Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
экологиялық білім мен тәрбие беру түсінігі халық педагогикасы тұрғысынан талданып, қарастырылып отырған мәселенің төңірегінде нақтыланды және оқушылардың экологиялық тәрбиесін қалыптастыруда қазақ халық педагогикасының мүмкіндіктері анықталды;
орта мектеп физика курсына экологиялық білім мен тәрбие беру туралы теориялық және әдістемелік негізі сараланды;
мектептегі физика курсына экология элементтерін енгізудің әдістемелік мәселелері сараланды;
зерттеу жұмысына байланысты ұйымдастырылған педагогикалық эксперименттің қорытындысы жасалды.