Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізінде жасалған. Онда ұлтымыздың жаңа тарихи даму кезеңінің негізгі мақсаттары көрсетілген, атап айтқанда: рухани және мәдени құндылықтарымызды сақтау және ұлғайту, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену. Осы мақсаттарға жету жолына бағытталған жобалар бағдарламада толық көрсетілген.
Алдымен мақалада ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы сөз қозғайды.Тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытына жеке-жеке тоқталады. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Елбасы жаңғырудың алты бағытын белгілейді:
Бәсекелестік бағыт;
Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;
Сананың ашықтығы.
Аталмыш бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақты жауап береді. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат.
Мақаланың «Таяу жылдардағы міндеттер» деп аталатын екінші бөлімінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді. Осыған байланысты, мен алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынамын. Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» - деген еді. Осы тұста қазақ әліпбиінің тамыры терең екенін,яғни ерте орта ғасыр кезеңі - VI-VII ғасырлар бастау алатынын айта кетеді.Осы міндетті 2017 жылдың аяғына дейін, ғалымдардың көмегімен, қазақ әліпбиінің жаңа графикасын қабылдауымыз қажет екендігін және 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді оқытатын мамандар мен орта мектептерге арналған жаңа оқулықтарды дайынау қажеттігін,сонымен қатар ұйымдастыру мен әдістемелік жұмыстар жүргізілу тиіс екендігін дайта кеткен. «Екіншіден, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға аламыз» - Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев деп екінші міндетті атап көрсетті.Бұл міндеттің мәні тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасау, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажет және алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алу,сондай-ақ қазіргі аудармамен айналысатын құрылымдар негізінде мемлекеттік емес Ұлттық аударма бюросын құру болып табылады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы үш мәселені шешуге бағытталған.Бұл мәселелер мынадай:
1. Ақылымен, қолымен, дарынымен заманауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адамдарды қоғамға таныту.
2. Оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал етудің жаңа мультимедиалық алаңын қалыптастыру.
3. «100 жаңа есім» жобасының өңірлік нұсқасын жасау. Ел-жұрт ұлтымыздың алтын қорына енетін тұлғаларды білуге тиіс.
Қорытындылай келе, Елбасы өз мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтты. Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету.Бәсеке болған жерде әрбір тұлға өзінің ең сапалы қызмет түрін ұсынады. Білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық идеологиясы темірқазығына айналған табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз. Ең бастысы – бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын.