Жұптық жұмыс «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі
Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен кейін, оларды тыңғылықты
орындауға бағытталған интерактивті тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін, әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен
жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі.
Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа
жариялауын сұрауына болады.
|
1- тапсырма Интернетте қауіпсіз жұмыс жасау ережесін құрастырыңдар. Ережені мәтіндік редакторға жазып сақтаңдар. Қағазға басып шығарып, сыныптастарыңа таныстырыңдар. Олармен пікір бөлісіңдер.
Дескриптор
Интернетте қауіпсіз жұмыс істеу
ережесін құрастырады.
Ережені мәтіндік редакторға жазып, сақтайды.
Сыныптастарымен пікір бөліседі.
|
Қалыптастырушы бағалау
Жұптасқан оқушылар бір-бірін тапсырма орындау белсенділігіне қарай «Жұлдызшалар» әдісі арқылы бағалайды.
|