Бердібек соқПАҚбаев



Pdf көрінісі
бет7/28
Дата19.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#58165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
ЖЕТІНШІ ТАРАУДА 
Сұлтан екеуіміздің бір атқа екі ер ерттеп мінуіміз, 
Сұлтанның мені шылым тартуға баулуы, 
оның аяғы немен тынғаны сөз болады. 
 
Ертеңгі шайды ішіп бола бергенде, есік алдына салт атпен тасырлатып 
Сұлтан жетіп келді: 
- Қара Кӛже, бармысың? 
- Бармын. 
- Дайынбысың? 
- Дайынмын. 
- Алып шық ер-тоқымыңды. 
Ер-тоқымымды кӛтеріп, есік алдына шықтым. Жарау, құла дӛненнің 
үстінде шіреніп Сұлтаным отыр. Жетегінде ат түгіл, сайтан да жоқ. 
- Кӛлігің қайсы маған әкелген? 
- Мынау кӛлік емес пе? — дейді Сұлтан құла дененің сауырға қағып. — 
Сал ерді. 
- Қайда салам? 
- Сал мына менің артыма. Құла дӛнен аман болса, екеуімізді жайлау 
түгіл, Алматыға апарады. 
- Сонда, бір атқа екі ер ерттемекпіз бе!? 
- Оның несіне таңданасың? Тамаша болады. 


21 
Sauap.org
Бір атқа екі ер ерттеп мінген қазақты мен бұған дейін кӛрген жоқ едім. 
Сұлтанның мына ақылы, шынында да, ойға қонымды, қызық кӛрініп кетті. 
Салдым ерді оның артына. Тарттым тартпаны. Мінгестім. Осы кезде үйден 
әжем шыға келді. 
- Әкем-ау, мыналары несі... —деді әжем қолымен кӛзін кӛлегейлей 
таңдана қарап. — Әй, кӛгермей кеткір, қу Сұлтан, сен ғой осыны шығарып 
жүрген. 
Атқа жайдақ мінгеннен де, бұл тамаша болады екен. Аяғың 
салақтамайды, әркімнің ӛз үзеңгісі бар. Әрі құла дӛнен майда жүрісті жануар 
болып шықты. 
Соқтырғаннан соқтырып отырып, Сұлтан дүкеннің алдына келіп бір-ақ 
тоқтады. Аяғын аттың жалынан асыра жерге секіріп түсіп, тізгінді маған 
тастады: 
- Мә, ұста мынаны. Ақшаң бар ма? 
- Оны қайтесің? 
- Қанша сомың бар? 
- Бес сомым бар, оны қайтесің? 
- Сол ғана ма, мейлі, әкел бері. 
Сұлтанға тәуелді боп, артына мінгесіп отырған соң, бермеймін деп қалай 
айтайын. Тӛс қалтамның түймесін жайлап ағытып, амалсыздан қол сала 
бастадым. 
- Ей, болсаңшы, сонша неғып күйбеңдеп кеттің? 
- Күйбеңдейтін жӛнім болған соң күйбеңдеймін де... Тоқтай тұр, таба 
алмай жатырмын. 
- Мүмкін, басқа қалтаңда шығар? 
- Жоқ, осы қалтамда болатын. 
Мені мұнша күйбеңге салған тӛс қалтамдағы екі шытырлақ қағаз еді. 
Саусағымның соқырлығынан соның қайсысы бес сомдық екенін тани алмай 
жатырмын ғой. Ақыры, тәуекел деп, біреуін суырып алдым. О, масқара! Шеті 
кӛзіме шалынғанда-ақ жүрегім су етіп, ішім удай ашып кетті. Бұл алып 
шыққаным бақандай он сомдық еді. 
- Ӛй, мынауың он сом ғой? — деп қуанды Сұлтан. — Ӛй, қу Қара Кӛже-
ай, қулығың қалмайды-ау осы сенің. Мейлі, он сом болса да, әкел бері. 
- Мен мұны бес сом екен десем, он сом екен ғой, — деп, ұятымды 
қымтап, мен де білмегенсіп жатырмын. 
Сұлтан ақшаны алып дүкенге кіріп кеткенде, қалтама қайта қол салып, 
екінші шытырлақ қағазды суырып алдым. Бұл бес сомдық. Әлгі мені 
шатастырып, ұятқа қалдырып жүрген, міне, осы қу ғой. Ызасына ӛзін тӛрт 
бӛліп, лақтырып жіберсем бе екен деп, кіжініп бір тұрдым да, бірақ онсыз да 
талай кӛресіні кӛріп, умаждалып, иі түсіп біткен бейшара болғандықтан, 
жаным ашыды. Қалтама қайта салып қойдым. 
Сұлтан магазиннен галифе шалбарының екі қалтасы тырсиып, ұрты 
шодырайып, шайнаңдап шықты. 
- Не сатып алдың? 


22 
Sauap.org
- Золдың қамы, — деді Сұлтан аузы сӛйлеуге әзер келіп. Онысы 
«жолдың қамы» дегені. 
Сұлтан тізгінді қолына алды да, ерге қайтадан қарғып мінді. «Ал енді 
кеттік» деп, мен асығыстық білдірем. Сұлтанның артына жарбиып мінгесіп 
кетіп бара жатқан мына түрімді Жанар кӛрмесе екен деймін. 
Ауылдан былай шыға беріп, Сұлтан маған қалтасынан пряник алып 
берді. Екеуіміз қытырлатып жеп келе жатырмыз. Құла денеңнің тағасы 
тастақ жолға шық-шық соғылады. 
Бір кезде Сұлтан артына бұрылып: 
- Сен шылым шегесің бе? — деп сұрады. 
- Жоқ. 
Ол ерге қырындап отырған күйі аттың тізгінін тежеді де, қалтасынан бір 
пачка сигарет суырып алды. Аузын ашты да, маған ұсынды: 
- Мә, үйрен. 
- Ӛзің тарта бер, — дедім мен. 
- Осы күнге дейін шылым шегуді үйренбей, неғып жүрсің? — деді 
Сұлтан мені кінәлай сӛйлеп. — Мә, тарт. 
Алдым. Сұлтан оттық жағып ұсынды. Тұтаттым да, бұрқылдатып тарта 
бастадым. Аузыма түтіннің жап-жаман ыс дәмі келеді. 
- Ой, сауатсыз, — деді Сұлтан менің шылымды қалай шегіп келе 
жатқанымды кӛріп. — Сӛйтіп те тарта ма екен. Жап-жақсы сигарет босқа қор 
етуін қарашы. Ішке тарт. Міне, былай. Аузыңа түтінді толтырып ал да, жұтып 
кеп қал. 
Бала десе, бәрімізге тиеді, бізден ӛткен ақымақ жан жоқ қой. Кейде 
қайдағы бір залалды нәрсеге, соның сол залалдығын біле тұра, иттей әуес 
келеміз. Осы арада маған: «Кәне, жұтсам, жұтып кӛрейінші, — деген ой 
келді, — не болар екен». 
Ал енді бұл бақытсыздықты бастан кешірген болсаңдар, ӛздерің де біліп 
отырған шығарсыңдар. Аузымды түтінге толтырып алып, жұтып кеп 
қалғаным сол екен, бір керемет улы газ ӛңешімнен шеңгелдеп ала кеп түсті. 
Тынысым бітіп, қақалдым да қалдым. Кӛзімнен жасым ыршып кетті... Енді 
бір шақта кӛзім бұлдырап, жер-дүние тӛңкеріліп бара жатты. 
- Ойбай, тоқта! 
Аттан ауып түсіп, қылжия кеттім жол шетіне. Жүрегім лоблып, құса 
алмай, қиналып жатырмын. 
Менің бұл аянышты халіме жаны ашудың орнына, Сұлтан оңбаған мазақ 
етіп тұр: 
- Қайран Қара Кӛжем-ау, ажалыңнан үш күн бұрын ӛлетін болдың-ау. 
Миллат апайға не бетімді айтып барар екем? Тым құрса, жайлауға жетіп те 
ӛлмей, әуреге салатын болдың-ау. 
Міне, содан бері темекіні аузыма алмақ түгіл, иісі мұрныма келсе, зытып 
жӛнелемін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет