Музыканың әуен ойнап тұрады. Ортаға«Жемістер» ханшайымы келеді. -Сәлеметсіздер ме, мен Жемістер ханшайымы боламын,маған Сұңқар тобының балалары хат жазып жіберіпті. Осы балабақшада күз мерекесін тойлап жатыр екен.Мекен жайды дұрыс таптым ба?
-Сәлем балалар қалдарың қалай ?Мен әжеме жеміс –жидектер алып бара жатыр едім сендердің жазған хаттарыңды алдым ,жол-жөнекей кіріп шығуды жөн көрдім .Ендеше біраз демалып алайын .
Балалар ханшайымға сусын беріп төрге шықырады.
-Хош келдің Жемістер ханшайымы.біздің топта мың бұрала билеген бишілер де ,өлең жолдарын айтатын өнерлі ,сыңғырлата ән салатын әншілер де бар .Ендеше балаларымыз өлең жолдарын тарту етсін.
Ерінбестен еңбек етіп келетін
Еңбекшіге бар жімісін беретін,
Мен мырза күз ынтымақты еліне.
Берекелі ырыс болып енетін.
Аңсар
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Амина Алтын,сары,қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақтар күлімдеп
Көз тартады жалтырап
Нұрислам
Еңбек қызып қырларда
Бидай толды қырманға
Алтын таулар секілді
Сап-сары боп тұрғанда
Айзере
Біреу астық түсіріп
Біреу бидай ұшырып
Жатқан мезгіл күз екен
Алдым соны түсініп
Заңғар
Ой,балалар,балалар
Қоңырқай күз болыпты
Қурап жапырақ солыпты
Ел егінін орыпты
Ой,балалар, балалар
Ойналық та күлелік
Енді оқуға кірелік.
Батыл
Күз келді,сары күз келді
Тау ызғарлы түз желді
Тыраулатып аспанда
Тырналарын тізді енді
Зере Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
«Жемістер» ханшайымы: Қазір біз сендермен «Күз белгісі неде?» деген ойын ойнаймыз.Мен күз мезгіліне байланысты сөздер айтамын, сендер аяқтайсыңдар.
-Күз мезгілінде неше ай бар,оларды атап бер
-Ауа –райында қандай өзгерістер болады
-неліктен күз мезгілін берекелі деп айтады
-Жарайсыңдар балалар ,ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын.
-Күзде жапырақтар ………….(сарғаяды).
-Күзде күн …………………(суып, жаңбыр жауады).
-Күзде құстар …………….(жылы жаққа ұшып кетеді).
-Күзде жемістер мен көкөністер………….(піседі).