Бердібек соқПАҚбаев



Pdf көрінісі
бет8/28
Дата19.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#58165
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
СЕГІЗІНШІ ТАРАУДА 


23 
Sauap.org
Оқушы жаңа кейіпкер Дәулетпен танысады. 
Құла дӛненді желе аяңдатып отырып, түс ауа тау ішіне келіп кірдік. Бұл 
араның ауа райы мен жер келбеті тӛменгі жазыққа еш ұқсамайды. ЬІзың 
еткен шыбын жоқ, сап-салқын. Бет алдымыздағы тау ақтары жақтан 
қоңыржай самал жел есіп қоя берді. Құбылып жайқалған жасыл шалғын, гүл-
бәйшешек. 
Ат үстіндегі ұзақ жүріс мені шаршатайын деді. Ӛйткені атқа екі адам 
мінгескенде, артқысы кӛп түйгіштеледі екен. Сұлтан болатын болса, күнге 
күйген желкесі қып-қызыл болып, кепкасын кӛзіне түсіре киген күйі бүлк 
ететін емес. Масатыдай құлпырған жер келбетін кӛргенде, бұлақ 
жағасындағы кӛгалға менің рақаттанып аунай кеткім келді. 
- Сұлтан, осы араға ат шалдырып, демалып алсақ қайтеді? 
- Шаршадың ба? 
- Шӛлдеп кеттім. 
- Енді біраз жүрсек, малшылардың үйлері кездеседі. Қымызға жетіп, бір-
ақ демалайық, — деді Сұлтан. 
Айтқандай-ақ, келесі тұмсықты айнала бергенде, оң қол жағымыздағы 
беткейде бір киіз үй кӛрінді. Кӛне тартқан қараша туырлықтың үстіне аппақ 
жаңа түндік жабылған. Есік алдындағы ши сӛреде жас құрт жаюлы тұр. Үй 
маңы мал қиы, сарыала тепсең; ескі жұрт екені бесенеден белгілі. Әріректе 
желіде екі құлын байланыпты. Оның бірі кер құлын, таңы жарқырап, 
бауырын күнге қақтап, тыпыр етпестен серейіп жатыр. Қасындағы қаракер 
құлын жердей тың тыңдағандай басын тӛмен салып мүлгіпті де қалыпты. 
- Құдай тілегімізді берді, қымыз ішетін болдық, — деп Сұлтан ат басын 
солай қарай бұрды. 
Алдымыздан анталап үш ит үріп шықты. Үлкендігі танадай шұнақ 
құлақ, ақ тӛс қара тӛбет қарлыққан қалың дауыспен арс-арс етіп кеп, аттың 
тура басына секіре бастады. Ал екінші бір сұңғыла қара қаншық үйге 
жібермеймін дегендей құла дӛненнің құйрығынан тартқылап жүр. 
Сұлтекеңнің мінезі иттен де жаман. Қамшысын оңды-солды үйіріп, 
иттерді одан әрмен ӛшіктіріп, азан-қазан шулатқан бойда есік алдына бір-ақ 
келіп тоқтады. Сол кезде үйдің түсірулі тұрған есігін серпіп ашып, жасы он 
бір, он екі шамасында секпіл бет сары бала шыға келді. Басында 
шекарашылардың жасыл картузы. Кең болғандықтан, әлдеқандай олақ қол 
оның артын қабыстырып, қара жіппен баттитып кӛктеп қойған. 
Бӛгде біреу келіп, иттер абалап үргендегі баланың дағдылы қызметі осы 
болу керек, ол бізге назар аудармастан, дереу босағада жатқан ақ бақанға 
жармасты да, иттерді қуа бастады. 
- Кет! Кет, Алып соқ. Жат орныңа барып. 
Алып соқ тӛбет баланы дереу тыңдады. Шабандап, кӛмейінен қырқ-
қырқ барлатып сарқып үріп, бізге ала кӛзбен бұрылшақтай қарап, тайып 


24 
Sauap.org
отырды. Отан ілесіп ӛзге ит те жым болды. Бақан сүйреткен бала бізге 
назарын енді аударды. 
- Бұл кімнің үйі? — деп сұрады Сұлтан секпіл бет баладан ат үстінде 
тұрып. 
- Жұмағұлдың үйі. 
- Жұмағұл не істейді? 
- Қой бағады. 
- Кім бар үйде? 
- Ешкім жоқ. 
- Шешең қайда? 
- Ана белдің астындағы сиырлы ауылға кетті. 
- Қымыз бар ма? 
- Қымыз жоқ. Бағана кісілер кеп ішіп кеткен. 
- Түк қалдырмады ма? 
- Қалған жоқ, — деп күмілжіді бала. 
- Неге ӛтірік айтасың? Жүктің астында керегеге байлаулы тұрған бір мес 
қымызды қайда қоясың? 
- Оны саған кім айтты? 
- Жолда қой жайып жүрген Жұмекеңе кездесіп едік, сол айтты. «Жүктің 
астында бір мес қымыз байлаулы тұр. Содан тӛкпей-шашпай, бір-бір кеседен 
құйып ішіңдер» деді. — Сұлтан осыны айтты да, сыр берме деген ишарамен 
менің тіземді мытып қойды. 
Кӛнтек ерні таңырқай ашылған қалпы, секпіл бет таң-тамаша кейіпте 
тұрып қалды. Сұлтанның оспақ сӛзі шындықтың тӛбесінен түскен болу 
керек. Мынау соның байыбына бара алмай тұр. 
Секпіл беттің солқылдай бастағанын кӛрген Сұлтан: 
- Түсейік, — деп ат басын мама аташқа қарай бұрды. Түсіп, атты 
байладық та, үйге бет алдық. Секпіл бет әлгі орнынан тапжылмай, мыналар 
қайтеді дегендей, бізді кӛзімен бағып, кӛңіліндегі күдігін не айтпай, не 
Сұлтанның айтқанына сене алмай, дел-сал болып тұр. 
Үй іші ала кӛлеңкелеу, салқын екен. Сұлтан тап бір нағашысынікіне 
келгендей тӛр алдына сұлай кетті де, үй иесі кіргенге дейін жүктің астын 
ашып жіберіп, қарап та үлгерді. Тырсиған бір мес қымыз, шынында да, 
байлаулы тұр екен. 
Бізден сескенгендей табалдырықты әрең аттап секпіл бет кірді. 
Босағадан озбай, тұрып қалды. Жуа-жуа шираған қалпы болса керек, 
үстіндегі кӛк сәтен кӛйлектің етегі тылтиып қарнына шығып кеткен. Ышқыр 
мен екі аралықтан үрген доптай тырсиған тоқ қарынның бір шеті жылтырап 
кӛрінеді. 
- Ей, атың кім сенің? — деп сұрады Сұлтан. 
- Дәулет. 
- Атың әдемі екен. Дәулет деген тамаша ат. Менің ағайымның аты да 
Дәулет. 


25 
Sauap.org
Ағасы түгіл, Сұлтанның сайтаны да жоқ еді. Ӛтірігімді шығарма деп, 
менің санымды тағы шымшып қойды да, сӛйлей берді: 
- Дәулеті мол, дастарқанын бай, алақаны кең болсын деп қойған ғой. Ей, 
Дәулет, біз асығып отырмыз. Сен бізге бір-бір кеседен қымыз бер. 
- Апам ұрсады. Оны ауылға беріп жібереміз деген. 
- Нені? 
- Жүктің астындағы қымызды. 
- Жұмекең ӛзі айтты ғой, бір-бір кесе құйып ішіңдер деп. Әкел, кесе 
әкелші. 
- Апам ұрсады... 
- Ұрыспайды, біз саған ақша тӛлейміз. 
Сұлтан қалтасынан қобыратып бірнеше бір сомдық сары құлақтарды 
суырып алды. Дәулет шын ақша ма дегендей сүзіле қарап қалды. 
- Иә, тӛлейміз, — дедім мен Сұлтанды қоштап. Ашық ауыз Дәулетті 
алдап ішкеннен гӛрі адамшылыққа бұл бір табан жақын еді. 
- Апам кеп қалса, қайтем? 
Бұл Дәулеттің кӛнгені еді. 
- Келмейді, — деп, Сұлтан орнынан ұшып түрегелді. 
- Қай жақтан келуші еді. Мынау, — Сұлтан мені нұсқады, — киіздің 
жыртығынан бақылап тұрсын. Екеуіміз тездетіп құйып жіберейік. 
Дәулет қолын созды. 
- Әуелі ақша бер. 
- Мә, — деп, Сұлтекең Дәулетке бір сомды ұстата берді. 
- Мынауың жыртық, ескі ақша ғой. 
- Ендеше, мынаны ал, мә, — деп, Сұлтан оның қолындағыны 
шытырлаған су жаңа бір сомдыққа айырбастап берді. 
Ақшаның сиқыр күші Дәулеттің шырайын күрт ӛзгертті. Енді оның 
кӛзінде қуаныш ұшқыны тіріліп, бізге үйірсектеп қарай бастады. 
Сұлтекеңнің қимылына кӛз ілеспейді. Жүктің астыдағы месті дереу 
суырып алып, аузын шешіп жатыр. Дәулет ӛрешенің ішінен бұрын ішіне 
қымыз құйылған кішірек бір кӛк кастрӛлді алып шықты. 
- Кәне, тос. 
Сұлтекең cap еткізіп, орта кастрӛлден аса қымызды бір-ақ құя салды. 
- Кӛп боп кетті! — деп шыж ете қалды Дәулет. 
- Ештеңе етпейді. 
Месті Сұлтекең кӛз ілеспейтін шапшаңдықпен орнына қайта байлап 
қойды. Екеуіміз кастрӛлдегі қымызды кесемен кӛсіп алып, кезектесіп сіміре 
бастадық. 
Босаған кастрӛлді ӛреше ішіне апарып қойған соң, Дәулет: 
- Тағы бір сом бер, — деп қолын созды. 
- Не үшін? 
- Сендер екі кесе емес, кӛп іштіңдер ғой. 


26 
Sauap.org
- Ӛй, жолың болғыр, — деп кейіді Сұлтан, — біз оны ішейік деп іштік 
пе. Апаң кеп қалса, сені құртады екен деп, саған жанымыз ашыған соң іштік 
қой. Бекер ішкен екем. Қарнымды сыздатып кетті. 
Дәулет не дерін білмей, бедірейіп қалды. 
- Сен онан да бізге жейтін бірдеңе бер. Қымыз ішімізді ашыта бастады, 
— деді Сұлтан. 
Дәулет созған қолын енді ғана тартып алды. 
- Нан жейсіңдер ме? 
- Әкеле бер. Май бар ма? Оны да әкел. — Сұлтан Дәулетпен қабаттасып, 
ӛрешеге бірге кіріп кетті. — Мына біреу піскен омыртқа ма? 
Саудадан пайда тауып қалған Дәулет: 
- Тамаққа да ақша тӛлеңдер, — деп ескертті. 
Әлдекім шала мүжіп тастаған мойын омыртқаны қомағайлана тістелеп 
жатып: 
- Жарайды, тӛлейміз, — дейді Сұлтан. 
- Қазір тӛле. 
Сұлтан Дәулетке тағы бір сом берді. Бір-бір жапырақ нанға май жағып, 
соғып алдық. 
- Ал кеттік, — деді Сұлтан. 
Дәулет менің алдымды тосқауылдай қалды: 
- Бәкінің керегі жоқ па? 
- Кәне, қандай бәкі? — дедім мен. 
Дәулет қалтасынан бәкісін алып кӛрсетті. Темір сапты кішкентай 
арзанқол бәкі екен. Ұнатпадым. 
- Белбеу керек емес пе? 
- Қайсы? 
Дәулет жейдесін түріп жіберіп, сатпақ-сатпақ кір қарнын алдыма тосып, 
беліндегі белбеуін кӛрсетті. 
- Ӛзің қайтесің? Шалбарың түсіп кетпей ме? 
- Түспейді. Қайыспен байлап алам. 
Мен Дәулетті, неге екенін, аяп кеткендей болдым. Оның ең соңғы 
белбеуіне дейін тонап әкету оңбағандық болар еді. 
- Керегі жоқ, қош бол. 
Дәулет амалсыз қоштасқандай ыңғай танытты: 
- Қош болыңдар. 
Дереу атқа қондық та, үш итті улатып-шулатып жӛнеле бердік. Ақтӛс 
тӛбет аттың омырауына шапшып, сұңғыла қара қаншық құйрығынан 
тартқылап, иттік мінездерін тағы кӛрсете бастады. Сұлтекең қара тӛбетті 
қамшымен тұмсыққа бір тартуға құштар болып, бастырмалатып келеді. Бірақ 
әккі тӛбеттің оңайлықпен ұрғыза қоятын түрі жоқ. Қамшының ұшы жетер-
жетпес жерден арс-арс етіп, ӛршеленіп, қалмай келе жатыр. Мен артыма 
бұрылып қарасам, кӛкжасыл кепкасы қалқиып, жейдесінің етегі ӛрге қарай 
таңқия түсіп, Дәулет сәудегер үй сыртында бізді кӛзімен ұзатып әлі қарап тұр 
екен. 


27 
Sauap.org


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет