1 нұсқа Бала үйдің ашық терезесінен 10 м/с жыладамдықпен доп лақтырды. Егер үй іргесінен бастап есептегенде, доп 4,9 м қашықтыққа түскен болса, онда оны қандай биіктіктен лақтырған?
Зарядымен қоса есептегенде массасы 250 г болатын кішкене зымыранша вертикаль жоғары қарай 150 м биіктікке көтеріледі. Заряд лезде жанады деп есептеп, зымыраннан бөлініп шығатын газ жылдамдығын анықтаңдар. Зарядтың массасы 50 г.
Радиоқабылдағыштың тербелмелі контур конденсаторының сыйымдылығы 50 пФ-дан 500 пФ-ға дейін жайлап өзгереді. Егер индуктивтілік 20 мкГн болса, онда қабылдағыш қандай толқындар аралығында жұмыс істейді?
Ұзындығы 1 м болатын математикалық маятниктің тербеліс периодын есептеп шығарыңдар.
2 нұсқа
Қозғалғаннан кейiнгi автомобильдiң үдеуi 0, 5 м/с2. Осы үдеумен қозғала отырып автомобиль 4 секундта қанша жол жүредi?
Қайнау температурасында эфирден 5 кг бу алу үшiн қанша жылу мөлшерңн жұмсау керек? (Эфирдiң меншiктi буланы жылуы 0, 4· 106 Дж/кг)
Жер бетiнен 2 м биiктiкке көтерiлген массасы 3 кг дененiң Жермен салыстырғандағы потенциалдық энергиясын анықтаңыз ( еркiн түсу үдеуi – 10м/с2)
Кедергiсi 20 Ом, ток күшi 5 А қыл сымда 100 секундта қанша жылу мөлшерi бөлiнедi?