2
Sauap.org
БІРІНШІ ТАРАУДА
Оқушы шығарманың бас кейіпкерімен,
яғни менімен танысады.
Менің атым... Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып
қалғандай болады да тұрады. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт
па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып
қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды.
Әрі мағына
жағынан да, қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәтейше айтқанда, бұлар
жоғары идеялы есімдер. Мұндайлар ӛз атын кәдімгідей мақтаныш кӛріп,
біреумен таныса қалса, мәнерлеп, кӛтеріңкі дауыспен айтады. Ал енді айтуға
да, естуге де қолайсыз есімдер бар. Ӛзге түгіл, ӛзіңе де ұнамайды-ақ. Әттең,
қолдан келсе, табанда ӛзгертіп, әдемі аттардың бірін иемденіп алар едің.
Бірақ амалың нешік, сен қызыл шақа болып жӛргекте жатқанда, сондағы
ақымақтығыңды пайдаланып, әке-шешең немесе шілдеханаға келіп, дуылдап
отырған басқа біреу солай атап жіберген. Ӛскембайдың баласына Тыңжыртар
деп ат қойған секілді, ӛзге қызу жұрт сол арада ду қостап: «Осы болсын
баланың аты, осы болсын, мұнан жақсы атты дүниені шырқ айналсақ та
таппаймыз» дескен. Міне, сол күннен,
сол мезеттен бастап, әлгі ат сенімен
бірге туғандай маңдайыңа шапталған да қалған. Енді одан кӛзің тіріде қашып
құтыла алмайсың. Ұнатпасаң да, мойныңа іліп жүре бересің.
Ӛмірде осы тәрізді әділетсіздіктер толып жатыр. Жуырда мен газеттен
оқыдым: қытайлардың ат қоюы қызық болады екен. Бала бес-алты жасқа
толғанша, оның тәуелді аты болмайды. «Ортаншым», «Кенжем», «Сүйіктім»,
«Жұпарым» деген секілді шартты атаумен атап жүреді. Ал есі кіріп, бес-алты
жасқа толғаннан кейін, бала ӛзіне қандай есім ұнаса, соны таңдап алады.
Міне, әділдік деген. Осы дұрыс емес пе?
Жарайды, ӛткенге ӛкініш жоқ дегендей, істің турасына кӛшелік. Менің
атым Қожа. Кӛріп отырсыңдар, пәлендей әйдік ат емес.
Шынын айтсам, бұл о баста Қожа емес, Қожаберген екен. Туу куәлігінің
ӛзінде солай деп жазылған. Бірақ дүниеде не қилы ғажайып құбылыстар бола
беретіні тәрізді, бертін келе Қожабергеннің «құйрығы» үзіліп түсіп қалыпты.
Бұл құбылыстың дәл қай жылы, қай айда, қай күні болғанын тап басып ешкім
де айтып бере алмайды.
Сонымен, мен ӛзім ес білгелі Қожамын.
Ауыл-аймақтың бәрі солай
атайды.
Біз бір класта екі Қожа бармыз. Сүттібайдың үлкен баласының аты да
Қожа. Оқушылар екеуімізді шатастырып алмас үшін, ӛңімізге қарап, мені
Қара Қожа, оны Сары Қожа деп атайды.
Әуел баста мен бұған да шамданып қалатын едім. Бірақ жүре-бара
құлағым үйреніп, дағдыланып кеттім. «Қара Қожа» дегендерге «әу» деп,
жалт қарайтын болдым.
3
Sauap.org
Жантас тәрізді қылжақтар осының ӛзін де дұрыс айтпайды, әдейі бұзып,
келемеждеп, «Қара Қожа» деудің орнына «Қара Кӛже» дейді. Мен байқамай
қалып, «әу!» деймін. Бірақ бұл қылығы үшін, бейшараның обалы нешік,
тиісті сыбағасын менен талай рет алды...
Фамилиям Қадыров. Бір кезде «Қадырұлы» деп те жазып жүрдім. Бірақ
жұрттың бәрі «ов» болып жатқанда, менің олардан алабӛтен жырылып
шыққаным жарамас дедім де, «Қадыровқа» қайтып келдім.
Қадыр — менің әкем. Ех, шіркін дүние-ай десеңші! «Әке» деген сӛзді
айтқанда, жүрегім қарс айрыла жаздайды-ау. Қандай жақын, қандай ыстық!
Балалар: «Менің әкем ӛйтті, менің әкем бүйтті.
Менің әкем ананы сатып
әперетін болды, менің әкем мынаны сатып әперетін болды» деп мақтаныш
етіп жатады. Ал мен болсам, әкемнің қандай адам екенін де білмеймін.
Ӛйткені ол майданға аттанғанда, мен екі жастамын. Екі жасар ақымақ не
біледі, не түсінеді? Сол кеткеннен абзал әкем мол кетті, оралмады...
Ex, қайран әкем! Егер сен тірі болсаң, мүмкін, мен бұдан гӛрі басқадай
болар ма едім. Кім біледі,
жер-әлемді шулатып, сотқар Қожа атанып
жүргенім әкесіз жетім ӛскендігімнен де шығар.
Кімге де болса бір әке әбден керек. Тіпті селкілдеген шалдардың ӛздері
кейде: «Жарықтық, әкем анандай еді, әкем мынандай еді» деп еске алып,
армандап отырмай ма?
Ал күйеу керек пе әйелге? Меніңше, әбден керек. Кейде Миллат мамам
әкемнің суреттерін ақтарып қарап отырады да, мұңға батып, біртүрлі егіліп
кеткендей болады. Кірпігі жасқа шыланады...
Мен сол кезде маматайымды
керемет аяп кетем. Бірақ аяғанмен не пайда, білем, сезем неге күйзелетінін.
Егер оның күйеуі, яғни менің әкем тірі болса, Қаратай ұятсыз мамама
ӛзеуреп сӛз айтпақ түгіл, оның маңынан жүре алар ма еді.
Сӛйтіп, мен сендерге ӛзімнің аты-жӛнімді айттым. Ал кӛркем
шығармада кейіпкердің кім екені аталып қана қоймай, сырт бейнесі қоса
сипатталатын дәстүр бар ғой. Енді соған кӛшейін. Тоқтаңыз, бұл үшін әуелі
ӛзімді ӛзім айнадан байыптап қарап алайын... Мынау, міне, мұрным. Әжем
кейде менің атымды атамай, «тампыш неме» дейді.
Оның айтқаны ып-рас
екен ғой. Екі танауыма екі саусағым еркін сыйып кетерлік, қосауыз
мылтықтың аузындай үңірейіп тұр. Екі шекемнің шығыңқылығы болмаса,
басым қарбыз тәрізді доп-домалақ, тап-тақыр. Шашымды Әубәкір шал кеше
ғана ұстарамен сыпырып алып тастаған.
Ох, менің шашым! Қаттылығы, қайраттылығы шошқаның қылшығынан
бір кем емес. Осы ауылда оны алуға жарайтын бір ғана ұстара бар — ол
Әубәкірдікі. Оның ӛзі де алғаш салған бетте тұтқырланып, жүрмей қалады.
Шашымды әр алған сайын, Әубәкір мені бірінші рет кездестірген адамдай
таң қалып бітеді.
— Япыр-ай, мұндай да шаш біте береді екен-ау!
Мынау шаш емес,
тікенек қой. Тікенек. Мінезіңнің шатақтығы осыдан-ақ кӛрініп тұр.
Сипатталмаған енді нем қалды! Қаралығымды әуел баста-ақ айтқанмын.
Сол жақ құлағымның астына таман бір түйір қалым бар. Ботшағардың