«Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасының жылдық жоспары
2023-2024 оқу жылы
Жобаның мақсаты: Оқу мәртебесін, оқу сауаттылығын және оқу сапасын арттыру,
сондай-ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік
құндылықтарды қалыптастыру.
Жобадан күтілетін нәтижелер: мектеп оқушыларының кітап оқуға белсенділігі артады.Мектеп оқушыларының оқырман белсенділігі және оқырман біліктілігін дамытуға бағытталған жоба жүйесі қалыптасады.Отбасылық кітап оқу дәсүрі жаңғыртылады.Жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, жалпы ой –өрісін дамытуда, жоғары эстетикалық талап-талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы –кітап екенін түсінеді.Оқушылардың оқырмандық мәдени тәрбиесі, көркем әдебиетке, кітапқа деген қызығушылығы дамиды.
Интерактивті әдістемелерді қолдану арқылы электронды кітаптарды оқуға және аудиокітаптарды қолдана білуді меңгертеді.