Бекітемін Кафедра меңгерушісі Жақсыбаев М. Б. (аты-жөні) (қолы) тамыз 2020 ж. ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Практикалық және семинарлық сабақтарды ұйымдастыру



бет7/7
Дата24.05.2023
өлшемі101,97 Kb.
#96887
1   2   3   4   5   6   7
Практикалық және семинарлық сабақтарды ұйымдастыру
№ 1 тақырып. Токсикологияның пәні, мақсаты, міндеттері мен құрылымы.
Токсикология пәні, токсикологиялық үрдіс, медициналық токсикологияның мақсаты, медициналық токсикологияның негізгі бағыты.
№ 2 тақырып. Әскери токсикологияның негізгі ұғымдары.
Әскери токсикология пәні, мақсаты. Улы және жоғарғы уыттық заттар. Пестицидтер. Диверсия улары. Күшті әсер ететін улы заттар. Улы және жоғарғы уыттық заттардың патофизиологиялық жіктелуі. Химиялық жағдай туралы түсінік. Медициналық химияға қарсы қорғану. Уыттану, заттардың жіктелуі. Неорганикалық қосылыстардың табиғи пайда болуы. Органикалық қосылыстардың табиғи пайда болуы. Улану. Транзиторлық, уыттық реакция. Аллобиоз. Арнайы уыттық заттар.
№ 3 тақырып. Токсикометрия, токсикокинетика және токсикоди-намика.
Токсикометрия түсінігі. Токсикокинетиканың жалпы түсінігі. Резорбция. Улағыш заттардың түсу жолдары. Таралуы, сорылуы, экскрекциясы. Биотрансформациясы. Токсикинетика мөлшерінің сипаттамасы. Уыттық әсердің механизмі. Ақуызбен, нуклеиндық қышқылмен, липидпен, қоздырғыш мембрананың реактивті құрылысымен удың әрекеттесуі. Цитотоксиканттықтың жалпы механизмі. Биоэнергетика үрдісінің бұзылуы. Тіндегі бос радикалды үрдістің белсенділігі. Мембрана құрылысының зақымдануы. Тін ішілік калий гомеостазасының бұзылуы. Ақуыз синтезі және тіндердің бөліну үрдістерінің зақымдануы. Уыттық үрдістің дамуы.
№ 4 тақырып. Антидоттар. Уланғандарға шұғыл жәрдем көрсетудің жалпы қағидаттары.
Өткір түрде уланғандарға қолданатын кейбір дәрілердің әсер ету механизмдері. Улағыш заттармен зақымданғандарға этиотроптық, патогенетикалық және симптоматикалық заттарды пайдаланудың әсері. Заманауи антидоттардың сипаттамалары. Уға қарсы заттарды пайдалану. Жаңа антидоттар. Өткір түрде уланғандарға алғашқы дәрігерге дейінгі және алғашқы дәрігерлік көмек көрсетудің негізгі ұстанымдары.
№ 5 тақырып. Жүйке- сал қылып әсер ететін улы заттар.
Зарин, зоман, V-газының физикалық, химиялық, токсикологиялық қасиеттері. Әр түрлі жолмен түскен улағыш заттардың клиникалық көріністері мен ерекшеліктері. Зақымданудың алдын-алу шаралары. Антидоттық және симптоматикалық емдеу. Ошақта және медициналық тасымалдау кезеңінде зақымданғандарға көрсетілетін медициналық көмекті ұйымдастыру және оның мазмұны.
№ 6 тақырып. Цитоуытты әсер ететін улы заттар.
Иприт пен люизиттің физикалық, химиялық уыттық қасиеттері. Зақымданудың клиникалық көріністері және оның ағзаға түсу жолдарына байланысты ерекшеліктері. Иприт пен люизиттің теріні зақымдағандағы салыстырмалы диагностикасы. Әсер ету механизмі және уланудың патогенезі. Антидоттық және симптоматикалық емдеу. Ошақта және медициналық тасымалдау кезеңінде зақымданғандарға көрсетілетін медициналық көмекті ұйымдастыру және оның мазмұны.
№ 7 тақырып. Жалпы улы әсер ететін заттар.
Синильді қышқылы және көміртегінің физикалық-химиялық қасиеттері. Әсер ету механизмі, уланудың патогенезі. Клиникалық көріністері. Антидоттық және симптоматикалық емдеу. Ошақта және медициналық тасымалдау кезеңінде зақымданғандарға көрсетілетін медициналық көмекті ұйымдастыру және оның мазмұны.
№ 8 тақырып. Тұншықтыра әсер ететін улы заттар.
Фосгеннің физикалық, химиялық қасиеттері. Әсер ету механизмі және уланудың патогенезі. Зақымданудың клиникалық көріністері. Ошақта және медициналық тасымалдау кезеңінде зақымданғандарға көрсетілетін медициналық көмекті ұйымдастыру және оның маңызы.
№ 9 тақырып. Психомиметикалық әсер ететін улы заттар.
Bz және диэтиламид лизергин қышқылының физика-химиялық қасиеттері. Әсер ету механизмі және уланудың патогенезі. Зақымданудың клиникалық көріністері. Bz және диэтиламид лизергин қышқылының салыстырмалы диагностикасы. Антидоттық және симптоматикалық емдеу. Ошақта және медициналық тасымалдау кезеңінде зақымданғандарға көрсетілетін медициналық көмекті ұйымдастыру және оның маңызы. Атропин тәрізді заттармен улану, алдын алу және емдеу шаралары.
№ 10 тақырып. Тітіркендіре әсер ететін улы заттар.
Хлорацетофенонның, адамситтің, CS, CR физикалық, химиялық және уыттық қасиеттері. Уланудың патогенезі. Зақымданудың клиникалық көріністері. Ошақта және медициналық тасымалдау кезеңінде зақымданғандарға көрсетілетін медициналық көмекті ұйымдастыру және оның маңызы.
№ 11 тақырып. Зымыран отын құрамдары. Әскерде қолданатын техникалық сұйықтар.
Зымырандық отындар құрамының қысқаша физикалық-химиялық және токсикалық қасиеттері (азот тотығының, гидразиннің). Улану клиникасының айырмашылығы. Бірінші медициналық көмек және негізгі емдеу жолдары. Этил спиртінің, этиленгликольдің, дихлорэтанның, трихлорэтиленнің қысқаша физикалық-химиялық және уыттық қасиеттері. Бірінші медициналық көмек және негізгі емдеу жолдары. Табиғи улардың қысқаша сипаттамалары. Өсімдік және жәндіктердің уларымен зақымданғандардың клиникалық айырмашылықтары. Бірінші медициналық көмек және емдеу негіздері.
№ 12 тақырып. Далалық оттектік тыныс алу аппаратурасы.
Улы заттардан пайда болатын уыттық гипоксияның түрлері. Табельді оттегі аспаптары және өкпеге жасанды тыныс алдыру құралдары. Зақымданған ауада оттегін беру және жасанды тыныс алдыру құралдары. Олардың арналуықұрылысы, жұмыс істеу тәртібі. Оттегі құралдарымен жұмыс істеу, қауіпсіздікті сақтау шаралары.
№ 13 тақырып. Радиобиологияның пәні, мақсаты және міндеттері. Иондаушы сәуле түрлері және олардың қасиеттері.
Радиобиология пәні. Радиобиологиялық зерттеулердің мақсаты. Электромагнитті иондаушы сәулелену, олардың қасиеттері. Корпускулярлық иондаушы сәулелену. Тығыз иондаушы және сирек иондаушы сәулелену. Иондаушы сәулеленудің ауқымын бағалау. Дозиметрияның негіздері. Иондаушы сәулеленудің негізгі көздері. Радионуклидтер-радиациялық қауіп көзі.
№ 14 тақырып. Радиобиологиялық әсерлер.
Радиобиологиялық әсерлердің жіктелуі (қалыптасу деңгейі, пайда болу мезгілі, сәулеленген ағзаның тағдыры). Иондаушы сәулеленудің әсер ету кезіндегі алғашқы биологиялық кезеңдері. Тіннің сәулеленуден кейінгі реакциясы. Сәулеленудің тінге, ағзаға және жүйке жүйесіне тигізетін әсері. Тіннің радиосезімдігі.
№ 15 тақырып. Ядролық жарылыста және радиациялық аварияларда әскердің жеке құрамына зақым келтіретін факторлар. Сәулелі зақымданулар.
Сыртқы сәулеленуден зақымдану. Ядролық қарудың зақымдау себептері. Ядролық жарылыстың радиациялық емес себептері. Сәулемен зақымданудың сипаты. Сыртқы сәулеленудің түрінен және әсер ету жағдайына байланысты сәулемен зақымданудың сипаттамасы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет