Бәріміз бауырсақ ертегісін жақсы білеміз! Ертегі бойынша бауырсақ қашып кетеді.
Бір күні кемпір бауырсағын пісіріп, дала шығарып, кейін келіп қараса, бауырсақ қашпаған! Неге? кемпір қандай амал қолданды?
(бауырсақты төртбұрышты етіп пісірген)
Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не?
/әріп/
Қай жерде жексенбі сенбіден бұрын
келеді?
(Сөздікте)
Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана
отырып, сөйлемдер құрастырып жазыңыздар. Сөйлемдеріңіз өзара
мағыналық байланыста болсын.
Үлгі: Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі – сәулет өнерінің ерек-
ше үлгісінде салынған көне ғимарат. Әлемдік, негізгі, сәулет, ерекше маңызы бар, мәдени мұра, табиғи әдемі, феномен, критерийлер, әлемдік мұра комитеті, экологиялық мәселе, алты шарт, ескерткіштер, тізіміне енген, қорғау, үміткер, нысандар.
Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана
отырып, сөйлемдер құрастырып жазыңыздар. Сөйлемдеріңіз өзара
мағыналық байланыста болсын.
Үлгі: Қазақ ауылында бір отбасының қолынан келмейтін күрделі, көлемді жұмыстарды атқару үшін бірнеше ауылдың адамдары асарға шақырылады.
Асар, қазақ, халық, жұмыс, адамдар, көмек, бір-біріне, салт-дәстүр, ата-баба, мұра, сақтау, дәстүр жалғастығы.
Бастаңғы деген не?
Бастаңғы — қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде ауылдың қыз-келіншектері сол үйге жиналып, Бастаңғы жасалады.“Қызға қырық үйден тыйым” деген берік қағиданы ұстанған қазақ қыздары, әдетте, мұндай басқосуға жеңгелерімен немесе іні-қарындастарымен бірге келетін болған. Кейде жиын қызықты өтуі үшін сал-сері бозбалалар да шақырылған. Бастаңғыға жиналған қыздар үйлерінен құрт-май, қант-шайларын өздері әкеліп, ортақ дастархан жайған.
Атаукере ұғымына анықтама беріңіз
Атаукере - ғұрыптық ас, ауру меңдетіп, ажал төнген, дүниеден озуға жақындаған адамның ең соңғы жеген асы. Қазақстанның шығыс аймақтарында атаукере деп айтылылса, ал басқа өңірлерде атау, атау суы немесе кере деген балама атаулары да бар. Бұл адамның жантәсілім етep алдында «бой жасау» деп аталатын азғана бір сәтке сергіген кезінде арыздасып, бақұлдасқан соң атаукере шартты түрде аталған дәм, сусын беру атқарылған. Мұндай астың арналу мәнін, дайындалуын анықтаудың сәті түспеді. Ең жақын туысы «Қолымнан татқан ең соңғы дәмің болсын», - деп, көбінесе су немесе сұйық тағам тамызады.
Қасаба деген не?
Қасаба – қымбат матадан тігілетін қыздардың бас киімі.
Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?
Жоғары қарай.
Достарыңызбен бөлісу: |