7.1.1.1 - мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау;
7.1.5.1 - проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді
жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау
Оқылым
7.2.4.1 - идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің
тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра
талдау;
7.2.6.1 - оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу
Жазылым
7.3.1.1 - әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі
жоспар құру;
7.3.4.1 - эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген
мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу
(дискуссивті эссе).
7.4.4.1 - етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті тілдесім барысында
қолдану;
5-бөлім:
Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы
Тыңдалым және айтылым
7.1.2.1 - әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог,
полилогтердегі (ән, интервью) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені
талдау;
7.1.4.1 - мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі
ойды анықтау
Оқылым
7.2.5.1 - мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру;
7.2.7.1 - ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді
қолдану, авторына сілтеме жасау
Жазылым
7.3.2.1 - жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды
қолдана отырып, шағын мақалақұрастырып жазу;
7.3.6.1 - мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру, синонимдік
қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау