Бекітемін: Мектеп директоры: Д. Е. Сағымбаев



Дата15.11.2023
өлшемі107,5 Kb.
#123697
Байланысты:
Жоспар 2023


Бекітемін:______________
Мектеп директоры: Д.Е.Сағымбаев
«І. Жансүгіров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2023 - 2024 оқу жылындағы оқушылар және мектеп ұжымы арасындағы қалыптан тыс Діни ағымдар, діни экстремизм, терроризмге қарсы жүргізілетін жұмыстарына арналған іс – шаралар жоспары





Атқарылатын жұмыстар

Қатысушылар

Жүргізілу формасы



Мерзімі

Жауапты

1

Діни ағымдар, діни экстремизм, лаңкестікке қарсы жүргізілетін жұмыстарына арналған іс – шараларының жылдық жоспарын түзіп, бекіттіру.

Мектеп әкімшілігі

ұйымдастыру,
жоспар түзу

қыркүйек

ДТІЖО



2

Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптардың ережесімен оқушылар және мұғалімдерді таныстыру

1-11 сынып оқушылары
педагогтар

насихаттық жұмыстар жүргізу

қыркүйек


Мектеп әкімшілігі



3

Ата – аналар арасында терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптардың ережесімен таныстыру

Ата-аналар

Насихаттық жұмыстар жүргізу

қазан

Мектеп әкімшілігі

4

Қазақстан Республикасы аумағында тыңдауға, көруге тиым салынған әлеметтік желідегі сайттар туралы

7-11 сыныптар

Ақпараттық жұмыс

Қазан

ДТІЖО
Ауыл имамы

5

«Дін дегеніміз не?», «Діни экстремизм ұғымын қалай түсінесіз?»

8-11 сыныптар

Сауалнама

қараша

Психолог
Сынып жетекшілер

6

«Сіз қандай діни ұйымға барасыз?», «Рұқсат етілмеген діни ұйымдардың атауын білесіз бе?»
тақырыптарымен сауалнама

8-11 сыныптар

Сауалнама

ақпан

Психолог
Сынып жетекшілер

7

«Зайырлы мемлекет және дін»

7-8 сыныптар

дәріс сабағы формасында

Сәуір

Дінтану пәнінің мұғалімі Б.М.Хасенова

8

«Дін және эктремизм» тақырыбында сынып сағаттарын өткізіп, нұсқаулықтар жүргізу

7-11 сыныптар

Сынып сағаттары

уақытында

Е.Қалқаман
Сынып жетекшілер

9

Қорғаныс мақсатында жаттығу өткізу

Мектеп ұжымы, 1-11 сыныптар

Оқу-жаттығу

Тоқсан сайын

Е.Қалқаман
Г.С. Шатырбаева

10

Қауіпсіз мектеп, қауіпсіз оқушы. Оқушылар арасында әнгіме жүргізу

1-11 сыныптар

Әңгіме

үнемі

Сынып жетекшілер

11

Жыл бойында жүргізілген жұмыстардың қорытындысын жинақтау, талдамалық материалдар негізінде жаңа 2019 – 2020 оқу жылының жоспарын түзу

Сынып жетекшілер

Анықтама

Мамыр

ДТІЖО
Сынып жетекшілер

Іс – шараны түзген: ДТІЖО Мамырбаева А.Т


«І. Жансүгіров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 5 қыркүйекте террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды түсіндіру ХАТТАМАСЫ


Қатысқандар: мұғалімдер мен оқушылар


Күні: 05.09.2022
Өткізілген орны: лездеме алаңы
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1. Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды түсіндіру. Баяндамашы мектеп директоры Д.Е. Сағымбаев


ТЫҢДАЛДЫ:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры Д.Е. Сағымбаев Терроррист дегеніміз – террористік іс – әрекетті жүзеге асыруға арналған адам екендігін, террористік әрекеттер жеке және топтасқан түрде болатындығын, бұл ұйымдасқан топтар халық көп шоғырланған аумақты қамтитындығын түсіндіре келе, ондайда алын ала ұйымдасқан, жоспарланған, әкі қылықпен дайындалатындығын әңгімеледі. Ондай кезде үлкен сабырлық әр адамға керек қасиет екендігіне тоқталды.
Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптардың жалпы ережелерін түсіндіріп рет – ретімен атап өтті.Қай уақытта болсада күдік тудыратын адамдар немесе заттар (каробка, сумка, қапшықтар) көреген жағдайда мектеп басшысы немесе әкімшілік қызметкерлері немесе 102 номеріне тез арада хабарласуды сұранамын.
Сонымен қатар, әлеуметтік желідегі мониторинг жұмыстары жайлы таныстырды. Қазақстанда қазіргі таңда мониторинг нәтижесі көрсеткендей 4 миллионға жуық адам әлеуметтік желіні белсенді қолданады, яғни 20% астамы. Оның ішінде кеңінен Инстограмм мен Вконтакте желісін 2 миллионға жуық адам қолданады. Басым көпшілігі 18 жасқа дейінгі жастар. Жетісу облысы бойынша желі қолданушылардың 4 бағыт (Салафизм, суфизм, суруризм, елуіншілер) мониторингісін көрсетіп және қандай аккаунттарға тіркелмеу керектігін таныстырды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында діни әкстремизм мен терроризмге қарсы іс – қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны» орындау мақсатында «Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің сақталуын, терроризм зардаптырының және діни экстремизмнің алдын алу» туралы іс – шаралар

Жиналыс төрағасы: Сағымбаев Д.Е


Хатшысы: Мамырбаева А.Т

«І. Жансүгіров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы желтоқсан айының 8 жұлдызында «Қауіпсіз мектеп – қауіпсіз оқушы» атты тақырыпта 9 – 10 сынып оқушылары арасында жүргізілген дөңгелек үстелдің


ХАТТАМАСЫ


Қатысқандар: 9 – 10 сынып оқушылары


КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1. Қауіпсіз мектеп – қауіпсіз оқушы атты дөңгелек үстел. «І. Жансүгіров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ДТІЖО Мамырбаева А.Т
ТЫҢДАЛДЫ:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ДТІЖО Мамырбаева А.Т
бүгінгі таңда өзекті мәселенің біріне айналып отырған террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды түсіндіру мақсатында мектебімізде атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті. Қауіпсіз мектеп – қауіпсіз оқушы болу үшін әрбір оқушы өз міндетін дұрыс атқара білуі қажет.Соның бір дәлелі ретінде бүгінгі кездесудің маңызы зор екеніне тоқталды.
Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптардың жалпы ережелерін түсіндіріп рет – ретімен атап өтті. Бейне құрылғылардың дұрыс жұмыс жасауын және жарылғыш құрылғылардың орнатылуы мүмкін орындарды анықтап профилактикалық іс – шаралар жүргізу керек екендігін атап өтті. Жалған террорлық акт туралы хабарлама берген жағдайда берген адам құқық қорғау органдарымен анықталып ,жалған хабарламада көрсетілген нысанға шыққан құқық қорғау органы төтенше жағдайлар мекемесінің топтарының шығыны есептелініп, хабарлама берген адамнан өңдіруге қатысты іс-шаралар көріледі. Сонымен қоса, ҚР-ның «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабаында террористік іс-әрекетін алдан алу. 1,2 -тармақшасында көрсетілгендігін атап өтті. Кезкелген ата – ана террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптардың ережесімен толық таныс болуы тиіс.

Жиналыс төрағасы: Мамырбаева А.Т


Хатшысы: Шешенгелдинова А.Т
«І. Жансүгіров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мұғалімдеріне өткізілген түсіндірме жұмыстары.


Діни экстремизм және терроризм: оның туындау себептері


Жастар арасындағы аса маңызды бағыттардың бірі - экстремизмнің алдын алу жұмыстарын өткізу болып табылады. Мамандардың айтуынша, діни экстремизм және терроризмнің бағыттарына ену ортасына психикалық тұрғысы әлі қалыптаспаған оқушылар тобы жатады.
Сондықтан да педагогтардың басты міндеттерінің бірі - экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу шараларын қабылдауға, анықтауға және экстремистік және террористік қызметтерін жүзеге асыруға бейімделген себептер мен жағдайларды жоюға ықпал етуді жүзеге асыру. Діни экстремизм және терроризм: оның туындау себептері атты дөңгелек үстел өткізілді. 
Дөңгелек үстелдің мақсаты: адамның қауіпсіздігі, діни экстремизм және терроризм көріністерінің қоғамға қауіптілігінің алдын алу және оған жол бермеу.
Дөңгелек үстелде ауданымыз ішкі саясат бөлімі қызметкерлері ауданымыз бас имамы экстремизмнің пайда болуының негізгі себептерін белсене талқылап, діни экстремизм мен лаңкестік идеологиясының тетіктеріне қарсы әрекетті, оқушылардың бойындағы жағымсыз қарым-қатынасты , экстремизм мен терроризм ұйымдарының өскелең ұрпақты өз іс-әрекеттеріне тартуды түбегейлі өзгерту мәселелеріне,тоқталды. 
Бүгінде білім беру жүйесі экстремизм мен ұлтшылдық көріністердің алдын алу, балаларды, жасөспірімдер мен жастарды төзімділік рухында,(толеранттылыққа) тәрбиелеуде барлық қажетті ресурстарға ие .

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет