«Бекітемін» Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құмарова А. Б



бет22/28
Дата26.06.2023
өлшемі104,85 Kb.
#103434
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
Қалыптық масса- адамның тісінің немесе жағының өлшемін айнытпай алуға арналған табиғи немесе синтетикалық материал.
Қорытпа- бірнеше металдың қосындысынан тұратын, өзара әрекеттесіп, бір-бірінің қасиетін күшейтетін қоспаны айтамыз.
Құю үдерісі- балауызды конструкцияны жоғары температурада ерітіп, қалыпты металлға ауыстыруды айтамыз. Металл қатты күйден сұйық күйге ауысу міндетті және конструкцияны 100 пайыз қайталау қажет.
Қышқыл- металдың бетіндегі кез-келген майды, артық заттарды ерітетін химиялық формуласы әртүрлі болатын ерітінді.
Негіз- базисті немесе басқа балауыздан жасалатын, жалпақ және жұқа материал.
Металл- табиғи шикізат ретінде алынатын молекулалары өте тығыз орналасқан және балқу температурасы жоғары болатын зат.
Микромотор- әртүрлі материалдарды өңдеуге, тегістеуге, жылтыратуға, кесуге арналған апарат.
ММСИ- Мәскеу медициналық стоматологиялық институты.
Окклюзия- жоғарғы жақ пен төменгі жақтың тістері өзара түйіскенде , антогонист нүктелердің саны әртүрлі болатын жағдайды айтамыз.
Окклюдатор- мүсіндерді бекітіп, белгілі бір биіктікпенен жазықтықта бекітуді қамтамасыз ететін және вертикаль бағытта адам жағының қозғалысын қайталайтын құрылғы.
Паста гои- Государственный оптический институт паста жасап шығарған. Өңдеуге, жылтыратуға, тегістеуге арналған.
Паркер аппараты- гильзаны тартуға арналған арнайы құрылғы. Көлемін кішірейтіп, белгілі бір өлшемге келтіретін арнайы аппарат.
Пемза- негізі минералдан тұратын ұнтақ. Сумен араластырып қаймақ тәрізді консистенцияға келтіреміз. Пластмассаны өңдеуге тегістеуге, жылтыратуға, арналған.
Пластмасса- құрамы мономер мен полимерден тұратын және өзара байланысатын синтетикалық зат.
Полимеризация- пластмассаның дайындалу барысында өзара әрекеттесіп, белгілі бір уақыт аралығында дайын болуын айтамыз.
Пресс- астаушаға ғаныштаған кезде артық ғанышты сыртқа шығару үшін және протез бөліктерін айқындау үшін қажетті темір құрылғы. Онымен басқа заттардыда қысуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет