Берілістер деп қуат пен қозғалысты белгілі бір қашықтыққа беру үшін қолданылатын жабдықтарды айтады. Олар көбінесе машиналардың двигателі мен жұмыс атқарушы тетіктерінің аралығында қолданылады



бет4/4
Дата06.04.2023
өлшемі0,54 Mb.
#79965
1   2   3   4
Байланысты:
берілістер

Шынжырлы берілістер соңғы кезде машина жасау өнеркәсібінде кеңінен қолданылып келеді, қазірдің өзінде біздің елде жылына 230 миллион метрге жуық шынжыр мен 50 миллинға жуық жұлдызшалар жасалынса, оның орта есеппен 80%-ті ауыл шаруашылық машиналарында пайдаланылады. Тек қана бір комбайнда, мысалы, «Нива»-да 14 шынжырлы беріліс кездеседі, ал оларды қазір Ростсельмаш заводы жылына 100 мыңнан аса шығаруда. Сондай-ақ, шынжырлы берілістер транспорттық машиналарда да кеңінен таралған. Жеңіл автомобильдерде қолданылатын шынжырлы берілістер минутына 600-дай айналу жылдамдығын беріп көптеген жылдар жұмыс істейді.
Шынжырлы беріліс жетекші және жетектегі жұлдызшалардан және оларды қамтитын шынжырлардан тұрады.



1 сурет. Шынжырлы беріліс: а) роликті шынжырмен; б) тісті шынжырмен




Шынжырлы берілістердің артықшылықтары: тісті берілістерге қарағанда, шынжырлы беріліс қозғалыс пен қуатты алыс қашықтықтарға бере алады; белдікті беріліспен салыстырғанда шынжырлы берілістердің көлемі аз болады (бірдей қуатты беру үшін); қозғалыспен күшті бірден бірнеше жұлдызшаларға бере алады; пайдалы әсер коэффициенті жоғары; шынжырды оңай және тез ауыстыруға болады; шынжырлар алдын ала тартуды қажет етпейді, сондықтан біліктерге аз күш түседі.
Кемшіліктері: жұмыс кезінде топсалардың тозуынан шынжыр қадамы ұлғаяды және осы топсаларды майлау қиын; белдікті беріліске қарағанда бұл беріліс, біліктерді жоғары дәлділікпен орнатуды қажет етеді; шынжыр қозғалысының жылдамдығы тұрақсыз, осыған байланысты онда айнымалы күштер пайда болады.
Шынжырлы берілістер әсіресе ауыл шаруашылық, транспорт машиналарында, жүк көтергіш машиналарда жиі қолданылады.
Қорытынды

«Техникалық механика» пәні арнайы пәндерді оқытуға негіз болып табылады және кейіннен өндірісте түрлі құрылғыларды игеруге және оларды жетілдіруге көмектеседі.


2005 жылғы 18 ақпанда Президентіміз Н.Ә. Назарбаев халқымызға арнаған Жолдауында: «Өзіміз зәру болып жүрген, әрі кадрларды сырттан шақыруға мәжбүр етіп отырған техникалық мамандарды бірінші кезекте дамыту керек деп санаймын. ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғарғы технологиялық ғылым өндірістері үшін мамандар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз. Демек, барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған шаралар қолдануымыз шарт», - деген болатын. Еліміздің экономикасы қарыштап даму жағдайында білім беру мен кәсіптік кадрлар дайындау әлеуметтік пен экономикалық маңызға ие болады. Қазақстан Республика Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің алтыншы міндеті – осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идея мен көзқарастарды пайдалану инновациялық экономиканы дамыту екенін баса айтты.
«Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтеру болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиістіміз», - деп оқу орындарында үлкен талап қойып отыр.
Уақыт үрдісі қай пәннің болсын оқыту әдістемесін ізденімпаздықпен үнемі жетілдіріп отыруды талап ететіні сөзсіз. Жаңа әдістермен қатар, жаңартылып қолданылатын, уақыт елегінен өткен оқыту тәсілдерінің де тиімді екені әлдеқашан дәлелденген. Шебер оқытушы өз тәжірибесінде осы әдіс-тәсілдердің әрқайсысын ұтымды үлестіре алады.
Техникалық механика пәнінің оқытылуына тура шешу әдісін пайдалану, теориялық білімді жүйелеуге және реттеуге себеп болады. Әр өтілетін жаңа сабақта, өтілген және өтілетін материал арасын үнемі жалғастыру арқылы, оқушылардың алған білімдерін жүйелеуге, кеңейтуге және тереңдетуге, нақты жағдайларда шығармашылықпен қолдана білуді үйрету керек.
Бүгінгі өмірімізде халық шаруашылығының қандай да бір саласына көз салсақ, онда көптеген инженерлік мамандықтарды кездестіреміз. Олар инженер конструктор, механик, электрик, технолог, кенші, металлург, геолог және т.б. болып жалғаса береді. Осы мамандардың бір тобы заманымыздың талабына сай құдыреті күшті жаңа машиналар мен аспаптар, механизмдер мен автоматтандырылған жүйелер немесе роботтар конструкциясын жасаса, басқалары оларды мамандығына байланысты өз өнеркәсіп салаларында тиімді пайдаланып, жаңа өнімді технология түрлерін ашып, адамзаттың өмір сүруін жеңілдетіп, хал-жағдайы мен тұрмысын жақсартуға ат салысады. Ал енді осы мамандықтарды толық игеріп «инженер» деген атақ алу үшін тек қана классикалық математиканы, физиканы, механиканы біліп қоймай, олардың заңдарын, әдістерін күнделікті жұмыста қолдана білулері қажет.
Өзімізше жаңа бір машина, аспап не механизм, әлдебір құрылыс конструкциясын жасасақ немесе бір технология түрін қарастырсақ, онда олардың ішкі құрылысында, конструкциясында болатын ерекшеліктерді, құбылыстарды біліп, «Машина бөлшектері» тарауынан алған білімімізді осы мәселелерді шешуге пайдалануымыз қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет