Бектауата таулары



Дата30.09.2023
өлшемі104,67 Kb.
#111999
Байланысты:
Бектауата 25.09


Бектауата

Бектауата таулары

Бектауата – Сарыарқаның оңтүстігіндегі тау.
Бұл таудың атауын сөзбе-сөз аудару қиын. Көптеген аңыздардың бірі - қазақтар жоңғарлармен соғысқан ғасырларда өмір сүрген әулие Атабек туралы баяндайды. Бірде ол қуғыншылардан бас сауғалап, осы таудың ең үлкен үңгіріне тығылыпты. Ал Аллаһ тағала әулие қарияға үңгірдің ең түкпірінде тұщы су көзін ашыпты-мыс. Жау қаншама іздесе де, бұл үңгірді таба алмапты, өйткені ол таудың етегінде емес, биік жартасында екен. Мүмкін Бектауата - "Атабек тауы" деп аталуы осыдан болар. Қазақтың белгілі ғалымы Әлкей Марғұлан бұл сөзді "Бек тауы" деп түсіндірсе, топоном Еркебай Қойшыбаев оны ертедегі түрік сөзі "биік" сөзімен байланыстырады да, Бектауата деген топонимді түгелдей алғанда "қасиетті биік тау" деп тәржімалайды. Толып жатқан аңыздар бұл тауға, әсіресе әулие үңгіріне қажылық етіп келушілердің қатарын көбейтті. Балқаш өңірін зерттеушілердің бірі Н.И. Красовский 1868 жылы былай деп жазды: "Шамамен 600 фунт жерді алып жатқан алаңға жақын тұста бой көтерген Бектауата гранитті жартастары шоғырланған жер ең биік жер болып саналады. Гранитті құздар өсімдік атаулыдан ада, мүлде жалаң, айтарлықтай биіктікте су шайып жасаған үңгірлерді Карсон Керней ауылдарының тұрғындары қасиетті жер деп таниды.[1]
Қарағанды облысыАқтоғай ауданындаБалқаш қаласынан солтүстікке қарай 60 км жерде, ұсақ шоқылы-белесті жазықта орналасқан. Солтүстік-шығыстан оңтістік-батысқа қарай 7 км-ге созылып жатыр, ені 3 км, абсолюттік биіктігі 1213 м. Құбылтайөзек аңғары оны батысындағы Сарықұлжа (1082 м) тауынан бөліп тұрады.
Бектауатаның беткейлері тік, жалтыр тақыр тасты, төбесі үшкірлеу келген. Пьезооптикалық минералдардың ұсақ кен орындары мен табиғи үңгірлер бар. Олардың ішіндегі ең ірісі – Бектауата үңгірі.
Тас көмір кезеңінің қызғылт граниттерінен түзілген.
Беткейлерінде өте сирек бұта мен селдір шөп өседі, тауаралық аңғарларында көктерек, тал, түрлі бұта кездеседі. Олардың 45 сирек кездесетін болса, 8-і Қызыл кітапқа енгізілген. Некен-саяқ елік, арқар мекендейді.[2]





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет