«Келісілді» Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары _____________
А. Сайын
« »________2023ж.
7-сынып физика пәнінен IIІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау Оқу мақсаттары 7.3.1.2 Қысымның физикалық мағынасын түсіндіру және
өзгерту әдістерін сипаттау
7.3.1.5 Сұйықтардағы гидростатикалық қысымның
формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану
7.3.1.13 Есептер шығаруда Архимед заңын қолдану 7.2.3.1 Механикалық жұмыс ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру
7.2.3.8 Механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер
шығаруда қолдану
Бағалау критерийіБілім алушы
Қысымның физикалық шамаларға тәуелділігін
анықтайды
Атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіреді
Есептер шығару кезінде Архимед заңын қолданады
Жұмыстың мөлшерін анықтайды
Есептерді шешуде қуат және жұмыс формулаларын
қолданады
Қуатты анықтау үшін жылдамдық пен күшті байланыстыратын формуланы қолданады
Ойлау дағдыларының критерийлері: Білу, түсіну, қолдану
орындау уақыты: 45 минут
Тапсырмалары Сұрақтарға жауап беріңіз. Қысымды арттырып немесе кемітуге бола ма? Ол үшін не істеу керек? ____________________________________________________
Паскаль заңы қалай айтылады?
____________________________________________________
Суретте сынапты барометрдің қарапайым түрі көрсетілген
Атмосфералық қысым артқан кезде Х және Ү деңгейлері қалай өзгереді?
a) Х деңгейі ___________________________
b) Ү деңгейі ___________________________
Себебін түсіндіріңіз.
Ардақ алқаның күмістен жасалғанын тексеру үшін оның салмағын ауада және суда өлшеді. Өлшеу нәтижелері:
рауа= 36,4 Н;
рсу= 32,6 Н;
Алқаға әсер ететін кері итеруші күш __________________________________
Суретте жазықтықта жатқан білеушенің қозғалу бағыты мен түсірілген күштің бағыты көрсетілген. Әсер етуші күштің жұмысының таңбасы оң/ теріс немесе нөлге тең болатындығын анықтап, сәйкес орынға жазыңыз.
Сорғы 5 секундта көлемі 4,5 м3 суды 5 м биіктікке көтереді. (Судың тығыздығы 1000 кг/м3)