Қарастырылатын сұрақтар:
1.Өндіріс пен кәсіпорындардың санитарлық жіктелімі.
2. Жұмыс орындарының микроклиматы және олардың параметрлері.
3. Метеорологиялық факторлардың адам ағзасына және еңбек қауіпсіздігіне
әсері.
4. Еңбектің нормативтік метеорологиялық жағдайларын жасау тәсілдері.
1. Өндіріс пен кәсіпорындардың санитарлық жіктелімі Өндірістік микроклимат жергілікті жердің ауа райы және технологиялық процеспен анықталады. Сондықтан әртүрлілігімен ерекшелінеді. Сызба түрінде белгілі бір өндіріс топтарына жататын, жиі кездесетін микроклиматтың типтерін атауға болады.
1.Бірқатар жағдайларда радиациялық салқындату (панельдер) және ауа баптау жүйелерін қолдану арқылы жасалатын оңтайлы метеорологиялық жағдайлары бар өндірістік (қолайлы) микроклимат, мысалы, электрондық, радио-техникалық, тоқыма және өнеркәсіптің басқа түрлерінде кездеседі. Ауа баптау және радиациялық салқындату жүйелері өндірістік бөлмелерде, әсіресе ыстық климат белдігінде кең қолданылады.
2. Жылу бөлу таралымымен сипатталатын өндірістік микроклимат: а) жылу бөлінуі оңша мәнді емес, 20ККал/м3 сағ аспайды; жылу бөлудің негізгі көздері цехта жұмыс істтейтін адамдар мен машиналар; б) елеулі жылу бөлінулер (20ККал м3 сағ жоғары); жылу бөлу көзі әртүрлі машиналар мен агрегаттар (жылытушы микроклимат)
3. Басымдығында сәулелік жылу бөлу мен сипатталатын өндірістік микроклимат (радиациялық микроклимат). Сәуле шығару көздері қызған метелл пештер т.б.
4. Елеулі ылғал бөлумен сипатталатын өндірістік микроклимат:
а) шамалы жылу бөлінуде немесе цехтағы төмен температурада елеулі
ылғал бөлу;
б) цехтағы жоғары температурадағы елеулі ылғал бөлу.
5. Төмен температурада және қоршауда салқындатқыш микроклимат.
6. Жергілікті климаттың және ауа райы мен анықталатын ашық жұмыс алаңдарындағы микроклимат.
Адамның өндірістік қызметіндегі микроклиматтық жағдапйлар жұмыс істеушілердің жұмыс қабілетін және денсаулығын анықтайтын негізгі фактор болып табылады. Мысалы, тоқыма комбинатының тоқымашылары цехтағы 28-29С температурада жіптің үзілгенінің жалғау операциясы 3-5сек орындайды, ал ауаның 34с температурасында 1,1 секунд артық жұмсайды, сөйтіп еңбек өнім-ділігін 20-30% төмендетеді. Көмір шахталарында ауа температурасының 25-
29% дейінт көтерілгенде еңбек өнімділігі әр градус есебіне 3-4% төмендейді, ыстық цехтарда ауаның температурасы 35С-тан жоғарылағанда, еңбек өнімділігі 15% төмендейді. Өндірістік бөлмелердегі микроклимат белгіленген өндіріс салаларындағы еңбек жағдайларын нормалау бойынша қарастырылған санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес болуы қажет.
Цехтарда, жұмыс орындарында қолайлы микроклимат жасауда ғимараттардың үнемді құрылымы, технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру процесі, ауа тазалау, желдету, ауа баптау, сәйкесті беттерді радиоциялық қыздыру мен салқындату, жеке қорғаныс құралдары, т.б.
2. Жұмыс орындарының микроклиматы және олардың параметрлері Жұмыс ортасының метеорологиялық жағдайы деп ауаның температурасы, дымқылдығы, қозғалыс жылдамдығы арқылы қалыптасатын физикалық күйін айтады. Әр өндіріс бөлімшесінің өзіне тән метеорологиялық жағдайын өндірістік микроклимат деп атайды. ЭЕМ жабдықталған жұмыс бөлмелерінің метеорологиялық жағдайы технологиялық процестен және сыртқы ауа райы-
ның жағдайларынан тәуелді болады. Ауа температурасы адамның көңіл күйіне және оның еңбегінің өнімділігіне үлкен әсерін тигізеді. Ауа температурасына технологиялық құралдардан, электр энергиясын механикалық өзгеруіндегі электроқозғалтқыштары бар құралдардан, қызған материалдардан, адамдардан, құрылыс конструкциялары арқылы (сырттағы ауаның ең жоғары температурасын бөлме ішіндегі температурамен салыстырған кезде немесе ғимараттың шыныланған терезелері мен шамдарының беттері арқылы күн радиациясының нәтижесінен) жылу түсуі әсер етеді.
Ауа ылғалдылығы, ондағы су буларының бар болуымен бағаланады. Ауаның жоғары дымқылдығы жағымсыз метеорологиялық жағдай туғызады. Ыстық кезде ауаның жоғары дымқылдығы денеден жылу шығу процесін азайтып, оның қызуы шамадан тыс көтерілуі мүмкін, содан адамның хал-жайы нашарлап, жұмысқа қабілеттілігі төмендейді. Ал суық кезде жоғары дымқылдық денеден жылу шығуын ұлғайтады, оны тоңдырып, адамның хал-жағдайын
нашарлатады.
Жұмыс бөлмелеріндегі ауа қозғалысы жасанды және механикалық желдетуге, ауа массасының біркелкі қызбауына, конвекциялық ауа ағындарының пайда болуына, қозғалыстағы және айналыстағы бөлшектердің ауа ағымына әсеріне байланысты жүзеге асырылады.
Сәулелі энергия әр түрлі құралдардың қатты қызуынан шығуы мүмкін. Жылу сәулелерінің ағындары инфрақызыл сәулелерден тұрады. Инфрақызыл сәулелену адам организміне жергілікті және жалпы әсер етуімен сипатталады. Сәулелі энергия жұмысшыға тек тікелей әсер етіп қана қоймай, қоршаған конструкциялармен, жабдықтармен, материалдармен шағылыса отырып, жылу энергиясына айналады, ол бөлме ішінде ауа температурасының өсуіне әкеледі.
3. Метеорологиялық факторлардың адам ағзасына және еңбек қауіпсіздігіне әсері Еңбектің санитарлы-гигиеналық шартына метрологиялық факторлар (температура, ылғалдық, ауа қозғалысының жылдамдығы) бу, газ, шаңмен ауаның ластану деңгейі, сондай-ақ шуыл, дірілдеу, электромагнитті, лазерлі, иондаушы сәулелену жатады.
Жұмыс ортасына сыртқы орта факторларының көрсеткіштеріне қарай қолайлы (адам жұмыс қабілетінің тиімді динамикасын, жақсы көңіл-күй және оның денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді), салыстырмалы қолайлы (қойылған жұмыс қабілетін және денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, бірақ адамда нормадан шықпайтын, қолайсыз субъективті сезіну мен қызметтік өзгерісті тудырады), қысылтаяң (нормадан шығатын ағзада айрықша өзгерістер тудыратын және жұмыс қабілетін төмендетуге негізделген, бірақ патологиялық өзгерістерге апармайды) және аса қысылтаяң жұмыс ортасы (адам организмінде патологиялық өзгерістердің пайда болуына әкелетін және еңбек қызметін орындай алмау мүмкіндігіне әкеледі) болып бөлінеді. Тірі ағзалардың жұмыс істеу жүйелері қысымның әдеттегі шектеріндегі жер бетіне жақын жердегі атмосфераға тән газ қоспаларының құрамына қатты бейімделген. 760 мм сынап бағанасындағы қысым кезінде құрам мынандай:
азот — N2 = 78%, оттегі — О2 = 21%, инертті газдар — 1%, көмірқышқыл газы — СО2 = 0,03%. Адамның дем алу қызметі ағзаның және сыртқы ортаның аралықтарындағы газ алмасуын, оттегіні тасымалдауды және оттегімен қоректенуді, көмірқышқылын бөліп шығаруды іске асырады. Дем алу (тыныс алу) қозғалыстары әрбір жұту және шығару кезіндегі ауаның көлемі 500 мл-ге дейін болған кезде минутына 15...18 рет жиілікпен жүреді. Оттегімен қоректенудің және көмірқышқыл және басқадай газдарды бөліп шығарудың тиімділігі газ құрамындағы газдардың парицалдық қысымына тәуелді.
Парицалдық қысым – бұл қоспаның құрамына кіретін газдың, егер ол қоспаның барлық көлемін алғандағы жағдайда жасай алатын қысымы. Жақсы жағдайларда ішке жұтылатын ауа қоспасының газдарының парицалдық қысымы мынаны құрайды: О2=156; СО2=0,2; N2 + Аг=590; Н2О=13,8 мм сынап бағанасы (20°С температурада және 80% ылғалдылықта). Нашар керісінше жағдайлар оттегіні кеміткен кезде немесе біршама көбейткен кезде және ішке жұтылатын ауа қоспасындағы көмірқышқыл газының құрамын жоғарылатқан кезде пайда болады. Қалыпты атмосфералық қысым кезінде көмірқышқыл газының құрамын көбейтпей-ақ оттегінің құрамын 19%-ға дейін кеміту ағзаның дем алу қызметіне және жұмысқа қабілеттілігіне тіпті әсер етпейді. Ал оттегінің құрамын 17%-ға дейін азайту дем алу (тыныс алу) жиілігінің көбеюіне, көру талдауышының (анализаторының) сезімталдығының төмендеуіне, қозғалыс үйлестігінің бұзылуына алып келеді. Ауаның ластануы бір бағыттық (химиялық құрамы бойынша және адам ағзасына тигізетін физиологиялық әсер етуінің сипаты бойынша бір-біріне жақын) әрекеттегі заттармен тудырылады.
Тәулігіне 8 сағаттан артық емес жұмыс ұзақтығы болған кезде жұмыскерлердің денсаулықтарының күйлерінің ауытқуларын және науқастануларын болдырмау үшін барлық жұмыс стажындағы бір бағыттық әрекеттегі зиянды заттардың шындығындағы шоғырлануының олардың ақырғы шекті концентрациясына қатынастарының қосындысы 1,0-ден асып кетпеуі керек.
4. Еңбектің нормативтік метеорологиялық жағдайларын жасау тәсілдері Аталған көрсеткіштер метеорологиялық шарттарды сипаттай отырып, адам организміне өзара байланысты әсер етеді. Желдеткіш жүйелерді жобалауды әдетте шекті микроклиматтық шарттар қолданылады, ол микроклимат көрсеткіштерінің үйлесімі, яғни адамға ұзақ және жүйелі әсер етуде физиологиялық қалыптасқан мүмкіндіктер шегінен аспайтын термореттеудің реакциясы жиілігі мен организмнің функционалдық және жылу жағдайдың өзгеруін жылдам қалпына келтіру мен ауысуды шығаруы мүмкін. Жылу шығындарын, орындалатын жұмыстың ауырлығы мен жыл кезеңдерін ескере отырып, жұмыс бөлмелерінің (жұмысшылардың үнемі немесе уақытша келетін орындарынан, еден немесе ауданнан 2 м-ге дейінгі биіктік кеңістігінде) жұмыс зоналары үшін метеорологиялық шарттардың оңтайлы және рұқсат етілген көрсеткіштері СН 245–71 және МЕСТ 121005–76 бекітілген.
Адам организміне зиянды заттар аз мөлшерде ене отырып, оның органдары мен жүйелерін толығымен немесе бөлшектеп өзгертуі мүмкін. Өзгеру сипаты мен деңгейі зиянды заттардың химиялық құрамын, ену жолы, әсер ету ұзақтығы, санына, қоршаған орта температурасы, организм жағдайы мен көптеген басқа факторларға байланысты.
Организмде жылу шығу процесімен қатар, одан сыртқы ортаға жылуды беру процессі бірге жүріп отырады. Сондықтан адам денесінің температурасы әрқашан тұрақты мөлшерде болады (орта есеппен 36,5 0С). Жылу шығу және жылу беру процесстерінің тепе-теңдігі, яғни жылулық балансы, терморегуляция механизмі арқылы жүзеге асырылады. Адам денесінде әртүрлі биохимиялық процесстердің үздіксіз өтуі арқасында үнемі жылу шығып тұрады. Жылудың мөлшері істелген жұмыстың ауырлығымен байланысты болады. Сондықтан жұмыстар ауырлығы жағынан төрт категориға бөлінеді: жеңіл жұмыс І (энергия шығыны <172 Дж/с), орташа ауыр жұмыс ІІа (172-232 Дж/с), орташа ауыр жұмыс ІІб (232-293 Дж/с), ауыр жұмыс ІІІ (>293 Дж/с).
Терморегуляция деп - дененің температурасын тұрақты мөлшерде сақтау үшін организм мен сыртқы ортаның арасындағы жылу алмасуын қамтамасыз ететін адамның физиологиялық қабылеттілігін айтады. Ол адамның ой-сезімімен байланыссыз, өздігімен орындалады. Организмнің сыртқы ортаға жылу беру процесі мынадай жолмен орындалады: жылу сәулелері (радиация) - 45%, конвекция - 30%, тердің булануы - 25%. Микроклиматтың санитарлық нормалары оңтайлы және қолжетімді болып бөлінеді. Оңтайлы жағдайлар қолайлы жылылықты қажнт ететін нысандарда ауруханаларда, балалар мекемелерінде, театрларда клубтарда сақталады.
Оңтайлы микроклимат жағдайлары-жылу реттеу реакциясының күштеуінсіз климат параметрлерінің қосындысына адам ағзасына ұзақ және жүйелі әсерінде ағзаның қалыпты функционалдық және жылу жағдайын қамтамасыз етеді. Қолжетімді микроклимат жағдайлары физиологиялық бейімделу мүмкіндік шектерінен аспайтын, адамға ұзақ және жүйелі әсер ететін микроклимат параметрлерімен сипатталады. Бұл ретте денсаулық жағдайларының зақымднуы немесе бұзылуы болмайды, бірақ қолайсыздау жылулық сезінулер, көңіл күйдің нашарлауы және жұмыс қабілетінің төменделуі болуы мүмкін. Жұмыс орындарында қолайлы метеорологиялық жағдайлар (комфорт зонасы) жасау үшін ауаның барлық параметрлері санитарлық нормаларға сәйкес болу керек (1-кесте). Комфорт зонасы деп - денеде жағымсыз сезім туғызбайтын метеорологиялық факторлардың тигізетін әсерінің шегін айтады.
№6 дәріс. Зиянды заттар және сәуле шығарудан қорғау
172>
Достарыңызбен бөлісу: |