«Бекітемін» Тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары



Дата13.04.2023
өлшемі21,55 Kb.
#82097

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ

«Бекітемін»
Тәрбие жұмысы жөніндегі
директордың орынбасары
_________ Токтыбаева Б.С.
«_______»__________ 2017г.

2 ТУР – 9А тобында
ТІЛ – КЕМЕЛ БОЛАШАҚТЫҢ ТҰҒЫРЫ”
атты ашық тәрбие сағаты
Құрастырған:
2ТУР-9А тобының жетекшісі
Болатова А. М.

Алматы қ. 2017




Мақсаты : 1.Мемлекеттік тілді құрметтеу,
оқушылардың танымдық деңгейін көтеру, ой-өрісін кеңейту .
2.Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың
“ Үш тұғырлы тіл” саясатын насихаттау.
3. Ана тілінің әр сөзінің қадірі мен қасиетін
танып, ана сүтімен бойға дарыған ана
тіліне деген құрмет сезімін ояту.
Міндеттері: 
1. Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
2. Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.

ТІЛ – КЕМЕЛ БОЛАШАҚТЫҢ ТҰҒЫРЫ
Өтілу барысы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні
Кіріспе сөз
Сәлеметсіздер ме , құрметті оқушылар, ұстаздар ! Бүгін біз Қазақстанда тұратын халықтардың тілдер күнін атап өтуге жиналып отырмыз. Қош келдіңіздер!
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында “ Қазақстан бүкіл әлемде халқы үшін үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық тіл, ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі” делінген. Осы үш тілді ұштастыру , білу біздің мақсатымыз.
Атаның сөзі – ақылдың көзі”
Ұлылардың тіл туралы нақыл сөздерінің мағынасын түсіну және кімнің сөзі екенін білу.
“Ана тілі жоқ жерде ұлт жоқ”(Ш. Айтматов)
“ Тіл дегеніміз – қай ұлттың болмасын,
кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры”. (Б. Момышұлы)
Тілден артық қасиет жоқ. (Н. Назарбаев)
Аламан бәйге
1.Қазақ хрестоматиясының авторы кім?
2. Autumn қай мезгіл?
3. Автор романа – эпопеи “ Путь Абая ?”
4. Кому?Чему? Қай падеждің сұрақтары?
5. “ Қозы – Көрпеш – Баян сұлу” қандай жыр?
6.” Екінші“ сөзі ағылшынша қалай аталады?
7. Абай Құнанбаев кімнің мысалдарын аударған?
8. “Евгений Онегин” поэмасын жазған кім?
9. “ Ромео и Джульетта” трагедиясының авторы кім?
10. Қазақ тілінде неше септік бар?
11. “ Сөздің майын тамызу” қандай сөз тіркесі?
12. Алғашқы қазақ мектебін кім және қашан ашты?
Жеті жұрттың тілін біл”
(Тіл) тәтті, бауыр қатты.
Егер тілім (ертең )болса құрымақ
Мен дайынмын өлуге бүгін – ақ.
Ақылдың көркі – тіл , тілдің көркі – ( сөз)
Асыл сөзді іздесең , Абайды ( оқы), ерінбе.
Нұрлы( жұлдыз) – бабам тілі сен ғана.
Туған тіліне жаны ашымаған( адам) – жәндік.
Туған тілін білмеген , ақылы жоқ, желік бас.
Ана тілін сүймеген,( халқын) сүйіп жарытпас.
Шебердің( қолы) ортақ , шешеннің сөзі ортақ.
(Ақыл) көркі көңіл, тілдің көркі сөз.
Күлме (досыңа) , келер басыңа.пеп
Мектеп - кеме, (білім) – теңіз.
Мақал сөздің көркі”
В гостях хорошо , а дома лучше.
Отсутствие новостей – хорошая новость.
Не все золото, что блестит.
Плохая молва летит на крыльях.
Доброе слово дороже богатство
Человек без родины, что соловей без песни.
Жұмбақтар әлемі”
1.Темір тілді, күміс үнді. (шешуі не ?)
2.Сүйексіз ғып жаратқан,
Жұртты аузына қаратқан. ( бұл не?)
3.Екі әскер соғысып жатыр,
Ортасында бір елші .( шешуі не?)
4. Құрлықта жүрсе – маймаңдап
Суда жүзсе – еседі қайықтап. ( бұл не?)
Сөзжұмбақ шешу”
Сөздерді орысшадан қазақшаға аударыңыз.
1. модернизация.
2. расписание.
3. внедрение.
4. взаимодействие.
5. традиции.
6. культура.
Сөздерді орысшадан ағылшыншаға аударыңыз.
1. время.
2. год.
3. август.
4. лето.
5. неделя.
6. зима.
Блиц –турнир”
1. ҚР Әнұранының авторлары кім?
2. Қазақстан қандай мемлекет?
3. Қазақстанның елтаңбасында не бейнеленген?
4. Қазақстанның жалауында не бейнеленген?
5. Қазақстанның әнұраны нені мадақтайды?
6. Нені алтын қазына дейді?
7. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебеге ие болды?
8. Қазақ тілі мемлекеттік тіл деп қайда жазылған?
9. Елбасы Н.Назарбаев тұңғыш Президент болып қай жылы сайланды?
10. М.Мақатаевтың өлеңінде “ Үшінші бақытым” не?
Қорытындылау: Балалар бүгінгі өткізілген тәрбие сағаттан алған әсерлерін бір сөзбен кезек-кезек айтып шығады.
Мысалы:Мен елімді мақтан етемін
Мен өз тілімді мәңгі қастерлеймін,т.б.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет