Бекітемін Физика кафедрасының меңгерушісі Косов В. Н. 2019 ж. «Атом, атом ядросы және қатты дене физикасы»



бет30/34
Дата16.12.2023
өлшемі5,44 Mb.
#140050
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
5 АТОМНАЯ ФИЗИКА КАЗ лаб 2019 дайын

Жұмыстың орындалу тәртібі

  1. Өлшеу құрылғысы мен зерттеу объектінің желілік шнурларын желіге қосып, өлшеу құрылғысының артқы жағында мен зерттеу объектісінің алдыңғы жағында орналасқан “СЕТЬ” ажыратқышымен қондырғыны қосыңыз. Осы кезде өлшеуіш құрылғының индикаторында келесі көрсеткіштер болуы керек: «0» – кедергі (индикацияның 2 кіші разрядына дейін рұқсат етіледі), қоршаған ортаның температурасы. Зерттеу объектісінде «СЕТЬ» индикаторы жанып, «ВЕНТ» индикаторы өшіп тұруы қажет.

  2. Қондырғыны 3-5 минут қыздыру керек.

  3. Зерттеу объектісінің алдыңғы панелінде орналасқан “ОРБАЗЕЦ” ажыратып-қосқышы арқылы кедергісі анықталатын үлгіні таңдаңыз.

  4. Қыздыру және суыту кезіндегі температура датчигі мен үлгілердің әр түрлі жылулық инерттілігіне байланысты үлгінің кедергісін өлшеуді келесі түрде жүргізу ұсынылады:

а) Өлшеу құрылғысының «НАГРЕВ» кнопкасын басыңыз (осы кезде индикаторда "Wаrm" жазуы пайда болады, ал зерттеу объектісінің пешінде шам жанады).
б) Температура көрсеткіштерін бақылай отырып (олар өсу керек) , керекті температураға 2…3 0C жеткізбей (кейбір өлшеу температураларын 5 немесе 100 0C-ден таңдау ұсынылады) қайтадан «НАГРЕВ» кнопкасын қайта басыңыз (осы кезде пештегі шам сөну керек).
Содан кейін индикатордың көрсеткіштерін бақылай отырып (олар 3…4 0C-ке өседі де, сосын азаяды), керекті температураға жеткен кезде «СТОП ИНД» кнопкасын басып (индикаторда "Fixed" жазуы пайда болады), кедергінің көрсеткіштерін жазып алыңыз. «СТОП ИНД» режимінде индикатор мәндері жаңармайтындықтан пешті немесе желдеткішті қосқан (ажыратқан) кезде ол көрінбейді, сондықтан жұмыс жасауды жалғастыру үшін «СТОП ИНД» кнопкасын қайта басу керек.


Ескерту: Пеш тез суытылатындықтан 80°C-тан жоғары температураларда қажетті температураға дейін қыздыруды тоқтату 1…2°C-қа артық алынуы керек.
Таңдап алынған қатардан өлшеу температурасының әрбіріне жеткен кезде 4б пункт бойынша іс-әрекет жасай отырып, үлгі кедергісінің температураға тәуелділігін құру үшін мәліметтер алыңыздар.
в) Максимум температураға (120 0С) жеткен кезде және қорғау іске қосылған кезде, автоматты түрде қыздыру тоқтатылып, желдеткіш қосылады (осы кезде «Cool» жазуы пайда болады).

  1. Жұмыс аяқталғаннан кейін «СЕТЬ» ажыратқышымен қондырғының қоректендіру көзін ажырату керек және өлшеуіш құрылғы мен зерттеу объектісінің желілік ашаларын желілік қоректендіру көзінен ажырату керек.

  2. Қондырғының жұмыс істеу режимі үздікті, әр екі сағат жұмыстан кейін 10-15 минут үзіліс жасайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет