Тақырып 3.2. Қақтығыстардың пайда болуына себептес факторлар
жәнеолардышешужолдары «Қақтығыс» (конфликт) сөзі ла- тынның «соnflictus»-шекісу, жанжал- дасу деген және сол өзгермеген қал-
пында көптеген еуропалық халықтардың тіліне енді.
Тұлғааралық немесе адамдар әрекеттесуі мен қатынасуы, олардың ойлары мен ықпалдарының бір-біріне сәйкес емес, қарама-қайшы келуі салдарынан негативті эмоциялық әсер- ден екі жақты да уайымға, қобалжуга әкелуін қақтығыс дейді. Қақтығыстың негізінде жатқан жайларға қарай жіктелуі:
тулғааралық қақтығыстар;
тұлға және мекеме арасындағы қақтығыстар;
жеке топтар аралық қақтығыстар;
мекеме аралық қақтығыстар.
Жіктеудің келесі түрі бойынша қақтығыстар мынандай топтарға бөлінеді:
горизонтальды қақтығыс (бір-біріне бағынбайтын, бір қатардағы қызметтестер арасында);
вертикалды қақтығыс (бір-біріне бағынышты адамдар арасында)
аралас түрі
Қақтығыстардың пайда болу себептері. Олардың бар- лығын айту мүмкін емес. Бірақ, жалпы түрінде қызметтестер арасындағы шиеленістерді келесі үш топқа бөлуге болады:
еңбек үрдісіне байланысты;
адамдардың бірге әрекеттесуінің психологиялық ерек- шелік- теріне байланысты (симпатиялары, антипатиялары, мәдени, этникалық айырмашылықтары, т.б)
жеке тұлғалық ерекшеліктерімен байланысты (өз эмо- цияларын бақылай алмауы, ызалануы, әдепсіздігі, коммуни- кацияға икемсіздігі)
Кейде науқастардың медициналық қызметкерге деген жақ- сы қарым-қатынасына қарамастан, медициналық қызметкер науқасқа деген ықыласы болмай, емдеу барысында науқас және медициналық қызметкер арасында жақсы қатынас орна- майды. Әрине, медициналық қызметкер Мұндай субъективті қатынас жасауға өз-өзіне рұқсат бермеуі тиіс. Медициналық қызметкердің науқаспен қарым- қатынасында талас (қақты- ғыс) тууы мүмкін. Бұл талас көбінесе науқастың кейбір мәселелерді толық түсінбеуінен туындайды. Таластың келесі түрлері белгілі:
Реалистік (шынайы) талас.