«Бескөл №14 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 021-2022 оқу жылына арналған педагог- психологтың үйден оқылатын сынып оқушысы Лияс Шұғыламен өткізілетін «Әлеуметтік –тұрмыстық бағдарлау»



бет1/4
Дата31.12.2021
өлшемі27,83 Kb.
#22270
  1   2   3   4
Байланысты:
шұғыла Әлеуметтік-тұр күнтізбелік


Бекітемін Келісемін

Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі

_____С.А. Ермуханов _____А.С.Акипова

« » 2021жыл « » _________




«Бескөл № 14 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2021-2022 оқу жылына арналған педагог- психологтың үйден оқылатын 5 сынып оқушысы Лияс Шұғыламен өткізілетін «Әлеуметтік –тұрмыстық бағдарлау» пәнінен күнтізбелік- тақырыптық жоспары

Педагог- психолог Г.А. Есенгельдинова

Түсінік хат

Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген.

Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына 101-қосымша


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына319-қосымша.

Күнтізбелік тақырыптық жоспар Қ/Р Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 қаоашадағы №592 бұйрығына 1 қосымша, Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына 3-6 қосымшамен бекітілген арнайы оқу бағдарламалар бойынша оқытатын бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 ақпанындағы №51 бұйрығына 17 қосымша.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына 562 қосымша бұйрығы негізінде құрылған.

  1. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған 5-9 сыныптары үшін «Әлеуметтік – тұрмыстық бағдарлау» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген. Күнтізбелік тақырыптық жоспар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі №453 бұйрығына 4 қосымша,Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына 3-6 қосымшамен бекітілген.

2. Оқу бағдарламасы білім алушылардың танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады.

      3. Оқу бағдарламасы оқыту процесін білім алушылардың пән салалары бойынша қолжетімді білім мен икемділіктерді меңгеру үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу әрекетінің тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін, әлеуметтік-мәдени кеңістікте бағдарлау икемділігін барынша дамытуға бағыттайды.

      4. Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерімен үйлесімді сабақтасқан. Оқытудағы тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады.

      5. Құндылыққа, іс-әрекетке, тұлғаға бағдарлық коммуникативтік тәсілдер білім берудің классикалық негізі ретінде оқыту мақсаттарының жүйесі мен білім беру процесі нәтижелерінің басымдылығын арттыру үшін қолданылып, оқу бағдарламасының жаңа құрылымында көрініс тапты.

      6. Қазіргі кезеңде білім алушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және мұғалімнің серіктес, кеңесші ретінде қолдауы болған кезде білім алушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.

      7. Тұлғалық-бағдарлық білім беруді күшейту білім беру процесінде барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интербелсенді әдістерін қолдану кезінде мүмкін болады.

      8. Оқу процесін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдері оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін білім алушының шынайы шығармашылық процесіндегі қарым-қатынас үлгісіне айналдырады.

      9. Белгілі бір пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан білім алушының белсенділігін дамытуға бағдарлайды. Осы пәннің оқыту мақсаттарына жету аясында жүзеге асырылатын оқу және тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.

      10. Оқу бағдарламасында мұғалім білім алушыларды оқытудың жеке бағдарламасын құруда басшылыққа алатын және оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі қалыптастырылған. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаның мазмұны ұсыным түрінде болады, педагог сыныптағы әрбір білім алушының мүмкіндігі мен оның білім алудағы ерекше қажеттіліктеріне сәйкес бағдарламаның мазмұны мен оқыту қарқынына кез-келген өзгерістерді ендіруге құқылы.

      11. Белгілі бір пән бойынша күнделікті білім беру процесінің мазмұны жеке білім беру мақсаттарына бағынады және әрбір білім алушының сыныптағы және мектептегі ұжымдық әрекеттерге қатысу мүмкіндігін есепке алады.



      12. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқыту кең мағынада қабылданады және ол мүмкіндіктің біршама қоры байқалатын пәндік білімді қалыптастыру ғана емес, сондай-ақ осы санаттағы білім алушылар үшін маңыздырақ болатын өмірлік дағдыларды қалыптастыруға да қатысты болады. . Міндеттері: 1) білім алушылардың тұрмыстық еңбектік дағдыларын қалыптастыру: жеке гигиеналық, тағам қабылдауды ұйымдастыру, үй- жай, киім, аяқ киім күтімі; 2) экономикалық–тұрмыстық дағдысын қалыптастыру (қоршаған заттарға, өз киіміне, аяқ киіміне, азық-түлікке және тағам әзірлеуге, электрлік құралдарға, суға ұқыптылықпен қарау); 3) білім алуышыларды әртүрлі кәсіпорындар мен мекемелерде бағдарлауға (сауда, тұрмыстық қызмет, байланыс, мәдениет, медициналық көмек), ондағы қызмет түрлерін пайдалана білудің қарапайым дағдыларын үйрету;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет