БАвитаминоз - әлдебір дәруменнің ағзаға жетіспеушілігінен туындайтын ауру. Көктем келгенде біздің ағзамыз тез шаршап, ұйқыға жата кеткісі келіп тұрады, депрессияға тез берілеміз, кейбір жағдайда шашымыз түсіп, ерніміз жарық-жарық болып кетеді. Міне, осы жағдайлар авитаминоз ауруының тууынан болады.
Гиповитаминоз-организмге витаминдердің жеткіліксіз түсуімен байланысты патологиялық жағдай;
Гипервитаминоз-организмге витаминдердің артық түсуімен байланысты патологиялық жағдай;
29. Барлық витаминдер өздерінің физикалық –химиялық қасиеттеріне қарай қанша класқа бөлінеді олар қайсылар жеке-жеке түсініктеме бер?Барлық витаминдер өздерінің физикалық-химиялық қасиет- теріне қарай екі класқа бөлінеді, олар:майларда еритін витаминдер; суда еритін витаминдер.
30. А витамині дегеніміз не, және оның ағзада атқаратын қызметі?А витамині-ретинол. Ересек адам үшін тəулігіне 0,7 мг А витамині қажет.Адамның жəне жануарлардың ағзасында А витамині бірнеше қызмет атқарады; тері қабатында, тыныс жолдарында жəне ас қорыту жолында эпителий жасушаларының түзілуін реттейді, өсіп келе жатқан ағзадағы жасушалардың өсуіне жəне олардың жіктеліп бөлінуіне қатысады. А витаминінің альдегид туындысы опсин белогымен бірігіп, көздің тор қабатында жүретін химиялық процестерді реттейді. Балықтың бауыры, жануарлар бауыры, жұмыртқаның сары уызы, жазда сиыр сүтінен алынған сары май осы витаминдер- ге бай келеді. Ал етте олар біршама аз. Каротиноидтар сəбізде, өрікте, петрушка жапырағында, асқабақта жəне барлық жасыл өсімдіктерде кездеседі.Авитаминозы кезінде ақшам соқырлық ауруы пайда болады
31. Д витамині дегеніміз не, және оның ағзада атқаратын қызметі?Д витамині-кальциферол.Антирахит витамині. Кальциферолдардың негізгі қызметі ағзадағы кальцидің алма- суын реттеу болып табылады. Д витамині өзінен-өзі биологиялық активті емес, реттегіш қызметі олардың гидроксильденген туын- дыларына байланысты. Егер Д витамині жеткіліксіз болса, өсіп келе жатқан жас жануарлардың сүйегінде жəне шеміршегінде кальций мен фос- фор тұздарының жиналып қалыптасу процесі бұзылады.Сүйектері жұмсарады, омыртқа сүйектерінің пішіні бұзылады жəне аяқтары қисайып өседі. Халық арасында бұл ауру мешел, рахит (грекше) деген атпен белгілі. Жануар тектес азық-түліктерде – балық бауырының майын- да, сиыр, қой бауырында көп болады. Сол сияқты сары майда, сүтте, жұмыртқада кездеседі. Эргостерол сонымен қатар ашытқы, өсімдік дəндерінің майында жəне саңырауқұлақтарда кездеседі
32. Е витамині дегеніміз не, және оның ағзада атқаратын қызметі?Е витамині (токоферолдар, антистерил немесе өсіп-өну витамині) немесе токоферол сары түсті май тəріздес сұйықтық. Токоферолдардың негізгі қызметі мынадай: олар қанықпаған липидтерді асқын тотыққа айналудан қорғайтын ең жақсы анти- оксиданттар болып табылады. Сол сияқты олар липидтік мембра- наларды бос радикалдардан қорғайды, сөйтіп, оттегінің əсерінен ферментсіз жүретін реакция тізбегін түзеді. Токоферолдар жетіспеген жағдайда жануарлар ұрпақсыз- дық дертіне шалдығады, бұлшық еттері əлсізденіп, қоректенуі бұзылады, бауыр циррозына ұшырауы мүмкін. Ағзадағы мұндай бүліну өзгерістері мембранадағы липопротеидтік компонент- тердің зақымдануымен байланысты. Өсімдік майлары: жүгері майы, бидай майы, зығыр майы, күріш майы, мақта майы сияқтылар токоферолдың бай табиғи қоры болып табылады, Жануар тектес өнімдерде Е витамині шағын мөлшерде кездеседі.
33. К витамині дегеніміз не, және оның ағзада атқаратын қызметі?
К витамині (филлохинондар, антигеморрагиялық витамин. К витаминінің жалғыз ғана қызметі – ол қанның ұюына қа- тысады. Бірақ оның өзі тікелей қан ұюы жүйесіне кірмейді. К витамині жетіспеген кезде протромбиннің антигемофильдік глобулин шамасы төмендейді. Протромбин бауырда түзіледі жəне ол К витамині жоқ кезде оны тромбинге айналдыратын кальций иондарын байланыстыра алмайды. Фибриногеннің фибринге ай- налуы үшін тромбин катализ қызметін атқарады, қан ұюының мағынасы осы негізге байланысты. Жоғарыда айтылғандай К-авитаминоз сырқатына тəн белгі – терінің астына жəне бұлшық еттерге қан құйылуы. Ондай жағдай қан ұюы жылдамдығының төмендеуінен болады.
К витаминіне бұршақ тұқымдас өсімдіктері, сəбіз, капуста, томат, қалақай жапырағы бай келеді. Сол сияқты К витамині бау- ырда, жұмыртқада, сүтте кездеседі. К витамині жануарлар мен адамдардың ішек-қарнында микроағзалар синтездеп дайындай- ды. Сондықтан оның ағзаға қажетті тəуліктік мөлшерін анықтау қиын, адамға қажетті мөлшері күніне 0,2-0,3 мг.
34. С витамині дегеніміз не, және оның ағзада атқаратын қызметі?
С витамині (аскорбин қышқылы, антиқұрқұлақ вита- мині) өсімдіктерде галактозадан синтезделіп жаcалады
Аскорбин қышқылының бір тəуліктегі ересек адамға қажетті мөлшері 50-100 мг, балаларға қажетті 30-70 мг. Бұл витамин адам ағзасында жиналмайды, сондықтан оны күн сайын пайдалану қажет. C витамині едəуір мөлшерде жас жемістерде, көкөністерде кездеседі. Итмұрын, шырғанақ, қарақат, шетен, бұрыш, құлмақ, лимон, апельсин, алма жемістері осы витаминге бай. Жануар тек- тес өнімдерден С витамині бауырда, сүтте, қымызда болады.С дәруменінің қызметі-сутегі атомдарын бөліп шығарып және қосып алып оңай тотығады және тотықсызданады.Коллаген синтезі кезінде пролин мен лизин қалдықтарының гидроксилдену реакциясына қатысады.Гексакиназа фосфоглюкомутаза амилаза ферменттерінің әсерін активтендіреді.
35. С витамині ағзада жетіспеген жағдайда қандай ауру кездеседі?
С-авитаминозының өзіне тəн белгісі – құрқұлақ (цинга немесе скорбут) ауруы. Мұндай аурумен тек адамдар, маймылдар жəне теңіз шошқалары ауырады. Мұның себебі, бұл аталғандардың ағзасында глюкозаның аскорбин қышқылына айналуындағы соңғы реакциялардың бірін катализдейтін фермент болмайды. С витамині ұзақ уақыт бойы жетіспеген жағдайда капилляр- дың өткізгіштігі артады, терінің астына нүктеленіп қан құйыла- ды, ондай қан құйылу бұлшық еттерде жəне ішкі қуыстарында байқалады. Құрқұлақтың белгісі – тістің қызыл иегі қанай ба- стайды, одан əрі тic босап түciп қалады. Көбіне сүйектер морт сынғыш күйге түседі. Сонымен бірге, көптеген ұлпалар: бай- ланыстырушы ұлпа, шеміршектер, созылмалы ұлпа, сүйек, тіс дентині зақымданады. Жыныс бездерінің бауырдың, бүйректің қызметі бұзылады.
Қыстың соңына таман жəне ерте көктемде адамда гиповита- миноз құбылысы байқалады. Мұндай жағдайда адам ағзасының əртүрлі жұқпалы ауруларға төзімділігі төмендейді, тез шаршағыш келеді, басы ауырады, асқа тəбеті болмайды.
36. Д витамині ағзада жетіспеген жағдайда қандай ауру кездеседі?
Егер Д витамині жеткіліксіз болса, өсіп келе жатқан жас жануарлардың сүйегінде жəне шеміршегінде кальций мен фос- фор тұздарының жиналып қалыптасу процесі бұзылады.
Сүйектері жұмсарады, омыртқа сүйектерінің пішіні бұзылады жəне аяқтары қисайып өседі. Халық арасында бұл ауру мешел, рахит (грекше) деген атпен белгілі.
Бұзаулар, торайлар, қозылар, құс балапандары сияқты ауыл шаруашылығы жаңуарларының жас төлдері рахитке жиі ұшы- райды. Олардың бүкіл сүйек жүйесінің дамуы бəсеңдейді, əсіресе, тіс дентинасы (сүйек ұлпасы) нашар жетіледі, қан азайып, анемия белгілері көрінеді. Рахит ауруына ұшырағандар өкпенің құрт ау- руына оңай шалдығады.
37. А витамині ағзада жетіспеген жағдайда қандай ауру кездеседі?
Ағзада А витамині жетіспеген кезде эпителий жасушалары- ның қалыпты түзілуі бұзылады. Бұл А-авитаминоздың бір себебі. Мұндай авитаминоз кезінде теріде сызат пайда болып, ол қабыршықтана бастайды, осының салдарынан микроағзалар жəне зиянды заттар жасушаға оңай ене алады. Ретинолдың же- тіспеуі салдарынан лизоцим болмайды. Сол көздің шырышты қабатын ауруға ұшыратады. Оның эпителийі құрғайды. Мұндай сырқатты ксерофтальмия (гректе құрғақ, ophtalmos – көз) деп атайды. Ксерофтальмия сырқаты кезінде көздің шарайнасы (қасаң қабаты) қатты зақымданады, соның салдарынан соқыр бо- лып қалады.
А-авитаминоз сырқатының алғашқы белгісі тауықкөз (ақшам соқыр) болады. Бұл витаминнің жетіспеуі - жас төлдердің өсуін тоқтатады жəне сперматогенез процесі тиылады, осының салда- рынан мал басын өз төлі есебінен көбейту процесі бұзылады.