71
Sauap.org
- Тағы кімнің сӛйлегісі келеді?
- Мен. — Қол кӛтерген Жантас еді.
Жантас орнынан түрегеле беріп, сампылдай жӛнелді:
- Қадыровты оқудан шығару керек. Ол уәдесін бергенмен, орындамайды,
былтыр да талай рет уәде берген, Майқанова апайды шошытып, ӛлтіріп қоя
жаздады... Ол... ол... қыздарға хат жазады...
Соңғы сӛз менің жүрегімді қақ айырып тіліп түскендей болды. Бүкіл
класс мені жаңа кӛргендей аңтарыла маған қарап қалыпты. Не істерімді
білместен дуылдап, ӛртеніп бара жатырмын.
- Қай қызға хат жазды? — деп сұрады Майқанова.
- Білмеймін... Басына «Ж» деген әріп қойып, «екеуіміз Қозы Кӛрпеш пен
Баян сұлудай болайық» деп жазып отырған.
Мен есімді жинап:
- Ӛтірік! — деп дауыстап жібердім.
- Ӛтірік емей-ақ, рас. Әнеугүні сабақ үстінде, партаның астына жасырып
жазып отырғансың.
- Ӛтірік!
Мен Жанарға жазған хатымның бірін Жантас қу қолына түсіріп алған
екен ғой деп шошып едім. Олай болмағанға «уһ» деп, ӛзіме ӛзім келгендей
болдым. Жанар жаққа кӛз тастап едім, оның жүзін байқай алмадым,
маңдайын қос қолдап таянған қалпы тӛмен қарап отыр. Абиыр болғанда, хат
жайына ешкім мән бермеді. Сірә, ӛсекші Жантастың тағы бір зу еткізгені деп
ойлап қалса керек.
- Тағы кім сӛйлейді? — деді Майқанова.
Басқа сӛйлеуші болмады.
Ақыры мәселе дауысқа салынды.
- Бірінші ұсыныс: Қадыров мектептен шығарылмасын, ең соңғы қатты
сӛгіс беріліп, қалдырылсын!
Кӛпшілік.
- Екінші ұсыныс: Қадыров мектептен шығарылсын!
Бір ғана адам қол кӛтерді, ол — Жантас.
Достарыңызбен бөлісу: