https://www.youtube.com/watch?v=ULGILG-ZhO0 (ағылшын тіліндегі бейнелер барлық негізгі қағидаларды түсіндіреді);
https://www.edb.gov.hk/en/edu-system/primary-secondary/applicable-to-primary-secondary/it-in-edu/information-security.html (Гонг Конгта мектеп оқушыларына арналған Киберқауіпсіздік бойынша PDF файлдары бар). 8) Дене тәрбиесі салауатты өмір салтының, дене шынықтыру мен спорттың, дене бітімін жетілдірудің құндылығын, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың құндылығын қалыптастырады.
Орта білім беру ұйымдарында бұқаралық спорт түрлері (футбол, волейбол, баскетбол, гандбол, футзал, ұлттық спорт түрлері: асық ату, тоғыз құмалақ, қазақ күресі) бойынша мектептік спорт лигалары желісін кеңейту және спорт түрлері бойынша мамандандырылған сыныптар мен спорт секцияларын ашу маңызды. Ұлттық және бұқаралық спорт түрлері бойынша ұлттық спорт лигаларын, қысқы және жазғы спорт түрлері бойынша оқушылар спартакиадасын дамыту және оқушыларды бұқаралық спорт түрлерімен қамтуды ұлғайту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.
Дене тәрбиесі міндеттерінің бірі – білім алушыларды республикалық көпдеңгейлі балалар-жасөспірімдер турнирлері мен жарыстарына, халықаралық жарыстарға (қысқы және жазғы Дүниежүзілік Гимназиада) қатысуға белсенді тарту.
Жасөспірімдердің ұрпақты болу денсаулығын сақтау, нашақорлықтың, маскүнемдіктің, темекі шегудің, АИТВ-ның алдын алу және салауатты өмір салтының негіздері бойынша семинар-тренингтер өткізу – тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі.
Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды өткізу үшін бұқаралық спорт түрлері (футбол, волейбол, баскетбол және т. б.) бойынша мектеп спорт лигасын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар қоры болып табылады https://www.nao.kz). Тәрбие жұмысын жоспарлау кезінде жоспарлаудың өзекті нысанын мегажоба ретінде пайдалану ұсынылады, оның ішінде ортақ мақсатпен, оларды орындау уақытымен біріктірілген өзара байланысты жобалар. Жобалар шеңберіндегі іс-шаралардың сәтті болуының шарттарының бірі – сынып жетекшісінің барлық жүзеге асырылатын қайта құрулардың маңыздылығын түсінуі, олардың білім беру үрдісінде өз қызметін талдауы.
Тәрбие жұмысының нәтижелерін бағалау кезінде үш деңгейді ескеру қажет. Бірінші деңгей – оқушының әлеуметтік білім алуы және күнделікті өмірде әлеуметтік шынайылықты алғашқы түсінуі. Екінші деңгей – оқушының өмірлік тәжірибе және қоғамның негізгі құндылықтарында (адам, отбасы, Отан, табиғат, әлем, білім, еңбек, мәдениет), жалпы әлеуметтік шынайылықта құндылық қатынасын алу. Үшінші деңгей – оқушының тәуелсіз әлеуметтік іс-әрекет тәжірибесін алуы. Әдістемелік ұсынымдарда сипатталған тәрбиелік іс-шара критерийлері: қойылған мақсаттарға қол жеткізу деңгейін өлшеу критерийлері (бәсекеге қабілеттілік; прагматизм; ұлттық бірегейлікті сақтау; білімге табыну; Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы; сананың ашықтығы). Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2018. – 120 б. Білім беру ұйымдарындағы атрибуттарды ұлттық құндылықтар негізінде жүргізу ұсынылады:
1) тұлғааралық қатынас. Білім беру ұйымдарындағытұлғааралық қатынастың алғашқы көрінісі амандасу. Қазіргі уақытта «педагог-педагог», «педагог-оқушы», «оқушы-оқушы» арасында амандасу рәсімінде «Сәлеметсіз бе, апай (ағай)!», «Сәлем!» деген сөздер қолданылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, ашық, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады» делінген. Ал Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 3-бабының 4-тармағында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерінің бірі – білім берудің зайырлы сипаты деп анықталған.
Осы ретте білім беру ұйымдарында бірін-бірі көрген сәттегі «педагог-педагог», «педагог-оқушы», «оқушы-оқушы» арасындағы амандасуды «Қайырлы таң!», «Қайырлы күн!», «Қайырлы кеш!» сөздерімен білдіру ұсынылады. Қазіргі уақытта оқу қазақ тілінде жүргізілетін мектептерде қолданылатын оқушының мұғалімге қаратыпайтылып жүрген«Апай», «Ағай» қаратпа сөздерінің түбі туыстық қатынасты білдіретін «Апа», «Аға» ұғымдары негізіндегі сөздер. Білім беру ұйымдарында «оқушының педагогке», «педагогтің-педагогке» қатысты қаратпа сөзі ұстаздық қызметпен байланысты ұғымға негізделгені жөн. Ондай ұғымдар – «Мұғалім», «Ұстаз», «Ханым», «Мырза» немесе «Аты және әкесінің аты».
Сонымен бірге педагогтің оқушыға қаратып айтатын қаратпа сөзін оқушының атымен айту ұсынылады. Осымен қатар оқушыға «сен» немесе «сіз» деп айту ұсынылады.
2) Оқу процесін білім алушылардың денсаулығын сақтау технологиялары негізінде ұйымдастыру талабына сай сабақтардың арасында соғылатын қоңыраулардың үнін ізгілендіру мәселесі өз шешімін табуда.
Бүгінгі күнгі қоладан құйылып жасалған қоңырау Символ ретінде директордың жұмыс орнында көрнекті жерде тұрады. Ол «Алғашқы қоңырау», «Соңғы қоғырау» салтанатты сәттерінде соғылады. Ал күнделікті оқу процесінде электрқоңырау соғылады.
Республиканың көптеген мектептерінде электрқоңыраудың орнына музыкалық әуендер қолданылады. Музыкалық әуен ретінде домбырамен орындалатын күйлер: сабақтың басталуын «төкпе», аяқталуын «шертпе» күйлермен орындау ұсынылады. Күйлердің жазбалары ӘНХ-ның толық нұсқасында берілген.
3) Білім беру ұйымдарының басшыларына мектептің алдында тұрып таңертеңгілік немесе түстен кейін мектепке келген балаларды күтіп алу және сабақтан соң шығарып салу рәсімін енгізу ұсынылады.
4) Ізгілендіру талабы мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынаста да көрініс табуы тиіс. Мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты жаңа форматқа көшіру мақсатында «Ата-аналар үшін қонақжай», «Директорлық сенбі», «Педагогикалық консилимум» жобаларын жүзеге асыру ұсынылады.
5) Білім беру ұйымдарында мәдени-көпшілік іс-шаралар бірізді идеологиянегізінде ұйымдастыру ұсынылады. Ол – прагматизм идеологиясы, яғни өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді. Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі. Осы тұрғыда білім беру ұйымдарындағы мәдени-көпшілік іс-шаралар «Алғашқы қоңырау», «Соңғы қоңырау», «Мектеп бітіру салтанаты», «Жаңа жыл», «Наурыз мерекесі», «Тұңғыш Президент күні» оқушылар мен педагогтердің өз күштерімен, ата-аналардың белсенді (қаржылық емес) қатысуымен қарапайым, сонымен бірге салтанатты түрде ұйымдастыру ұсынылады. «Алғашқы қоңырау» және «Соңғы қоңырау» іс-шараларында жас бүлдіршін мен жас түлекке өмір бойы жүрегіне жақын болатын, жол сілтейтін, мақтаныш тұтатын «Естелік кітап» тарту ету ұсынылады. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту шарасын да мектеп ауласына «Тәуелсіздік аллеясын» отырғызу, облыс/қала/аудан көлемінде «Педагогтер аллеясын» отырғызу тәрізді шараларды ұйымдастыру ұсынылады. Мектеп түлектерінің кездесуін өткізуді меценаттық негізге бағыттау ұсынылады.
Білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтері білім алушылардың зияткерлік сайыстары мен спорттық жарыстарын, педагогтердің кәсіби сайыстарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 232 бұйрығымен бекітілген тізімге сай және жергілікті атқару органдарының қаулылары мен Білім басқармаларының бұйрығы негізінде ақысыз ұйымдастыру қажет. Білім беру ұйымдарының, педагогтердің, білім алушылардың оқу, кәсіби жетістіктерін бағалауда осы ресми сайыстар мен жарыстардың нәтижелерін есепке алу ұсынылады. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100022817#3