Жұмысты орындау тәртібі Өлшеуіш құрылғының желілік шнурын желіге қосыңыз және өлшеуіш құрылғының артқы панелінде орналасқан СЕТЬ ажыратқышы арқылы құрылғыны қосыңыз (осы кезде индикаторда time мәні: 10,0 s және уақытты орнату режимі (set) орнауы қажет).
5 минуттай қыздыруға мүмкіндік беру керек.
СБРОС кнопксын басып, осы кезде санағыштың индикаторындағы барлық разрядта нөл жануы тиіс.
Үлгіні ұстағышты есептегіштен мүмкіндігінше ең кіші қашықтыққа орнатыңыз.
Санағыштың қорғаныс пердесінің винтін босатып, оны қайыру қажет, санағыштың жұмыстық бетін ашқаннан кейін (осы кезде Санағыштың жұмыстық бетін зақымдап алмау үшін ары қарайғы жұмыста да сақтық шараларын жасау қажет), осы қалыпта винт көмегімен бекіту керек.
ПУСК/СТОП кнопкасын басқаннан кейін, индикатор таблосында бөлшек пен секунд санының көрсеткіштері өсе бастайды. Белгіленген (10 s) уақыт өткеннен кейін өлшеу автоматты түрде тоқтатылады. Индикаторда белгіленген 10,0 s мәні және есептелген бөлшектердің санына сәйкес қандай да бір сан шығуы тиіс. СБРОС кнопкасын басыңыз.
Қажетті өлшеу уақытын орнату үшін УСТАНОВКА және «+» және «-» кнопкаларын басу қажет (қысқа уақыт басқанда секунд бірліктері орнатылады, ал ұзақ басқанда – ондаған секунд, 99,9 және 999 диапазондарына ауыстырып қосу автоматты түрде жүзеге асады).
ПУСК кнопкасын басқаннан кейін, индикатор таблосында бөлшек пен секунд санының көрсеткіштері өсе бастайды. Белгіленген уақыт өткеннен кейін өлшеу автоматты түрде тоқтатылады. Индикаторда уақыт мәні және есептелген бөлшектердің саны тұрақталады. СБРОС кнопкасын басыңыз.
Ескерту: Қондырғыда α, β және γ сәулелерін тіркейтін бөлшектерді санағыш қолданылған, сондықтан α сәулесінің көзі бар жерде, фондық сәуле мен ілеспелі β және γ сәулесі көздері де тіркеліп отырады. Жұмысты орындау барысында осы сәулелердің деңгейін анықтап алу қажет. Ол үшін сәуле көзі мен -бөлшектерді санағыш арасында экран (қарапайым қағаз парағы) орнатып, іс-әрекетті жоғарыдағы пункттерге сәйкес жүргізіп, көрсеткіштерді жазып, кейін жұмысты орындау барысындағы көрсеткіштерден оларды алып тастау қажет.
9. Сәуле көзі мен санағыш арасындағы арақашықтықты өзгерте отырып, жоғарыдағы пункттерге сәйкес бірнеше өлшеулер жүргізу қажет.
10. Жұмыс біткеннен соң СБРОС кнопкасын басып, одан кейін құрылғы қуатын (өлшеуіш құрылғының артқы панелінде) СЕТЬ ажыратқышымен өшіріп, санағыштың жұмыстық бетін қорғаушы пердемен жабу керек (Сақ болыңыз!), өлшеуіш құрылғының желілік ашасын қоректендіру желісінен суырып, қажет болған жағдайда, сәуле көзі бар сәуле көзін ұстағышты отырғыштан алып, оны сақтауға өткізу қажет.