Тәрбиеніңкешендіжоспарын іскеасырудабалалардыңжасерекшеліктерінескерудеберілетінұсынымдар: 6-10жастағыбалатәрбиесі Ұсынылады: - тәрбиелік іс-шаралардың мазмұны, форматы, көркемдік стилі, ұсынылу тәртібі қазіргі балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне, қызығушылықтарына, қабылдауына сәйкес болуы;
- қысқа және ұзақ мерзімде іске асырылатын тақырыптық жобаларды жоспарлау арқылы тәрбие жұмысының жүйелілігін, бірізділігін, тұтастығын қамтамасыз ету;
- халық ауыз әдебиеті үлгілері, көркем шығармалар тәрбиелік шаралар мен жобалардың мазмұнын қамтамасыз ететін дереккөзі ретінде қолдану;
- бастауыш сынып білім алушыларының мінез-құлық әдебі мен өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастырудың құралдарының бірі ретінде қазақ халқының мақал-мәтелдерін, тыйым сөздерін қолдану;
- ұлттық ойындарды («Асық ату» өткізу, Хан талапай, Арқан тартыс, Алтыбақан, Айгөлек, Белдесу, Саққұлақ, Тымпи, Тоғызқұмалақ т.б.) баланың физикалық, зияткерлік тұрғыдан дамуына ықпал ететін құралдардың бірі ретінде