Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Мажинова Жанар Карияновна
Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:
|
Күні: 19.04.18
|
Сынып: 3 «Ә»
|
Сабақ тақырыбы
|
Сан есім жаттығулары.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
Сан есім туралы түсініктерін кеңейту.Сан есімдердің ерекшеліктерін түсіндіру.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: Сан есімнің қандай сөз табы жайлы сипаттай алады.
Көптеген оқушылар: Сан есімнің туралы толық айтады.
Кейбір оқушылар: Өз жауаптарын дәлелдеп, түсіндіре алады.
|
Бағалау критерийлері
|
Сан есімді басқа сөз таптарынан ажырата алады.
Сан есім туралы біледі.
Сан есімді сөйлемде тауып, өмірде пайдалану жолдарын айтады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Жауапкершілік , белсенді азаматтық ұстаным таныту және өз елінің дамуына үлесін қосу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Әдебиеттік оқу, математика пәнімен байланысты.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интерактивті тақта,оқулық, қоржын, тапсырма конверттері, бұршақ қапшығы.
|
Бастапқы білім
|
Сан есім сөз табы екенін біледі, сипаттай алады.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
1-қадам:
Психолгиялық ахуал қалыптастыру:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанамыз достарым,
Арайлап атқан күнге! (Бір-біріне, қонақтарға жымию)
|
|
Сабақтың ортасы
|
2-қадам: топқа бөлу
Қима сандар бойынша топқа бөлінеді.
1-топ. 1 таңбалы сандар.
2-топ. 2 таңбалы сандар.
3-топ. 3 таңбалы сандар.
3-қадам: Өткен сабақты пысықтау. Үй тапсырмасын сұрау.
«Сұрақты ұстап ал» әдісі арқылы топтағы оқушылар бұршағы бар қапшықты лақтыру арқылы өткен сабаққа байланысты бір-біріне сұрақтар қояды, басқа топ жауап береді.
Бағалау парағында №1 тап. өздерін тиісті түспен бағалап кетеді.
Сан есімі бар сөздерден сөйлем құра.
Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
Сан есім нені білдіреді?
Сан есім қандай сөз табымен байланысады?
4-қадам: « Жолдама қоржын» Данышпан қарғаның тапсырмаларын оқып, баларға тапсырма беріледі.
Бейнероликтен нені байқадыңдар?
Данышпан қарға бізге өз жолдамасында мынадай тапсырма беріп жіберіпті.(таратылады)
«РАФТ» әдісін қолданамын.
1-топқа «Жарнама»,
2-топқа «Хабарландыру»,
3-топқа «Шақыру билеті» жазады. Әр тапсырмада кемінде 3 сан есім болу керек- Ә
Бағалау парағынан №2 тап. Тиісті түспен бағалап өтеді.
Қалыптастырушы бағалау: « Жарайсың!», «Тамаша!» деген мадақтау сөздері арқылы жүргізіледі.
5-қадам.
Оқулықпен жұмыс.11-жаттығу. Сан есімдердің қай сөз табымен байланысып тұрғанын көрсету керек. (Тақтамен жұмыс)
Бағалау парағынан №3 тап. Тиісті түспен бағалап өтеді
6-қадам.
Сергіту сәті
«Ойлан тап» әдісі арқылы жүргіземін.
Терісінен оқысаң, ол-сан. (Қырық)
Тұрар іште қамалып.
Ашылғанда қос есік,
Көрінеді ағарып. (Тіс)
7-қадам:
Оқулықпен жұмыс. 13-жаттығу. (Ауызша жүргізіледі) Сан есімнің басқа да сөйлем мұшесі болатынын түсіндіру.
Бағалау парағынан №4 тап. Тиісті түспен бағалап өтеді
8-қадам.
Топтық жұмыс жүргізуде «4 бағыт-1 ұғым» әдісі арқылы оқушылар Сан есім жайлы білгендерін, өмірмен байланыстырып жазуы тиіс.
Нұсқаулық:
Нені білдіреді? Сұрақтары.
Немен байланысады.
Сөйлемдегі сөйлем мүшесі.
Өмірде қолданысы.
Қалыптастырушы бағалау: Данышпан қарғаның аудио жолдауын тыңдау.
Бағалау парағынан №5 тап. Тиісті түспен бағалап өтеді
|
Қима сандар.
«Бұршақ» қапшығы
Интерак-тивті тақта, бейнеро-лик
А3 қағаздар түрлі-түсті маркер
Интерактивті тақтадан аудио тыңдату.
|
Сабақтың соңы
|
8-қадам: Рефлексия
30 % 70% 100%
«Түсінгеніңді пайызда» әдісі арқылы жүргізіледі. Әр оқушы өзінің түсінгенін пйыздар жазылған қағаздардың тұсына барып тұру арқылы көрсетуі тиіс.
9-қадам. Үйге тапсырма беру.
14-жаттығу
Құрамында сан есімі бар сөздерді сөзбен жазу.
|
А4 қағазы
|