Бердібек соқПАҚбаев



Pdf көрінісі
бет6/28
Дата19.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#58165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
 
АЛТЫНШЫ ТАРАУДА 
Әжем жөнінде бірер сөз, менің ат ұрлап мінбекші болған әрекетім 
және Сұлтанмен кездесуім айтылады. 
 
Ел аяғы басылуын күтіп, кітап оқып отырдым. Әжем тӛсек сала бастап 
еді. 
- Маған тӛсек салмаңыз, мен бүгін жайлауға кетемін, — дедім. 
- Бүгінің қалай? Осы жеті қараңғы түнде ме? 
- Иә, түнде. Күндіз ыссы ғой. Салт атпен жол жүргенге түн тиімді емес 
пе. 
- Кӛлікті қайдан таптың? 
- Қайдан тапсам да таптым. Кӛлік даяр, — дедім. 
- Әй, сен оңбағыр, тағы бір пәле шығарғалы жүргеннен саумысың? 
Не пәле шығарушы едім. Осы сіз-ақ маған ылғи шүбәланып тұрады 
екенсіз. 
- Шүбәланбай қайтейін, ӛзің тыныш жүрмейсің. 
Әжем тағы да тұрып алып, құлағымды талай сасытқан дағдылы ӛнегесін 
айта бастады: 
- Шыбыным, әйтеуір, ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр. «Тек 
жүрсең, тоқ жүресің» дейді атаң қазақ. Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім 
де кӛтермейді. Әйтеуір, саған айтар ақылым, — тыныш жүр, балам, тыныш 
жүр. Біреудің ала жібін аттаушы болма. Мешкей деген жақсы ат емес. 
Осы үлкендер деген қызық халық. Бір менің әжем емес, қай-қайсысы да 
балаларға шетінен ӛсиет айтқыш, жӛн сілтегіш, ақылгӛй келеді. «Олай етпе, 
бұлай ет, ананы істеме, мынаны істе» деп тәптіштеп тұрғанда, таңдайларынан 
шаң кӛтеріледі. Ал енді ӛздеріне қараңдаршы. Не қилы жаман мінез
жӛнсіздік осы үлкендердің арасынан шықпай ма? Ұрлық істеп, сотталып 
жататындар кімдер? Үлкендер. Мас болып, қатын-баласының үрейін алып, 
үйінде шұрқан шығаратын кімдер? Үлкендер. Бәлеқорлар, жемқорлар, 
жалақорлар — бәрі үлкендерден шығады. Ендеше, олар бізге, балаларға
ақыл айтып, жӛн сілтемес бұрын, әуелі ӛздерін ӛздері түзеп алса, қандай 
жақсы болар еді. 
Әжем менің қызық адам. Тұрмыстың қарапайым қағидасына бұдан 
жүйрік кісі осы ауылда сірә де табыла қояр ма екен. Сӛйте тұрып, ол кӛп 
мәселе жӛнінде сәбидей аңқау. Қараңғы болған соң, аңқау болмай қайтсін. 
Мен қанша әуреленсем де, оған осы күнге дейін жердің домалақ екенін 
ұғындыра алмай-ақ қойдым. Айтысып-айтысып келеді де, қолын бір-ақ 
сілтейді. 
- Бар, аулақ. Жер домалақ емес, сен домалақсың. Басымды қатырмай, 
бар, — дейді. 
Кейде екеуіміз Құдай жӛнінде керісіп қаламыз. 
- Құдай жоқ болса, дүниені кім жаратады? — деп сұрайды әжем. 


18 
Sauap.org
- Дүниені ешкім де жаратқан жоқ, ӛзі жаралды. 
- Сен, немене, сонда қасында қарап тұрып па едің, дінсіз неме? 
- Қарап тұрғаным жоқ, кітаптан білем. 
- Ал адамды кім жаратты? 
- Адам маймылдан жаралған. 
- Тәйт, сандалған неме. Сандалмай, бар онда ана ормандағы маймыл әке-
шешеңе. 
Әжем екеуіміздің ғылыми таласымыз әрқашан осындай алауыздықпен 
бітеді. 
Ел аяғы басылды-ау деген кезде тысқа шықтым. Ай қараңғы, қораға 
кірдім де, белгілі жерде ілулі тұрған жүгенді алдым. Ауыздығы 
сыбдырламастай етіп, қолтығыма қыстым да, үй артындағы теректердің 
арасымен ӛзенге қарай жӛнелдім. 
Шіркін-ай, жалғыз кетпей, қасымда Жанар болса, қандай жақсы болар 
еді! Маужыраған барқыт түн, иесіз дала. Жол үсті, екеуден екеу ғанамыз. 
Әрқайсымыздың кӛкейтесті арманымыз жӛнінде, болашақ ӛмір жӛнінде сыр 
шертіскен болар едік... 
Ауылдағы мініс аттар түнге қарай ӛзен бойына жіберіледі. Менің кӛздеп 
келе жатқаным соның бірі. Әне, шеткі бір жылқының қарасы кӛрініп те 
қалды. Жақындап келсем, Алшабай шалдың жеке меншік тор биесі екен. 
Аяғында Алшабайдың ӛзіндей қасарысқан сом шойын кісен. Қасында 
құлыны жайылып тұр. 
Әрменірек тағы бір-екі жылқы шӛпті бырт-бырт үзіп, жайылып тұр. 
Соның біреуіне тақап келдім. Міне, берді 
Құдай тілегімді. Колхоз тӛрағасының жирен жорғасына дӛп келгенімді 
кӛрдің бе. «Шіркін, тақымыма бір тиер ме едің!» деген тәтті арман 
таңдайымды бұрыннан қуырып жүруші еді. Енді сол арманымды жүзеге 
асыратын болдым. 
Жирен қасқа алдыңғы екі аяғынан шідерлеулі екен. Ӛзінің мінезі жаман 
деуші еді. Мен жақындай бергенде, құлағын тігіп, осқырынып қарсы алды. 
- Тр-р-р, жануар, тр-р-рр, — деп қолымды созып, мойнын сипағым 
келген ишарат білдірдім. Бірақ бұған алданатын жирен ат емес. «Жолаушы 
болма, жоласаң, берем сазайыңды» дегендей құйрығын бұрып, құлағын 
жымқыра бастады. 
- Тәйт әрі! Мына ақымақ қайтеді, — деп, Сатыбай жылқышыға еліктеп, 
зекіп тастадым. — Тақ, тақ, жануар, тақ, тақ... 
Бәрібір жирен ат жолатар емес. Зекімек түгіл, бақырсам да тілге келетін 
ниеті жоқ. Құйрығын бұрып, құлағын жымқырып, қосаяқтап тебуге дайын 
тұр. 
Егескенге егесетін менде де бір сайтан бар. «Қап, пышаққа ілінгір иттің 
ғана малы. Ызаң ба сенің! Тақымыма бір тисең, тарттырар ем-ау сазайыңды» 
деп, оны қалай еткенде де мінбей тынбауға бел байладым. Әттең, жалына 
қолым бір ілінсе. 


19 
Sauap.org
Ақыры, айналсоқтап жүріп, бір ыңғайлы кілтеңі келгенде, шап беріп
жирен аттың жалына жармаса кеттім. Қорс етіп, үркіп ала жӛнелді. Аяғым 
анда бір тиіп, мында бір тиіп, дӛңгелек ұшып келем. Сонда да айырылар 
емеспін. Мұндай да жауыз мал болады екен, тоқтамайды. Ақыры, бір кезде 
саусағым салдырап талып, жазылып кеп кетті. Анадай жерге ұшып түстім. 
Жирен ат жалт беріп кеп, қосаяқтап бірді тепті. Мына оң жақ саныма сақ ете 
түсті тұяғы. Шоқ басқан күшіктей қыңсылап, дӛңгеледім де қалдым. (Құдай 
сақтағанда, қата тиіпті. Егер дӛп тигенде, жілігімнің күлпаршасын шығарар 
ма еді, қайтер еді.) 
Бір уақытта дәл қасымнан: 
- Бұл кім, ей? Кім бұл? — деген дауыс естілді. 
Селк етіп, бебеулеуімді дереу қоя қойдым. Қолында жүгені бар, кепкалы 
біреу текіп келеді. Тани кеттім — Сұлтан. Ол маған еңкейіп, үңіліп қарады 
да: 
- Ӛй, Қара Кӛжемісің? Не болды? Неғып дӛңгелеп жатырсың? — деді. 
- Aт теуіп жіберді. 
- Қай ат? 
- Анау, — деп мен жирен атты нұсқадым. 
- Қай жеріңе тепті? Сүйегі сау ма сынғаннан? 
- Сау ғой деймін, — дедім мен аяғымды созып байқап. 
- Кәне, мен кӛрейін, — деп, Сұлтан қолындағы жүгенін жерге қоя салды 
да, менің аяғыма жармасты. 
- Ойбай, ақырын! — деп шыңғырып жібердім. 
- Ӛй, сужүрек неме, жанының тәттісін қарай гӛр. Тоқтай тұр. Ӛлмейсің. 
Сынған түгіл, дәнеңе де етпеген. Тек кӛк еті ауырып қалған ғой. Қазір 
барысымен дереу сужапырақ тартсаң, ештеңе етпейді, басылып кетеді. Мен 
жылан шағып алған біреу ме деп қалсам. Бұл сұмпайы жиреннің сырын 
білмеуші ме едің. Оған неғып ұрынып жүрсің? 
- Қасынан ӛтіп бара жатыр едім, теуіп жіберді. 
- Ӛй, қара бассын сені, — деп, Сұлтан мені мазақтай бастады. — 
Алдыңдағы таудай атты кӛрмей, не қара басты сені. 
Мен бұл сӛзге жауап таба алмағандықтан, аяғымның ауырғанымен әлек 
болғансып, одан бетер ойбайлап, қинала түстім. 
- Түрегел, бір мүшең қирап қалған немедей шойырылмай, — деп, Сұлтан 
мені, ойбайлағаныма қарамастан, сүйрелеп тұрғызды. — Кәне, басып кӛрші 
аяғыңды. Тағы да бір атта. Айттым ғой, қирамақ түгіл, дәнеңе де болмаған. 
Ат тепкенге де аяқ сынушы ма еді. Ӛлмейсің. Жүр, кеттік. Шойнаңдамай, 
түзу бас. 
Сұлтанның жасы менен екі-үш жас үлкен. Әкесі Сүгір жылқы бағады. 
Ӛзі осыдан біраз жыл бұрын оқуды тастап кеткен. Содан бері бұрынғының 
серілері құсап, әкесінің арқасында сәйгүліктен сәйгүлікті таңдап мініп, ылғи 
жортуылдайды да жүреді. Кейде айлар бойына зым-зия кӛрінбей кетеді, 
сонан соң қайтадан пайда болады. Не істеп, не тындырып жүргенін бір 
Құдайым ӛзі білсін. Сұлтаннан: 


20 
Sauap.org
- Қайдан келдің? — деп сұрап едім. 
- Жайлаудан келдім, — деді. 
- Жайлау қандай екен? 
- Айтпа. Тамаша. Шӛптің биылғы шығымын кӛрсең, белуардан келеді. 
- Барайын десем, кӛлік жоқ, — дедім Сұлтанға. 
- Мен алып кетейін. Ертең таңертең қайта жүремін. 
- Қалай алып кетесің? Басы артық кӛлігің бар ма? 
- Онда жұмысың болмасын. Таңертең дайындалып, күтіп отыр. Ер-
тоқымың бар ғой? 
- Бар. 
- Ендеше, бітті. Келістік. 
Сұлтан мені есік алдына дейін сүйреп әкелді де: 
- Қара Кӛже, сені бір жерге ертіп барсам, серік болуға жарайсың ба? — 
деп сұрады. 
- Қайда? 
Сұлтан дереу айныды: 
- Жоқ, сен шойнақты жолдас етемін деп, басыма пәле тауып алармын. 
Қош. Мен кеттім. Ал таңертең дайындалып тұр. 
- Мақұл. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет