ҮІ. Тәрбие жұмысы 1. Тәрбие жұмысы жоспары Тәрбие- халықтың ғасырлар бойы жинақтап,іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру,баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын,дүниетанымын,өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.
Тәрбие жұмысы жоспарының мақсаттары:- -Оқу-тәрбие процесінің жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу, халқымыздың мәдени-тарихи, рухани байлығын жаңғырту арқылы азаматтық-патриотизм, ұлттық интеллектуалдық түсінігін қалыптастыру.
-Алған білім-білік дағдыларын өмірде іске асыра білуге тәрбиелеу.
-ХХІ ғасырдағы рухы жоғары өркениетті елдің жастарын тәрбиелеу.
- Өзінің тәрбиеленушілеріне бар мүмкіндігінше білім алуға көмектесу;
- Сыныпты білім сапасы үшін күресуге тәрбиелеу;
- Танымдық қызығушылықтарын және сынып ұжымының танымдық іс - әрекеттерін дамытуға атсалысу;
Тәрбие жұмысының міндеттері: -Оқу процесінде және одан тыс уақытында бала бойында ғылыми,рухани білімге қызығушылығын арттыру;
-Оқушылар бойында адамгершілік дағдыларын қалыптастыру,күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету;
-Балаларды ұжымда өзін-өзі көрсете білуге,өз ойын еркін дәлелдей білуге дағдыландыру;
-Оқушылардың шығармашылық және танымдық істерге араласуға дайындығын дамыту,олардың бойында ұлтжандылықты,азаматтықты,төзімділікті,рухани құндылықты,рух жігері шыңдалған,әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыру;