Әлеуметтік зерттеу жұмыстары (сауалнамалар, тест , семинар-тренингтар тағы басқа) Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты әлеуметтік зерттеу және болжам жүргізу жұмыстары Ата-ананың жауапкершілігі бала тәрбиесіне аса мән беруді талап ететін ұғым болып табылады. Өйткені, баланың мінез-құлқын, өмірге көзқарасын дұрыс қалыптастыру, заман талабына сай азамат етіп өсіру оңай міндет емес. Сәби аяғын тәй-тәйлап басқаннан бастап-ақ ата-анасымен тән қасиеттерге дағдыланады, ұяда көргенінен өнеге алады. Тәрбие арқылы ересектердің бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді үйренеді, еңбекке, өнер-білімге бой ұрады. Сондықтан да, отбасында күнделікті болып жатқан сан алуан ірлі-уақты оқиғалар: ата-ананың бір-бірімен қарым-қатынасы, баламен сөйлесуі, үй шаруасының атқарылуы, ересектерді еңбекке көзқарасы, уақытты өткізуі, туыстар мен жолдастарға ықыласы, қонақ қабылдауы, бәрі-бәрі балаларға тікелей әсер етеді, мінез-құлқы соған орай қалыптасады. «Ұяда не көрсең, ұшқан да соны ілесің» деген халық даналығы да осыған байланысты туса керек.
Шын мәніндегі өнеге бедел – ата-ананың да, мұғалімнің де, әлеуметтік педагогтың да бала тәрбиесіне үлкен көмек беретін дұрыс бағыт сілтеп, басшылық ететін басты құралы. Онсыз балаға ойдағыдай тәрбие беру қиын. Бала ата-ананың бойынан оның беделін түсіретіндей кемшілікті көп көрсе, жағымсыз мінезге көшеді, ешкімнің сөзін тыңдамайды. Керісінше, ұстамды, еңбекқор, білімді ата-ананың өнегесін кез келген сәби тез бойына сезінеді әрі сүйсінеді.
Баланың әлеуметтік ортаға бейімделуіне негізінен үш фактор әсер етеді: тұқымқуалаушылық, отбасы және тәрбие.
Осы үш ұғым біріне-бірі тізбектеліп, біріне-бірі ұштасып жатса, баланың өмірге бейімделуі, қоғамда жеке тұлға болып дұрыс қалыптасуына септігін тигізеді. Баланы отбасыда ғана дұрыс тәрбиелеп қана қоймай, мектепте де білім алуы мен тәрбиеленуіне басты назар аударған жөн.
Еліміздің Ата Заңының 30-бабында - әрбір азамат тегін орта білім алуға міндетті деп айтылып өткен. Осыған орай, біздің мемлекетімізде бала 6 жастан 16 жасқа дейін мектеп табалдырығынан білім алып, тәрбиеленіп шығады. Осы кезеңде педагог пен ата-ана арасында тығыз ынтымақтастық болуы тиіс. Ата-ана өз баласы туралы педагогқа толық мағлұматты мектепке баласы алғашқы күннен барғаннан бастап-ақ жеткізгені жөн болып табылады. Осыған байланысты, қазіргі таңдағы мектептердегі әлеуметтік педагогтар ата-ана мен баласы арасындағы қарым-қатынасты, оқушының әлеуметтік ортасы, психологиялық-медициналық жай-күйі жөнінде ақпаратты анықтауда әлеуметтік зерттеулер жүргізілуі тиіс.
Мұндай әлеуметтік сауалнамалар ата-ананың өз баласы жөніндегі мәліметті, арнайы даярланған сұрақтарға жауап беру арқылы көрсетеді.
Қоғамдағы жағдайы және құндылығы
Адам құқықтары
Білікті мамандар
Қызмет көрсету
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты
Әл – ауқаты (жеке және әлеуметтік)
Қоршаған ортасы (жасанды және табиғи)
Жауапты негізгі жұмыскер міндеті:
Баламен және оның жанұясымен жұмыс істеуге
Бала және оның жанұясы үшін негізгі байланыс тұлғасы болуға
Бала және оның жанұясы үшін қолжетімді болуға
Бала және оның жанұясына көмектесуге, мәселелерді анықтауға және оларды шешу жолдарын келісуге
Бағалау толық және топ үшін қолжетімді болу үшін шаралар қолдануға
Баланың қорғаушысы ретінде қызмет етуге
Ата-аналар мен мамандар арасында делдал болуға
Жоспарлауға және жоспарларды қайта қарауға арналған мәжілістер жасауға
Негізгі міндеттерді анықтау үшін шаралар қолдануға