«бекітемін» ртжбф деканы


МОБИЛЬДІК ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата03.03.2017
өлшемі0,53 Mb.
#6999
1   2   3   4   5   6   7

 

МОБИЛЬДІК ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР 

Қайта  деректемелері:  Электрлік  байланыс  теориясы,  Электронды  және 

өлшеу техникасының негіздері  



Пәннің қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Жеке мобильдік ТКЖ. GSM 

және  CDMA    стандарттарының  ұялық  жүйелері.  Жерсеріктік  мобильдік 

жүйелер.  Топтық  (транкингтік)  мобильдік  ТКЖ.  ТКЖ-де  түрлі  типті 

таратудың  жүйелерін  құру.  Көліктік  желілер  және  олардың  қызметтері. 

Арналарды бөлудің қағидалары. Цифрлық топ құру стандарттары (PDH және 

SDH). Таратудың цифрлық жүйелерін синхрондау және басқару. 



Оқытудың нәтижесі:  

Білуі  керек  –  мобильді  телекоммуникациялық  жүйелерін  қолдана  отырып 

хабар тарату кезіндегі құбылыстардың физикалық мағынасын, олардың күре 

жолын,  тарату  жүйелерінде  қолданылатын  техникалық  құрылғылардың 

жұмыс  істеу  қағидасын;  жылжымалы  радио  жұйесінің  жиілікті- 

териториялық  жоспарын  берілген  стандарт  бойынша  құрады;  дабылдарды 

түрлендіру  әдістері  мен  өңдеу  әдістері,  тарату  жүйесінің  құрылғысын, 

алғашқы  желіні  құру  қағидасы,  тарату  жүйелерінің  техникалық  өндіруін 

және ұйымдастыруды. 



Істей алуы керек – қабылдау станциясының кірісінде дабыл-шу және дабыл-

бөгеуіл  медианды  қатынасын  есептеуді  және  осы  қатынастар  үшін 

статикалық 

параметрлерді 

есептеуді; 

ұяшық 


радиусы, 

ЭИИМ, 


қабылдағыштың  сезімталдылығы  және  т.б.  сияқты  аппаратураның 

энергетикалық параметрлерін есептеу және таңдауды;  



Дағдысы  болу  керек  –  классикалық  және  қазіргі  кездегі  техниканың 

физикалық  және  әлемдік  көзқарастағы  интерпретациясы;  ескі  ғылыми  және 



 

45 


техникалық  түсініктерді  ұстанымды  жаңаша  қабылдауға  өз  ойлау 

қабілеттерін ауыстыру туралы. 



Кафедра – Телекоммуникациялық жүйелер 

 

КӨПАРНАЛЫ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР 

Қайта  деректемелері:  Электронды  және  өлшеу  техникасының  негіздері, 

Радиотехника және телекоммуникациялар негіздері. 



Оқытудың мақсаты: студенттерді әртүрлі телекоммуникация жүйелерінде, 

сонымен  қатар  ғылыми  және  Қазақстан  нарығына  телекоммуникация 

құрылғыларын  құрып,  әкелетін  ұйымдардың  конструкторлық  бөлімдерінде 

көпарналы  тарату  жүйелерін  жүзеге  асыру,  жаңашылдық  енгізуге  дайындау 

болып табылады. 

Пәннің қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Көпарналы тарату жүйелерін 

тұрғызу  ұстанымдары;  арналардың  жиіліктік,  уақыттық  және  кодалық 

бөлінулері;  сызықты  күре  жолдар  мен  арналардағы  бөгеуілдер;  Цифрлы 

тарату  жүйелері;  цифрлы  ағындарды  біріктіру  және  бөлу  әдістері;  тарату 

жүйелерінің техникалық эксплуатациясы. 

Оқытудың нәтижесі:  

Білуі  керек  –  көпарналы  тарату  жүйелерінің  қолданылуымен  болатын 

хабарларды  тарату  кезіндегі  құбылыстардың  физикалық  мәнін;  олардың 

математикалық  мағынасын;  техникалық  құрылғылардың  жұмыс  істеу 

ұстанымдарын;  дабылдардың  түрлену  және  өңделу  әдістерін;  тарату 

жүйелерінің 

аппаратураларын; 

біріншілік 

желілердің 

тұрғызылу 

ұстанымдарын. 



Істей алуы керек – Әдебиеттер мен сөздіктерді қолдануды білу, біріншілік 

желінің әртүрлі бөлімдерінде тарату жүйесін ұйымдастыра алуы; техникалық 

құжаттарды  жобалау  мен  өлшеу  бойынша,  тарату  жүйесі  құрылғысының 

және оның бөлек түйіндерінің параметрлерін есептеуді. 



Дағдысы  болуы  керек  –  классикалық  және  қазіргі  кездегі  техниканың 

физикалық  және  әлемдік  көзқарастағы  интерпретациясы;  ескі  ғылыми  және 

техникалық  түсініктерді  ұстанымды  жаңаша  қабылдауға  өз  ойлау 

қабілеттерін ауыстыру туралы. 



Кафедра – Телекоммуникациялық жүйелер 

 

БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ  

Қайта  деректемелері:  Математика  1,  Математика  2,  Экономикалық  теория 

негіздері. 



Оқытудың  мақсаты:  бухгалтерлік  есеп  және  аудитті  ұйымдастыру 

бойынша  теориялық  және  тәжірибелік  білімді  қалыптастыру;  субъектінің 

қаржылық-шаруашылық  қызметі  туралы  сапалы  ақпаратты  беру;  қаржы, 

несие және банктердің теориялық аспектілері, қызмет негіздері және қазіргі 

заманғы нарықтық экономикадағы қаржы нарығының қызметі, заңдары және 

ролі жайындағы білімнің толық жүйесін қалыптастыру.  



Пәннің  қысқаша  сипатталуы:  Кең  тараған  бухгалтерлік  бағдарлама  “1С: 

бухгалтерия”  көмегімен  оптималды  есептеу  жүйесін  ұйымдастыру, 



 

46 


эффективті  басқаруға  тәсілдеуші  сыртқы  қолданушылардың  сұрамын 

қанағаттандыру:  инвесторларды,  кредиторларды,  мемлекетті  тікелей  және 

уақытылы мәліметтеу. 

Банк жүйесін іске асыру және кәсіпорын әрекеттеріне қажетті қаржынытимді 

жоспарлау туралы ұғым. Қаржы қорлары және ақша ауысымын басқарудың 

тәсілдері.  Қаржыны  басқаратын  шешімдердің  тиімділігінің  техникалық 

шаралары. 

Оқытудың  нәтижесі:  

Білу  керек  -  экономикалық  категория  ретінде  ақшаның  мәні,  оның 

әлеуметтік  рөлі,  экономикалық  категориялармен  өзара  байлансы; 

бухгалтерлік  есептің  негізгі  қағидалары;  меншікті  капиталдың  пайда  болу 

тәсілдері;  қаржылық  сипаттағы  ақпаратты  жинақтау,  өңдеу  және 

дайындаудың  жүйесі;  өнімді,  жұмысты,  қызметті  іске  асыруды 

ұйымдастырудың қаржылық нәтижелерін анықтау тәртібі. 



Істеу  алу  керек  –    шаруашылық  құралдарды  пайда  болу  көзінің  түріне 

байланысты  топтауды;  бухгалтерлік  баласты  жасау,  және  ондағы  өзгерістер 

түрін  ажырата  білу,  бухгалтерлік  есеп  шотын  ашу  және  оған  шаруашылық 

қызметтерді тіркеу. 



Дағдысы болуы керек - 1С Бухгалтерия бағдарламасында бухгалтерлік есеті 

жүргізу, ұйымның қаржылық есебін жасау. 



Кафедра – Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару 

 

ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯДАҒЫ МАРКЕТИНГ 

Қайта деректемелері: Экономикалық теория негіздері. 

Оқытудың  мақсаты:  телекоммуникациядағы  менджмент  және  маркетинг 

пәнінің  мәнімен  мақсатын,  теориялық  менеджменттің  негізі  және  оның  ТК 

технологиясы, функциясы, қағидалары және менеджмент амалдары, электро-

байланыс 

кәсіпорындарында 

иновацияны 

басқару, 

ҚР-ның 


телекоммуникация компанияларында қарастыратын маркетинг зерттеулердің 

спецификациясын және негізгі бағыттарын  үйрету. 



Пәннің  қысқаша  мазмұны  (негізгі  бөлімдер):  Байланыс  ерекшелігі,  оның 

экономика  саласына  әсері.  Қоғамдық  өндірісте  байланыс  рөлі,  нарықтық 

қатынастың  құрылуы  және  ақпарат  қоғамы.  Экономикалы  көрсеткіштердің 

сипаттамасы. 

Байланыс 

құрылымының 

және 

байланыс 



желісінің 

ұйымдастырылуы. Қазіргі деңгейдің сипаттамасы және байланыс қызметінің 

келешектегі  дамуы.  Басқару  әдістері  мен  ұстанымы.  Байланыс  саласындағы 

басқаруды  ұйымдастыруы  және  оның  нарықтық  экономика  жағдайында 

жетілдіру  жолдары.  Техникалық  шешімдердің  экономикалық  тиімділігін 

анықтаудың әдістері. 



Оқу нәтижелері 

Білу  керек  –  басқарушылық  және  маркетингтік  әрекетінің  негізгі 

бағыттарын  меңгеруді,  басқару  механизмдерін  талдау  және  жобалауды 

телекоммуникация  нарығында  пайдалануды.  Басқару  теориясының  тарихи 

аспекттерін, 

менеджменттің 

теориялық 

негіздерін 

және 


оларды 

телекоммуникациялардағы 

қолдану 

технологиясын, 

менеджменттің 


 

47 


функцияларын, 

қағидаларын 

және 

әдістерін, 



электробайланыс 

өнеркәсіптеріндегі  инновацияларды  басқаруын,  ұйымды  жобалау  және 

маркетингтік  әрекеттілікті  басқару  сұрақтарын,  ҚР  телекоммуникациялық 

компанияларымен  өткізілетін  маркетингтік  зерттеулердегі негізгі бағыттары 

мен ерекшеліктерін талдай білуі керек. 

Істей  алу  керек  –  шарасыз  жағдайда  басқару  шешімдерін  қабылдай  алуы, 

эксперттік  әдістерді  қолдана  алуы,  әсер  етуші  факторлады  жүйелеп  үлгілей 

алуы,  өнімнің  техникалық  құжаттарын  бағалай  білуі,  өнім  сапасын анықтай 

алуы  керек,  есептеу  кезіндегі  нәтижелерден  толық  қорытынды  бере  алуы 

керек, кәсіпорынның баға саясатына сараптама беруі, өнімнің бәсекеге төтеп 

беру мақсатында сапасын арттыру жолдарын бағалай білуі керек 



Дағдысы 

болуы 

керек 

– 

басқару 


механизмдерін 

сараптауда, 

телекоммуникация 

қызметтерінде 

басқару 

процесстерінде 

және 

кәсіпорынның  маркетингтік  сараптауында  практикалық  дайындығы  болуы 



керек.  

Кафедра – Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару 

 

ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ 

ҚЫЗМЕТТЕРІН 

ТАЛДАУ 

ЖӘНЕ 

САРАЛАУ  

Қайта деректемелері: Экономикалық теория негіздері. 

Оқытудың  мақсаты  –  студенттерге  экономикалық  диагностикалау,  талдау 

негіздері  жайында  білім  беру,  оларды  талдаудың  түрлі  нұсқаларын  әр 

жағдайларда  қолдана  білуге  бейімдеу,  қазіргі  кезеңдегі  олардың  әртүрлі 

тәсілдерін қолдана алуға, техника-экономикалық талдауды бір жүйе ретінде 

қарастырға үйрету. 

Пәннің  қысқаша  мазмұны  (негізгі  бөлімдер):  Экономикалық  талдаудың 

негіздері.  Өндіріс  тиімділігін  арттудың  резервін  қарау  және  басқарудың 

шешімділігін дәлелдеу үшін экономикалық талдауды қабылдау және түрлері. 

Аналитикалық  жұмыстарды  ұйымдастыру  және  байланыстың  әртүрлі 

салаларындағы олардың ерекшеліктері. 

Оқу нәтижелері:  

Білу  керек  –  экономикалық  көрсеткіштерді  талдау,  саралау;  әр  түрлі 

есептеулер  мен  үлкен  көлемді  шамалардың  көрсеткіштерге  абсолютті  және 

салыстырмалы  шамалар  әсерін  табу;  талдау  барысында  түрлі  бағалау, 

топтастық,  салыстырулар  және  бастапқы  берілгендерін  сорттай  білу; 

экономикалық 

көрсеткіштердің 

максималдық 

және 


минималдық 

мағыналарын  таба  білу;  талдаудағы  салыстыру  тәсілін,  топтау  тәсілін, 

индекстік  тәсілін,  баланстық  тәсілін,  математикалық  тәсілдерді  тізбектеп 

алмастыру; шаруашылық организмінің іркілісін табу;  қаржылық жаңсақтық 

болдырмайтын жағдайларды табу. 

Істей  алу  керек  –  экономикалық  талдау  процесінде,  экономикалық 

ақпаратты талдау және саралау кезінде түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану;  

қаржы-шаруашылық қызметтерін жалпылай қамтамасыз ететін көрсеткіштер 

жүйелерін өмір талабына сай қолдану; экономикалық талдау тәсілдеріне тән 

нәрселер:  көрсеткіштерді  есептеу  жолдары,  бір  жүйеге  келтіру,  өзгеру 


 

48 


құбылыстары,  олардың  бірі-біріне  қарым-қатынасын  табу;  әлеуметтік-

экономикалық тиімділікті көтеру жолдарындағы табыстарды табу.  



Дағдысы  болуы  керек  –  экономикалық  талдау  және  қаржы  қызметін 

саралау; қарастырып отырған объектіні талдаушы адам ретінде бөлшектерге, 

элементтерге    бөліп  ала  алу;  алдында  бөлінген  бөлшектерді  біркелкі, 

бірыңғайда  жинай  алу;  қаражаттық-шаруашылық  қызметін  талдау  мен 

саралаудың  экономико-математикалық  тәсілдері  қолдану;  факторлық 

жүйелерді стохастикалық модельдеу.  



Кафедра – Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару 

 

ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ 

Қайта  деректемелері:  Математика  1,  Математика  2,  Экономикалық  теория 

негіздері, Радиотехника және телекоммуникациялар негіздері. 



Оқытудың  мақсаты:  Өтпелі  экономика  жағдайында  кәсіпорындарда 

маркетингтік  жұмыстарды  және  ұйымды  басқару  үрдісінде  студенттердің 

теориялық  білімдерін  игеруді,  телекоммуникациядағы  маркетингті  және 

менеджменттің  тәжірибелік  ерекшелігін  түсіндіруді.  Аталған  мақсаттарға 

жету жолдары келесі тапсырмалармен шешіледі: пәннің басты экономикалық 

категориясымен  студенттерді  таныстыру,  курстың  тақырыптарын  өздігімен 

меңгеру,  Қазақстандағы  менеджмент  жүйесіндегі  қазіргі  мәселелерді 

қалыптастыру,  экономикалық  мәселелерді  бағалауды  жаңашаландыруларды  

және оларды шешу жолдарын алу.  

Пәннің  қысқаша  түсініктемесі:  Менеджменттің  негізі  функциясы  және 

олардың  мінездемесі.  Кәсіпкерлік  қызметтегі  менеджменттің  рөлі. 

Телекоммуникацияны  дамытуда  және  қазіргі  Республика  жағдайындағы 

менеджменттің ерекшелігі.  



Оқып білудің нәтижесі: 

Білуі 

керек 

басқару 


теориясының 

тарихи 


көріністерін, 

телекоммуникациядағы  менеджменттің  теориялық  негіздері  және  оның 

технологиясын,  функцияларын,  менеджмент  әдістері  және  қағидаларын, 

электрбайланыс кәсіпорнында инновацияны басқаруды



Істей алуы керек – анықталмаған жағдайда басқару шешімдерін қабылдау, 

сарапшы әдістерді қолдану, жүйелеу және моделдеу, әсер етуші факторларды 

анықтау,  өнімге  техникалық  құжаттарды  бағалау  және  өнімді  аттестаттау, 

есептеудің  нәтижесі  бойынша  басты  қорытындыларды  құру,  кәсіпорының 

баға  саясатын  талдау,  кәсіпорынның  өнімінің  бәсекеге  қабілеттілігінің 

деңгейін көтеру мақсатында бағалау. 



Дағдысы  болуы  керек  –таладуда  және  басқару  механизмдерін  жоспарлау, 

нарықтағы  телекоммуникация  қызметінде  ұйымдағы  басқару  үрдістерін 

тәжірибелік дайындау. 

Кафедра: Экономика, ұйымдастыру және өндірісті басқару 

ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ ЖҮЙЕ   

Қайта  деректемелері:  Математика  1,  Математика  2,  Экономикалық  теория 

негіздері. 



Оқытудың  мақсаты:  кәсіпкерлік  қызметімен  және  бизнестің  негіздерімен 

 

49 


таныстыру, салық салу жүйесімен, оның заңнамалық және құқықтық салыну 

тәсілдерімен  таныстыру,  салықтық бақылаудың  түрлерімен,  қазіргі  салықты 

ұйымдастыру  жүйесімен  таныстыру,  басқарушылық  және  экономикалық 

білімнің неіздерін беру, шығармашылық ойлауды дамыту.  



Пәннің  қысқаша  мазмұны  (негізгі  бөлімдер):  Кәсіпкерлік  өзінің  жеке 

меншігін  көбейту  үшін  жеке  қорлардан  ең  көп  кіріс  алу,  жаңа  табыс  іздеу 

үшін  экономикалық  әрекеттің  ең  белсенді  түрі  ретінде  болып  табылады. 

Салық жүйесін ұйымдастыру, қазіргі салық әкімшілігі, салық түрлері, салық 

салудың тәртібі мен ережелері.   

Оқытудың нәтижелері: 

Білу  керек  –  кәсіпкердің  құқықтары,  міндеттері,  жауапкершілігі;  

телекоммуникация  саласында  кәсіпкерліктің  даму  ерекшеліктері;  ҚР 

кәсіпкерлікті  дамытудың  жолдары  мен  мәселелері;  салық  салудың  негізгі 

ережелері, түрлері, салық салу тәртібі.  



Істей алу керек – негізгі және қосымша салықтарды есептеу.   

Дағдысы  болу  керек  –  кәсіпкерлік  қызметте  тәуекелге  бардың  бағасын 

анықтау, жеке кәсіпкерлікке тіркелу құжаттарын дайындау.    



Кафедра – Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару 

 

ҚАРЖЫ, НЕСИЕ, БАНКТЕР 

Қайта деректемелері: Экономикалық теория негіздері. 

Оқытудың  мақсаты:  бухгалтерлік  есеп  және  аудитті  ұйымдастыру 

бойынша  теориялық  және  тәжірибелік  білімді  қалыптастыру;  субъектінің 

қаржылық-шаруашылық  қызметі  туралы  сапалы  ақпаратты  беру;  қаржы, 

несие және банктердің теориялық аспектілері, қызмет негіздері және қазіргі 

заманғы нарықтық экономикадағы қаржы нарығының қызметі, заңдары және 

ролі жайындағы білімнің толық жүйесін қалыптастыру.  



Оқу нәтижелері 

Білу  керек  –  басқарушылық  және  маркетингтік  әрекетінің  негізгі 

бағыттарын  меңгеруді,  басқару  механизмдерін  талдау  және  жобалауды 

телекоммуникация  нарығында  пайдалануды.  Басқару  теориясының  тарихи 

аспекттерін, 

менеджменттің 

теориялық 

негіздерін 

және 


оларды 

телекоммуникациялардағы 

қолдану 

технологиясын, 

менеджменттің 

функцияларын, 

қағидаларын 

және 


әдістерін, 

электробайланыс 

өнеркәсіптеріндегі  инновацияларды  басқаруын,  ұйымды  жобалау  және 

маркетингтік  әрекеттілікті  басқару  сұрақтарын,  ҚР  телекоммуникациялық 

компанияларымен  өткізілетін  маркетингтік  зерттеулердегі негізгі бағыттары 

мен ерекшеліктерін талдай білуі керек. 



Істей  алу  керек  –  шарасыз  жағдайда  басқару  шешімдерін  қабылдай  алуы, 

эксперттік  әдістерді  қолдана  алуы,  әсер  етуші  факторлады  жүйелеп  үлгілей 

алуы,  өнімнің  техникалық  құжаттарын  бағалай  білуі,  өнім  сапасын анықтай 

алуы  керек,  есептеу  кезіндегі  нәтижелерден  толық  қорытынды  бере  алуы 

керек, кәсіпорынның баға саясатына сараптама беруі, өнімнің бәсекеге төтеп 

беру мақсатында сапасын арттыру жолдарын бағалай білуі керек 



Кафедра – Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару 

 

50 


 

ТКЖ кафед.меңгерушісі                                         А.С. Байкенов 

 

ИКТ кафед.меңгерушісі                                         К.С. Чежимбаева 



 

КИҚ кафед.меңгерушісі                                         Е.Г. Сатимова 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет