Ширату тапсырмасы. 1. Қандай тағамды ұнатасың?
2. Жаңылтпашты жаңылмай айтуға дағдылан.
1. Есет атам ет асатар,
Ет асатса, бес асатар.
2. – Мынау балқаймақ қай балқаймақ?
– Бұл балқаймақ – май балқаймақ.
3. Мәтіндерді түсініп оқы.
Қымыз
Үш кесе iшем күнiне,
Мен қымызды сүйемiн.
Ашытылған күбiде,
Ол – сүтi ғой биенiң.
Қадыр Мырза Әли
Күбi – ағаштан жасалған ыдыс. Ол сүттен сары май
алу және қымыз ашыту үшін пайдаланылады.
Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда) «Көршіңе әңгімелеп бер» Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады. Сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз, одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз, оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз.
Малта Езген құрт қой жұқарған,
Не жетедi малтаға?
Аштықтан сол құтқарған
Жүрсе егер қалтада.
Қадыр Мырза Әли
Дескриптор:
мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.
шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.
берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау
Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.
Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)
«Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі арқылы суретпен және мәтінмен жұмыс жасайды.
Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау
Форматив
ті бағалау.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.