Тоғызқұмалақ-
қазақтың
ұлттық ойыны
Хуатқызы Меурерт
Fpse 22-8
Тоғызқұмалақ — қазақтың
ұлттық дәстүрлі
ойындарының бірі, ақыл-ойды
дамытуға арналған ойын.
Тоғызқұмалақ тарихы
Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың
жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың
айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы
әбден мүмкін. Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ
даласындағы ең кең тараған ойын болатын. Қазақи аңыздарға
сенетін болсақ, тоғызқұмалақ ойынын қарапайым қойшылар
ойлап тапқан. Тоғызқұмалақ тақтасы ретінде олар жерді
қазып, арнайы шұңқырлар жасаған. Ал, құмалақтарды
дайындау үшін қойлардың құмалағын кептіріп, дәл сондай
162-сін қолданған.
Тоғызқұмалақ ойыны
арнайы тақтада екі
адам арасында
ойналады. Ойын
тақтасы – 2 қазан, 18
отау, 162 құмалақтан
тұрады. Ойын басында
әр ойыншыға бір
қазан, тоғыз отауға
тоғыз-тоғыздан
салынған сексен бір
құмалақ тиесілі.
Тоғызқұмалақ ережесі
Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің
жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен
анықталады.
Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына
қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-
бірлеп таратамыз.
Жүріс жасау ерекшелігі
Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса,
қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ
қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы
құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар
ұтып алынып, өз қазанымызға салынады.
Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет
қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде – “тұзды үй”,
қазіргі тілде – тұздық деп атайды.
Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы
бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек.
Тұздық алу ережесі
Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның
аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады.
Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде
сіздің қазаныңызға салынып отырады.
Айта кететін ерекшелік:
Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.
Тұздық аттас отаулардан алынбайды.
Ойын аяқталуға жақындаған сайын əр ойыншының отауларындағы
құмалақ таусыла бастайды. Əр құмалақ ұтып алынған сайын немесе
тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді.
Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында
жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.
“Атсырау” ережесі
Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып
алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады.
А
тсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда
қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына
салып алады.
Ойын соңынында кімнің қазандығында 82 тасқа жетсе сол ойыншы
жеңеді.
Ойын соңы
Достарыңызбен бөлісу: |