Аралық бақылау: Бір оқу пәні бойынша, бір академиялық кезеңде аралық бақылау кем дегенде екі рет жүргізіледі. Аралық бақылауды осы пәннің оқытушысы жүргізеді және оқу пәнінің бірнеше бөлімін аяқтағаннан кейін студенттердің оқу жетістіктерін тексеру үшін қажет.
Емтихан: курс бойынша барлық материалдарды қамтиды жән еқорытындылайды. Емтихан жазбаша өткізіледі және түрлі тапсырмаларды қамтиды: дәріс бойынша өтілген материалдарды қамтитын сұрақтардан, нақты тапсырмаларды практикалық шешуден тұрады. Емтихан ұзақтығы 2 академиялық сағат. Емтиханда егер баға төмен болып қалса, оны көтеру үшін ешқандай қосымша сұрақ берілмейді. Сондай-ақ емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді
Жұмыстыбағалаукритерийлері:
Әріптік жүйе бойынша бағалау
Сандық жүйе бойынша бағалау
Критерий
А
95 – 100
Оқушы оқу материалын терең зерттеді. Сұрақтарға дәйекті және толық жауап береді. Алынған білімді практикада еркін қолданады. Практикалық, зертханалық және курстық жұмыстарды қателеспей, стандартпен белгіленген уақытта дұрыс тапсырады. Материалды қорытуға және өз қорытындыларын шығаруға, мысалдар келтіріп, пікірлерін білдіруге қабілетті
A -
90 – 94
Оқушы оқу материалын терең зерттеді. Сұрақтарға дәйекті және толық жауап береді. Алынған білімді практикада еркін қолданады. Практикалық, зертханалық және курстық жұмыстарды қателеспей, стандартпен белгіленген уақытта дұрыс жасайды.