайдың ақындық лабораториясын ашатындай бір әңгімені тағы да Ыбырайша қарттан естіп ем, жаңылмасам, біреудің естелігінде де осы басылған-тын.
«Көкең бірде Абай туралы сөйлеп отырып, Абай жа- рықтық өлеңді жазбай-ақ табан астында айтса да сап алтын, өзінше айтсақ, өлең сөздің «Самородный сарыалтыны еді ғой» деп мынаны айтқан-тын. «Абай Тобықты басты адамдарын шақыртып ап, екі күн бойы қонақ үйде күтіп, жатқызды да қойды. Үшінші айналғанда, таңертен өзара күңкілдесе келе,күтіп жүрген маған: - Ой, мына Абайың сал аурудай жатқызып қойды ғой, неге шақырғанын сен білермісің, жөнін айтсаңшы!? - десті.
Мен «қымыз іше беріңдер, қазір сөйлетем» деймін. Келсем қонақтар қымызға қанып қалған сыңайлы Абай ағам көзінде көзәйнек, кітап оқып отыр.Есіктен кірген бетте өлеңдете жөнелейін:
Жүрісім, тұрысымның бәрі Абайша,
Абайдан кем боламын мен қалайша?
Аз ақыл, көп закүнім өзімде бар,
Ашылып көкірегім кең сарайша, - деп салдым. Абай көзәйнегін жұлып ап, кітабын үстел үстіне қоя сап:
Мен боламын демеңдер,
Аяқты алшаң басқанға.
Құр қарайсың еліріп,
Екі көзің аспанға.
Бір ғылымнан басқаның,
Бәрі бекер тасқанға,
Ондай адам жолығар,
Кешікпей-ақ тосқанға! - деп барып, сөйлеп кетті. Сендер зорайтып айтатын пәлен ақын, түген жы- рауларың табан астында құрақ, жамаусыз осындай тасқа ұрған дәндей ғып айтып па екен өлеңді?» - деді Көкбай».
Көкбайдың Семейге оқуға әкесінің ризалығынсыз келіп түсуі туралы сөз мәні мынадай. Көкбай әкесінің кіші әйелінен туған. Жанатайдың бәйбішесінен Жанділдә, Жәшей. Осы кісі Көкбай 14 жасқа келгенде өліп, әйелін Көкбайға қаратады. Қалжан апамыз Көкеңнің сол жеңгедей алған әйелінен туған. Жасынан отты, ақын Көкбайға әмеңгерлік жолымен өзінен көп үлкен әйелге үйлену сағы сынғандай әсер етсе керек.
Сондай-ақ, өзінен 3-4 жас үлкен Әріп жиенніңоқудан келгендегі сыр-сыпаты, білімі оның намысын оятады. Егер Көкбай «өкесінің бір ту биесін мініп, Семейге келіп, орысша оқуға түсті» деуге құмар адамдар болса, жоғарыдағы жайды да есіне алсын.
Көкеңнің жеңгесі қартайып, бері кеп өлген. Ал, оқуынбітіріп келіп, үйленген әйелі - Ералы бидің шөбересі Үмітжан Нұртаза қызы. Қарауылда 1970-80 ж. ішінде молдаболатын Ахметбек Нұртазаұлы - Үмітжан шешеміздің бауыры. Жездесі Көкеңнің қасындабоп, ескі сөзден хабарлы кісі еді.
«Көкбайон жасынан бастап, он бес жасына шейін, Төлетай дегенмолдадан оқиды. Он бес жасында оқуды тастап, бозбалалык құрып, ойын-сауық, той-думан қуып кетеді.Ән-күйге, өлең-жырға құштар, талантты жас Көкбай,домбыра тартып, ән салып, өлең айтып, ауыл арасыныңойын-сауығынан қалмайтын болады. Жас кезіненширақ, пысық, тілді, әрі тентектеу де болыпты» дейді ғалым Қайым Мұхамедханов.
Иә, Көкең осы Кәкең айтқандай жас шақтың раха- тымен жүргенде әкесі ерте үйлендіреді және жұттан өлген жылқысының орынын толтыруға әрі ел, жер көрсін, ысылсын деген болар, әр тараптағы шешен би, салауатты ел ақсақалдарына жіберген екен.

  • Әкемнің аз жылқысы (100-150-дей) жұтқа ұшы- рады да ойын-той қуып жүрген мені шақырып ап, үйсін Саршуаш биге, онан соң Мотыш Молдабайға жұмсады. Саршуаш биден айғырымен 11 қысырақ байтал айдап қайттым. Би әкем жылқысының жұтқа ұшырағанын біліп отыр екен. Сөзге келген жоқ. Өз алдына ән салғызып, домбыра тартқызды.

  • Сен ақынмын деп жүрсің ғой. Молдабай - тентек- теу кісі. Соны көңілін тапсаң жарадың. Молдабайға ба- рып келші! - деді әкем.

Молдабайға сәлем бере сап:
Өз атаң бай Жұртыбай, Сарқыз, Будан, Туыпсың Қаракөк боп екі нудан.
Желіңіз - қозы өрісі тартылыпты,
Менің әкем үш қысыр бие сауған, - дедім.
Молдабай қасына шақырып «кел, бармағымды иіске!
деп, - мен Саршуаш би бола алмаймын, бос қайтармаймын. Біздің балалармен танысып, білісіп, осында ол. Үш күннен соң келерсің» деді. Молдабай үш құлынды бие жетектетіп, өзіме бесті ат мінгізді. Бұдан кейін әкем бетімді қаққан жоқ - деген Көкең. Бай кісілерді жұрт құт қонған санаған да, ол біреуге бармағын иіскетсе, байлығымнан қарайласам дегеннің ишараты болса керек. Халқымызда «тым құрыса бап мағынды иіскет» деген сөз мәні сол шығар.
Көкбай ақын Семейдегі уездік училищені бітіргең соң, Абай қасында боп, бұл пікір бірлестігіне, екі ақынның бір-біріне іштей түсінетін достығына ұласады.
«Сол кезде Абай айналасындағы бар ақынның ішінде суырып салма, импровизацияға ең жүйрік ақын Көкбай болғаны даусыз. Сол талантты бағалап, Абай бұны өзі жазып жүрген алғашқы өлеңдеріне ие ғып шығарды» дейді Мұхтар Әуезов
Бері келгенде ақын Көкбайдың Көкше руына ықпалы жүрген басшы болғаны талас тудырмайды. Руаралық талас-тартысқа түседі. Ру араздығының азабын мейлінше көреді. «Күйлі - күйсіз бәйгіге қажыды көңілім көп шауып» деген ұстазы Абайдың айтқанындай, Шәкәрімнің «қойдыңдар Абайға не қылғызбай» дегендей, ру отының тозағына күйеді, суына батады. Біз естігенімізді дәлел етіп, алға тартатын кісіміз аты Ыбырайша. Ол адам Жанатаймен бірге туысқан Қаратайдың Мұсатайынан туады да, Көкеңнің қасында інісі, иә атшысы боп көп жүрген кісі. Ал, Ыбырайшаның бірге туған інісі, суырылма шешен Бегімхан Мұсатайұлы (1887-1981) Көкеңнің жылқышысы болған. Көкбайдың осы екі туысы және біз айтпақ оқиғаға қатысушы әкем Исабай Кәнібайұлы да мынаны айтқан еді. Бегімхан сөзі.
- Тақырда қыстауға Көкең аулы қонған-тын. Күздің боқырау амалына жақындап қалған кезі. Түс әлетінде күннің шығысынан, Маян қорығы жақтан 70-80 салтатты көрінді. Көкең ауылда еді. Дереу маңайдағы ауылжігіттерін жинадық. Келе жатқандарды жай жүрген кісілер емес деп білдік. Қорықта өзен бойында жатқанжылқы, ірі қараларды жинап, ауылға иірдік. Оларда келіп жетті. Біздегі еркектер отыздай ғана болды. Келушілер өзіміздің Жайлекең (Жарылғап атаны солай атаған) адамдары, және Қаракүшік, Балтай басшысы Байсекең (Байсалбай) екен. Жайлекең басшысы Балтақай Көкшеке атын ойнақтатып, астам келді. Алтынханның білегінде сойыл, қолында қос шошақты найза. Біткембайдың Нұрғалиы Балтақайдың бесатарын тақымына қысып алыпты.
Байсекең, әдетінше, Көкеңмен қалжыңдаса кетті. Бұл кісіні Көкең Бәшім дейтін. Естіуімше, Бәшім Көкеңді ұта қалжыңдайтын деседі.
Жарылғаптар аттарын түйіп тастап, медресенің іргесіне тас түйін боп жүрелерінен отырды. Балтақай қамшысын екі бүктеп ұстап отыр. Алтынхан сойылын тастаған жоқ. Ойлары белгілі, ұрыс шығармақ.
Көкең Байсеке сөзіне жауапты сирек қайыра жүріп, бізге бір туыр сиыр, бір жылқы, екі қой союды бұйырды. Мал сойылып жатыр.
Әкем:
- Екі жақтанекі шал, Көкбай жақтан Көкше Төбет руының басшысы Тентекқара ақсақал, Жайлекең жақтан Бектасұлы Құдайымберді шығып, кезектесіп сөйлеп қояды. Бір шама уақыттан соң, екеуі де жұрт алдында жүре сөйлеп, дауыстары шыға бастады. Жүрерде де жол бойын да Жайлекең жақ, әсіресе Балтақай мен Алтынхан екі иықтарын жұлып жегендей боп, Көкбайды алдымен Балтақай ұрмақ, соңын Алтынхан аяқтамақ боп дүрілдескен.
Алтынхан - белгілі тентек. Істейтіні елге зорлық, зомбылық, ұрлық болатын. Айтысынша, оны екі рет айдатқан Көкбай екен. Ал, Балтақайдікі ағайын күндестік, іштарлық, Көкбайдың көкбайлығын көтере алмаушылық секілді. Жайлекең ұрпақтары - Есекең балаларынан әрі бай, әрі көп. Өздері шеттерінен жау жүрек, соғысқыш. «Мың біткенде жын болады - ол жынның аты мың соққан» делінетін. Сол шын болу керек.Бәрінің-ақ көзі аларып, бастары ісіп, төбелеске дайын тұрушы еді.
Байсекең ұрыс - төбелеске бармақшы емес секілді. Не
сөз болса да тыйып тастан келді. Аласұрып келе жатқан Алтынханға « Алтынхан, сен Көкбайды мысал деп келемісің? Ең алдымен, ол- ұстаз. Еліміздің көкірек ашып, оқытып отыр. Және ортамыздағы Құдайүйі - мешіттің иесі. Көкбайға қол көтергенің Құдайға қол көтергенмен тең. Абайды да сабаған Тобықтымыз дейсіңдер сендер. Ол не сөз білемісіңдер? Абай абайлығымен тоқтатты артын. Тобықтыны, өзгенің таламасына бергісі келмеді. Әрекеден береке табылушы ма еді?! Ал, Көкбайды ұрдыңдар. Оның арты өзі аз Көкшенің тәркіге, талауға түсуі, кұруы. Аз Көкіне сен не күшіңмен өзгеге төтеп беріп, құрымай келгендеріңді білесіңдер ме?! Бірлігіңмен, іштен ірімегендеріңмен сыртқы тұтастығыңмен құрымай келесің!
Әй, Жайлекең балалары, ей Балтақай! Кеше ғана Нұранбай ақсақал үшін құн алдыңдар, кәне малыңа мал қосылғаны. Өзі аяқ-қолға біткен он башпай, он саусаққа толар-толмас Даубай атаң балаларын, өз бауырыңды жерге қараттың, таладың. Жоқ-жітік еттің. Қадірлі Нұрамбай тірілген жоқ қой. Балташ сен, Ақылтай сен, бауырың Әсемханды Көкбайды ұрып, жұртты дүрліктіріп жүріп айдаудан аман алып қалмақсың. Адалына келейікші. Әсемхан ақ па, қолы таза ма еді сол істен?! Жандарыңды бересіңдер ме соған?! Көкбай бөтенге емес, баршамыздың қаны бір туысымызға ара түсіп отыр. Даубай бұрын құн төлеген. Жыл өткен сайын жаңа күн төлемейді. Көкбай анық ел иесі, адалдың жақтаушысы хақ мұсылман екенін көрсетіп отыр. Әсемханды айдаудан босаттыруды Көкбай молдадан мен сұрап алайын. Ал сендер Әсемхан алған Даубай малын қайтарасыңдар! Көкбай өлер, бірақ саған жалынбас! Осыны ұстанып барайық!
Байсекең осылайша сөйлеп, басы ісіп, көзі аларған Жарылғаптардың бетін қайырғандай болатын. Бірақ, оларға сенім жоқ еді. Болмашыдан пәле шығуы мүмкін-тін.
Істің мәнісі-осыдан бір жыл бұрын жайлауда өзара соғыспақшы екі ағайындыларды тоқтатуға ара ағайын боп жүрген өзі болыс, Бозамбайдың Сатиының немересі, Күлембайұлы Нұрамбайды Даубай руының Әділхан деген бір адамы сойылмен ұрып, ажалына себепші боп, аз Даубай Жарылғаптарға құн төлеген. Бітім болған. Бірақ, содан соң да Жарылғаптар Даубай ауылдарын, - талап, басынан сырық кетірмеген Уахбайлы Әсемхан тағыда Даубайлардың аз малын екіретайдап әкеткен. Көкбай әлденеше «қой!» десе тыңдамаған. Көкбай оязға шағымданып, Әсемхан түрмеге жабылған екен. Бегімхан:
Қанын ішке тартып, Жарылғап туыстарымыз отыр. Тентекқарамен Құдайымберді бірталайға дейіндәуірлеп берді.Кенет Тентекқара ақсақал басылғандайболғанда, Құайымберді Байсалбайдың алдына барып: - Осы мен қандаймын? - деп кеудесін ұрды. Байсалбайсенің қандай екеніңді қазір айтайын - деп ұмсына бергенде,Көкбай молла: - Бәшім, мұның қандай екенін менайтайын-деп орнынан тұрды. Байсалбай айтсаң айтсаңшы дегенде, Көкбай:
Қара нардың терісі
Қайыс болады,
И болмайды.
Хас жақсының баласы
Кәріп болады
Құл болмайды.
Қылыштың қынға
Қырық жыл жатса
Пайдасы жоқ-
Керегінде ат - түйеге
Табылмайды - дейтін қу Құдайымберді сенсің?

  • деді. Сол -ақ екен, Байсалбай түрегеп: - Тара! Тара!

  • деп, келген 70-80 кісіні өз бұйрығымен таратты да жіберді. Сонша кісіден 15-ке жетер-жетпес кісі қалды.

Байсекең: «Тара иттер! Тара! Тара!» - деп қуды да жіберді. Әттең, қара ту сиырдың ақ майы ақтарылып, «Мені же! Мені же!» - деп жатқан еті қалды-ау деп қайтып едік. Көкбай молла сондай қатыгез дұшпан- туыстарынан, жасанған қолдан солайша, сондай ағыл- ған шешендігімен құтылды. Тек, Алтынхан ырза бол- маса керек, Байсалбай қолды қайтарғанда, сойылын тізесіне салып, шарт сындырып, лақтырып кетті.
Иә, Көкбай шын жүйрікке «сырдың суы жұлығынан келмейтіннің не екенін көрсетті. Бірақ, сол жүйріктің қадыр-қасиетін ұға білер және бір жүйрік
әрдайым кезіге бермейді ғой. Әдетте, мұндай сәттің опынысы мен өкініші сондайдан болмақ. Көкбай айтты ал ұны ұғар, бағалар сол жерде Байсалбайдай кісі болмаса ше?! Онда есіл ер тағдырын көп тобыр, сол тобырдың қолкүшіне жүгінер нойыс басшылары шешеді де!
Жағдай солай болғанда, бүгінгі Абай елі азаматтары «бұрынғы» көп пысыққа молықкан Тобықты содырлары қолына Абайдан соң Көкбай берілген деп отырар ма еді...
Жә, осы қысылшаңда Көкбай не айтты екен? Оны Байсалбай қалай ұқты?!.. Құдайымберді кешегі Көкше руын билеген Бектастың баласы. Кедейлігінен басқа кемшілігі жоқ, туысы тең. Бектастың шыдамы, беріктігі қара нардай болған. Құдайымбердінің өзі қандай десең - қайралған қылыштай өткір, тілділігінде баға жоқ. Енді сол Құдайымберді араға кіреді. Әлде ол ел арасының ұшығуын тілейді ме туыстардың кетісуіне жаны күйіп, пәруана көбелектей тызақ ойнайды ма. Шыдамы кетіп тұр.
Көкбайдың оның соңына бойлап төзе беруге шы- дамы жоқ. Не болса да іс түйіні шешілер мезгіл сәті келді ме?! Қимылдап қалу шарт.
Сонау зауал шақта Көшбикеде мезгілді сәтін өткізіп алып өкінбеді ме. Апыр-ай, мына екі кәрі би неге жа- нығып кетті?! Құдайымберді нені болсын анық сезген кісі. Ал, Бәшім орнықты, тіпті салмақтана түскен. Құдайымберді көтеріліп кетті. Апыр-ау, соның Бәшімде несі бар екен. Әне, Бәшім қозғалды. Жоқ, енді бөгелсем кеш! Шалт қимылдың да, алып түсер алмас сөздің де мезеті жетті! Жетті!
ЬІбырайша сөзі:
Қара нардың өзі түгіл терісі кімге оңай-оспақ. Хас жақсының баласы кәріптік күнді қанша кешседе, құлболушы ма еді?!.
Құдайымберді сондай болғанда Көкбайдың өзі қазір ғана көріп болып тұрған шығар, бірақ құл бола алмас. Туыстарым қын болса, мен сыртқа айбарың, қолына алсаң алмас қылыш - қаруың емес пе ем. Қазір керексіз десең, соң керек болармын-ақ!
Шыңдарымен қисаң дайынмын, неңе болсын! Мүмкін, бұл сөздің бұдан өнге шешуі бар шығар. Әйтеуір, Бәшім нені болса да тез болжады да, түйінді бірақ шешті. Арты басыла келе, Бәшімнің билігі бойынша ел тоқтам тапты.
Шапшып келген Жайлекең туыстарымыз арына басылды.
Бурахан адырының сілемі_- көлденең қырға шықтық делік. Алдымыздан Миялыдан бергі жер алақанға салғандайкөріне кетті. Ал, кырбелестің іргесінде Кіші Қаракөлжалтырайды. Көл суы - тұщы, мөлдір, табаны құмдак болады. Мал батпақтамайды. Жазда жылқы малыныңжан рақаты-ақ! Жылқы жарықтық бойлап барып, су тереңінде тұруды қалайтын мал ғой! Анда-сандақұйрығымен бір ұрып шыбынды қағып тұра берсе, жаны кірсе керек.
Көкбай ақынның күзеуі - Кіші Қаракөл. Аумағы үлкен емес - 300 ш.м. Айналасында қамыс-құрағы да көп емес, сирек. Шығысы Көкпекті, үш шақырымға шекті, сонау Шолақеспеден келетін жарға тіреледі. Арғы қарсысы - жазықты төскей. Сарыапан, Шиліапан дейтін құйқалы қоныстар бар. Көкбай ақын 1922 жылдан бастап, өңешінен тамақ өтпейтін сырқатқа айналады. Омбы, азан, Москва, Томск, Санк-Петербург дәрігерлеріне барып, дамылсыз қаралып, ем қабылдайды. Ең соңынан, 1925 жылы тағы да дәрігерлерге Москваға бармақшы болды. Тіпті шетелге, Берлинге бару да ойында болыпты. Бірақ бұл жолы Көкше руының ел иесі азаматтарын осықоныста жинатып, соңғы хошын айтысыпты.
Бұл жиын 1925 жылы қыркүйек айының 1 жұлдызында болыпты. Бұл шақта Көкең жүдеген. Әлсін-әлсін аузын суық сумен шая береді екен.
Туыстар жиналған соң, әр түрлі сөз сөйленеді. «Жаның ашымаса да, жатқан жерің ашымай ма» дегендей, әр жайда, әр түрде жүргенмен, туыстары жаны ашырлық сөздер сөйлепті. Сөз соңы Көкеңнің алыс жолға жүруіне қарсылыққа тіреліпті. Көкше руының, сол шақтағы үлкені Тентекқара ақсақал:



  • Көкбай, сен ту алысқа барам дейсің. Бірақ, өз күйіңді байқаймысың. Жасыратын несі бар, сен еттен арылғансың. «Өлім барда қаза бар емес пе» еді. Алыста қазаң жетсе не болады, ойладың ба соны. Осы отырғанның үлкені екем, жасым 90-ға келді. Мен ай- тпағанда кім айтады саған. Отбасынан, ел ортасынан ұзама, шырағым! - дейді.

  • Е, ақсақал, сөзің жөн ғой. Көкбай едің, топырағың қайда бұйырады дейсіңдер ғой бәрің. Алаң етпеңдер! Мен қайда дүние салсамда, денем Тақырда, мешітімнің түбінен топырақ бұйырмақшы! Қарманған қарап қалмас. Хадисте де дертіңе дауа іздеме демейді. Мәскеудің білгір дәрігерлері қыркүйектің 3-жұлдызынан қалсаң, кел! Батыл бір ем қолданалық! - деп еді. Мен Алла арнаса, сол айтқан жұлдыздың екісі күні жүремін, баршаңды көрдім. Не жақсың, не жаманың болған шығармын. Ортаңда Көкбайың болып жүріп ем. Ешкіміңді кіналамаймын. Тарих дейтін, уақыт дейтін әділ таразы бар. Сол тексерер. Заман катайды. Кімге жай, кімге қатты болады, көрерсіңдер. Шамаларың келсе, бірліктерінді бұзбаңдар.

Байқұс-ау, Мұсабаймен тұрғың бірдей,
Олар жұлдыз болғанда сен үркердей.
Аспанда алты жұлдыз бас қосып тұр,
Жүрсеңші біреуінді бірің ілмей.
...Аз елге бір әрекет араласты,
Нелер адам сатып жүр пұлға басты.
Басқадай ақыл - айла таппасаң да,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет