«Бекітемін» Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құмарова А. Б



бет24/30
Дата06.01.2023
өлшемі114,79 Kb.
#60491
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
Байланысты:
anatomiyafiziologiya zhne patologiya

Ацинус (латынша “acinus” – “жидек”, “түйіршік”) - өкпенің ұсақ бронхиолдар мен альвеолдарынан түзілген, әрі құрылымдық, әрі қызметтік бірлігі.
Базальды ядро (грекше “basis” – “негіз”, “”nucleibasalis, “nucleus” – “ядро”) – омыртқалы жануарлардың алдыңғы миының үлкен ми сыңарларының қалың ақ затының ішінде шоғырланып жататын сұр заттың жиынтығы. Оны кейде қыртысасты ядролар немсе базальды ганглиялар деп те атайды. Базальды ядро қозғалыстың үйлесімді болуын және көңіл-күй жағдайларының қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Веналар (латынша “vena” – “қантамыр”) – көмірқышқыл газымен тотыққан қанды, зат алмасу өнімдерін, гормондарды және т.б. заттарды мүшелерден және ұлпалардан жүрекке қарай тасымалдайтын қантамырлар.
Вентральды (латынша “venter” – “құрсақ”) – дененің құрсақ тұсы деген ұғымды білдіреді.
Гемиартроз (грекше “hemi” – “жартылай”, “arthron” – “буын”) – сүйектердің бір-бірімен жартылай буындық байланысы.
Гипоталамус (грекше “hypo” – “асты”, “төменгі тұсы”, “thalamus” – “бөлме”) – организмнің вегетативтік қызметі мен көбеюін реттейтін және жүйке мен эндокриндік аппараттың өзара тоғысатын аралық мидың бөлімі. Г. шығу тегі жөнінен мидың ерте пайда болған бөліміне жатады. Ол барлық хордалы жануарларда болады. Ал, сүтқоректі жануарларда гипоталамус өте жақсы дамыған.
Гипофиз (грекше “hypophysus” – “өскін”, “өсінді”) – мидың төменгі қосалқы бөлімі деп саналады. Ол омыртқалы жануарлар мен адам миының негізінде орналасқан ішкі секреция безі.
Гормондар (грекше “hormo” – “қоздырамын”, “қозғалтамын”) – ішкі секреция бездерінен және организмдегі арнайы клеткалар шоғырынан бөлініп, мүшелер мен ұлпалардың үйлесімді жұмыс атқаруына әсер ететін биологиялық белсенді заттар.
Дендрит (грекше “dendron” – “ағаш”) – нейронның тармақталған көптеген қысқа өсінділері.
Дерма (грекше “derma” – “тері”) – омыртқалы жануарлардың терісінің эпидермис қабатының астында орналасқан дәнекер ұлпадан түзілген қабаты. Оны кейде кутис (латынша “cutis” – “тері”) немесе нағыз тері қабаты деп те атайды.
Диафиз (грекше “di” – “екі”, “phis” – “бір нәрсенің бөлігі”) іші қуысты жіліктердің сүйектердің ортаңғы бөлігінің атауы. Оны кейде сүйектердің денесі деп те атайды.
Диафрагма (грекше “diaphragma” – “перде”) – сүтқоректі жануарларға тән кеуде қуысы мен құрсақ қуысын бөліп тұратын жұқа күмбез пшінді сыңар бұлшықет. Оны қазақша “көкет” деп атайды.
Диартроз (грекше “di” – “екі”, “arthron” – “буын”) – сүйектердің бір-бірімен еркін қозғалыс жасайтын байланысы. Оны қазақша қозғалмалы немесе буындық байланыс деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет