Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар: жұмыс дәптерлерінің болуы, танымдық іс-әрекеті мен ой өрісін, басқа ғылыммен байланысын, компьютер техникасын, интернет желісін пайдалану.
Пәнаралық байланыс: химия, математика, география, экология, тәнтану, жануартану.
Кәсіпке бағдарлау: биология, медицина, ауыл шаруашылығы, химия, биотехнология бағытында даярлау.
5.Курсты ұйымдастыру формасы: дәріс ( лекция ), ойын, есептер шығару,
топтық және жұптық оқыту әдістері, интерактивті оқыту әдістері, семинар.
6.Курсты оқытуды аяқтау формасы:
-рефераттар жазып қорғау, оны әрі қарай шығармашылықпен жетілдіру, ғылыми жоба жасап қорғау.
-түрлі генетикалық есептер шығару.
-тест сұрақтарына жауап беру.
7.Оқу жетістіктерін бағалау:
-деңгейлік сұрақтар арқылы, тесттік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, өзіндік сынақ жұмыстары арқылы.
Тақырып жоспарының мазмұны.
Достарыңызбен бөлісу: |