Жаңа сабақты түсіндіру
Жоспар:
Мектепалды даярлық
Жалпы дайындық
Психологиялық зерттеудің шарттары
Мектепалды тобының балаларының мінезі мен ерекшеліктерін мектепке дейінгі дайындығын, денсаулығы мен даярлық сапасының бағалау өлшемін нақты білетін мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі әрі психолог, әрі медицинадан хабары бар, әрі әртістік шеберлігі өте мықты дамыған тәрбиеші болу керек.Ол:
— Сабақты жаңаша шығармашылықпен жүргізе білетін .
— Ұстаздық жүрегіне жылылық қалыптасқан.
— Балалардың ойындағы әртүрлі шығармашылық өнерлерін танып жолға түсіре білетін.
— Оқушылардың қызығушылығын оятып, оқу әрекетіне белсенділігін арттыра білетін.
— Баланың отбасы және қоғамдық қарым-қатынасын тиімді ұйымдастырудағы ата-ана қызметінің проблемаларын нақты шешіп, жол көрсете білетін ұстаз болуы қажет.
Балалар денсаулығына қамқорлық – мектеп жағдайында мектепалды даярлық сапасын бағалау үшін біз баланың жан – жақты жағдайын мынандай кретрийлерге бөлдік.
Психологтар мен педагогтар осы кезеңдегі дайындықты жалпы және арнаулы деп екіге бөледі, соған байланысты балабақшада жалпы және арнаулы дайындықтар жүргізіледі.
|