«Бекітемін» «Келісілді» Гимназия директоры Директордың ғылыми жұмысы А. Ж. Кисикова жөніндегі орынбасары



Дата03.12.2023
өлшемі18,68 Kb.
#134182

«Бекітемін» «Келісілді»
Гимназия директоры Директордың ғылыми жұмысы
________А. Ж. Кисикова жөніндегі орынбасары
«__»__________ _____________Б.М. Бұлтбек
_________ Г.Г. Курмангалиева
«_______»___________________
Мектепішілік пәндік олимпиадасының тапсырмалары

Пән: Жаратылыстану


Сынып: 5
Мұғалім: Ахмедина А.Қ


Арқалық қаласы
2018-2019 оқу жылы
Ы.Алтынсарин атындағы гимназия
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ пәні бойынша 5 сыныпқа арналған олимпиада тапсырмалары

1 – тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер (Әр дұрыс жауап 2 – ұпай)

  1. Жаратылыстану пәні нені үйретеді?

  2. Жұлдыз дегеніміз не?

  3. Күн жүйесіндегі ғаламшарларды рет – ретімен жазыңыз.

  4. Прокариоттар дегеніміз?

  5. Жер планетасы қашан пайда болды?



2 – тапсырма. Толықтырыңыздар (Әр дұрыс жауап 2 – ұпай )

  1. Күн жүйесіндегі ең алып планета ол - …………………………(2 ұпай)

  2. …………………Күнге бәрінен жақын айналады (2 ұпай)

  3. Күннен ең алыс орналасқан планета ……………………………(2 ұпай)

  4. Күн жүйесінің газды алып екі гиганты …………………………(2 ұпай)

  5. Прокариоттардан ядросы қалыптасқан біржасушалы ................. пайда болды (2 ұпай)

3 – тапсырма. Тест ( 15 - ұпай)
1. Жаратылыстану ұғымы қандай сөздерден тұрады?
а/ Оқу және үйрену.
б/ Табиғат және тану.
в/ Жаратылыстану.
2. Жұлдыз дегеніміз не?
а/ Бірнеше мың градус температураға дейін қызып тұратын аспанның жарық денесі.
б/ Қатты денелерден тұратын өте суық шар.
в/ Кометалардың бір түрі.
3. Галактика дегеніміз не?
а/ Ғарыштық кеңістік.
б/ Жеке жұлдыздар тобы.
в/ Аспан денелері.
4. Күн дегеніміз не?
а/ Балқылған ыстық газды дене.
б/ Галактикалық жыл.
в/ Ғарыштық кеңістік.
5. Табиғатты танудың әдісі?
а/ Қарым-қатынас жасау.
б/ Шыдамдылық.
в/ Тәжірибе.
6. Қазіргі кезде астронамдардың есептеуі бойынша қанша шоқжұлдыздар бар?
а/ 88
б/ 105
в/ 63
7. Ең жақын Галактика?
а/ Пегас.
б/ Цефрей.
в/ Андронеда.
8. Жер мен Күннің орташа арақашықтығы?
а/ 100 млн км.
б/ 150 млн км.
в/ 195 млн км.


9. Жер Күннен нешінші қашықтықта орналасқан ғаламшар?
а/ Үшінші.
б/ Екінші.
в/ Алтыншы.


10. Комета дегеніміз не?
а/ Атмосферадан өтіп жерге құлайтын дене.
б/ Кіші планета.
в/ Шаң-тозаңмен және мұздан тұратын үлкен шар.
11. Экватор дегеніміз не?
а/ Жердің өз осінен айналуы.
б/ Географиялық ендіктер.
в/ Жердің дәл ортасынан 0 деп алып шартты түрде жүргізілген сызық. 
12. Экатордың ұзындығы неше шақырым (км)?
а/ 40 000 км.
б/ 63 780 км.
в/ 39 960 км.
13. Алғашқы қазақ ғарышкері?
а/ Мұсабаев Т.
б/ Әубәкіров Т.
в/ Хаббл Э.
14. Жетінші ғаламшар?
а/ Шолпан.
б/ Уран.
в/ Марс. 
15. Күнге жақын орналасқан ғаламшар?
а/ Меркурий.
б/ Шолпан.
в/ Нептун.
(Барлық ұпай саны - 35)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет