1. БАҒАЛАУ САЯСАТЫ Сіздің қорытынды бағаңыз ағымдық бағалау (60%) және қорытынды бағалаудан тұрады (40%) (Қосымша 1).
Ағымдық бағалау Cіздер «Univer» жүйесі арқылы модуль бойынша әр аптаға жүктелген тақырыптарды, тапсырмаларды көре аласыз. Әрбір модуль бойынша дәрістер, семинарларға белсенді қатысу және тапсырмалар болады. Әр модуль соңында қорытынды тапсырмалар болады. Бағалау нәтижелері «Univer» жүйесіндегі журналға енгіземіз (Модуль бойынша қорытынды тапсырма - семинар/практикалық журналына енгізіледі).
Тапсырмалар сізге алдын-ала берілген критерийлер бойынша бағаланады (2-қосымша). Дәріс сабақтарына қатысу алдын-ала дайындықты және дәріске белсенді қатысуды талап етеді.