«бекітемі н» «№19 мектеп-гимназиясы» кмм директоры М. М. Абдиева 2022ж. «Келісемі н»



бет2/12
Дата11.02.2023
өлшемі121,93 Kb.
#67012
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
7-сынып КТП қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ тілі пәнін оқыту мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
«Қазақ тілі» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
– қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктеріне коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану;
– тіл бірліктерінің қарым-қатынас құралы болу, ойды білдіру, таным құралы болу, ақпаратты сақтау құралы болу қасиеттерін функционалдықкоммуникативтік бағдарда танып біледі, соған лайықты машықтар мен дағдыларды қалыптастырады;
– тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу;
– мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды, синтез, анализ жасау дағдыларын қалыптастыру.
«Қазақ әдебиеті» пәні әдебиетті өнердің басқа салаларымен (кескін, театр, кино, музыка) салыстыра қарастырып, өз ойын еркін, дәлелді, сараптай, салыстыра отырып жеткізе білетін тұлғаның қалыптасуына үлес қосады.
«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың бойында гуманистік, адамгершілік-эстетикалық, ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу; ұлттық әдеби туындылармен қатар әлем әдебиеті туындыларымен таныстыру; көркем шығарманы тануда қажетті біліммен қаруландыра отырып, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде көркемдік тұтастық пен көркемдік бейнені талдау, жинақтай білу, шығарма идеясын, жазушы ұстанымын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру.
«Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасы үш негізгі дағдыны басшылыққа алады:
1) түсіну және жауап беру;
2) анализ және интерпретация;
3) бағалау және салыстыру.
«Түсіну және жауап беру» бөлімі аясындағы бөлімшелер білім алушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:
- көркем шығарманың мазмұны мен пішінін анықтау және талдау;
- әдеби шығарманың тұжырымдамасын айқындай білу;
- көркем шығармадағы образды ашу және сипаттау;
- шығарма үзінділерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
«Анализ және интерпретация» бойынша:
- әдеби шығарманың композициясын, композициялық амал-тәсілдерді талдау;
- шығармадағы автор бейнесін анықтау, оның рөлін талдау;
- көркем шығарманың тілін, көркемдегіш құралдардың қолданысын талдау;
- көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, шығармашылық жұмыс жазу.
«Бағалау және салыстыру» бойынша:
- шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға беру;
- әдеби шығармаларды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;
- шығарманың құндылығын талдап, әдеби эссе жазу;
- әдеби шығармаларды талдап, салыстыра отырып, сыни шолу және сыни мақала жазу
дағдыларын дамыту.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 6 және 7-сыныптарында «Қазақ әдебиеті» пәнінің базалық мазмұнына «Өлкетану» материалдары кіріктірілген.
Өлкетану материалдары 6, 7-сыныптарда 2 сағаттан 4 сағат көлемінде оқытылады. Өлкетану материалдары оқу бағдарламасының базалық білім мазмұны мен ұзақ мерзімді жоспардың 3 және 4-тоқсандарына енгізілді. Оқу бағдарламасы бойынша тоқсандағы бөлімдер мен бөлім ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркінде болғандықтан «Өлкетану» материалдарын кіріктіріп оқыту ұсынылады.
7-сыныпта «Туған өлке публицистика беттерінде», «Менің туған өлкем» электрондық энциклопедиясы» тақырыптарын оқытуда өңірде шығатын газет-журналдарды білуге, туған өлке туралы, шындық көзқарас тұрғысынан адамдар туралы мақалалар мен очерктерді ақпараттылығы, мазмұнының тереңдігі, эмоционалдық әсері тұрғысынан талдауға, энциклопедия ұғымын түсінуге, энциклопедияға қажетті материалдарды іріктей білуге, электрондық энциклопедия құрастырудың ұжымдық жұмысына қатысуға баулу ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет