«Бекітемін» Білім бөлімінің басшысы Мектеп директоры Б. Демократұлы Н. Самендирова 2021жыл



бет4/5
Дата29.06.2022
өлшемі26,51 Kb.
#37414
1   2   3   4   5
Байланысты:
25 май (1)

Хабарлаусыз би «Қазақ биі»
Мақсат: Армысыздар ардақты ата - аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, қадірлі жас түлектер! 2021 жылы Тәуелсіздігімізді алып, Егемен ел атанғанымызға 30 жыл толды. Тарихи тұрғыдан бағамдасақ, отыз жыл – аса көп уақыт емес. Десе де, Қазақстан аз уақыт ішінде әлемдік алпауыттармен терезесін теңестіріп, жаһан жұртына қарышты қадамдарымен танылып үлгерді.
«Мен Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарға зор үміт артамын. Жастарымыз атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың, реформалардың игілігін міндетті түрде көреді. Олардың арасында көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр азаматтар аз емес. Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек», – деді Президент.Тәуелсіздігіміз 30-жыл: Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, - дей отырып «Сәт сапар, саған, жас түлек!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны ашық деп жариялаймыз. Ән ұраным көгімде шарықтасын, Көгілдір ту қиялда қалықтасын. Әлем танып, білетін Елтаңбамды, Шәкірт біткен жырлаудан жалықпасын.
Мақсат: (Туға қарап сап түзе тік тұр)
(ҚР туы көтеріліп, гимн орындалсын)
Ақмарал: Қонақтармен таныстыру:Бүгінгі Балалар жылына «Сәт сапар, саған, Жас түлек!» атты салтанатты жиынның құрметті қонақтарымен таныс болыңыздар._____________________________________

Мақсат: Білімді шәкірттерін аялаған
Жақсылығын ешкімнен аямаған,
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың
«Ұстаз» деген аяулы , ардақты адам, дей отырып
мектебіміздің директоры м.а Дощанов Серік Орынбаевич сөз кезегін береміз.
Ақмарал: Келесі құттықтау сөз құрметті қонақтарымызға ұсынамыз. Ән салса әншілерім таң қаларсың Әр сөзін тоқсан тоғыз қайталарсың. Осындай ән туғызған қазағымның Қалайша тар пейіл деп айта аларсың. Ақмарал :Ән: «Самға» орындайтын мектебіміздің дарынды оқушысы (Арайлым) Ақмарал: Жақсы шәкірт азамат атанады, Халқынан, ата - анадан бата алады. Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін, Ортаға шақырайық ата - ананы. «Ата - ана баланың бас ұстазы» дегендей ата - ана мен мұғалім қатар тұрғанда бала өзіне деген қамқорлықты толық сезінеді. Сөз кезегі мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарына беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет