Бекітемін «Қазақ тілі мен әдебиеті» ббб басшысы М. И. Оразханова 20 ж


М.Әуезовтің «Қараш-қараш» оқиғасы, «Қилы заман» повестері



бет3/3
Дата16.03.2023
өлшемі36,61 Kb.
#74828
түріПоэма
1   2   3
30. М.Әуезовтің «Қараш-қараш» оқиғасы, «Қилы заман» повестері
Мұхтар Әуезов- ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым. Мұхтар Әуезов Қараш-Қараш оқиғасы» повесінің тақырыбы – ескі қазақ аулындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі.Повестің жазылуына негіз болған-көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың әкесі-Рысқұл басынан кешкен оқиғасы.
Мұхтар Әуезовтың ұлы туындыларының бірі - «Қараш-Қараш оқиғасын» айрықша атауымыз лазым. Шығарманың басты кейіпкері Бақтығұл қазақ даласында патшалық Ресей билігінің орнығып, екі-үш ғасыр бойында қалыптасу кезеңдерінен өтіп, ендігі барлық отар елдердің басына орнайтын кепті киген тәуелді қоғамның терең де күрделі дағдарысқа ұшырағандығын қапысыз танытқан қуатты герой, жаңа дәуірдің алғашқы хабаршысы, бастаушысы, анығында рәмізі деуіміз орынды.
Бақтығұлдың інісі Тектіғұл Сәлмен деген байдың кесірінен қайтыс болады. Бақтығұл кек алмақ болып, Сәлменнің жылқысын ұрлайды. Сәлмен осы жағдайды біліп, Бақтығұлды сабайды. Кейін ол үміт етіп Жарасбайға көмек сұрап барады. Бірақ Жарасбай оны сатып кетеді. Оған шыдай алмай кегінің орнына Жарасбайды мерт қылады.
«Қилы заман» Мұхтардың 1916 жылғы қазақ көтерілісінен алып жазған тарихи ұзақ əңгімесі (повесі). Бұл 1928 жылы Қызылордада Қазақстан баспасында басылып шықты. 
«Қилы заман» – М.Әуезов шығармашылығының басында жазылса да, аса талантты жазылған шығарма. Роман саяси ахуалдың кернеуі шегіне келген шиеленіскен шақтағы қазақ елінің ар намысы үшін күрескен ерлер туралы қаламгер ой-сезімдерін жеткізе алған.
Қилы заман» романында бас қаһармандарды бейнелеудің тәсілі де өзге. Мысалы, көтерме басындағылардың ешқайсысы да негізгі шайқасқа шыға алмайды, соның қарсаңында қолға түседі. М.Әуезов олардың рухтарының биіктігін, күрес жолына беріктігін, түрмедегі тұтқын мен тергеуші арасындағы жауаптасулар арқылы көрсетеді. Түрмеде қанша азап көрсе де адамдық қасиет пен ірілігін сақтайды. Қапаста қамалып отырған дала ұлдарының ажал сәтінің таянғанын ғаламат сезімталдықпен аңғаруын М.Әуезов асқан шеберлікпен суреттейді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет