Жаңа білім мен тәжірибені қолдану «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады.
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) «Елестету» әдісі арқылы жаңа тақырыпты шығару.
Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.
Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.
ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.
Психологиялық ахуал.
Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары.
Ортасы
Ширату тапсырмасы. Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда) «Көршіңе әңгімелеп бер» Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады. Сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз, одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз, оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз.
Дескриптор:
мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.